Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

2.5.4. Вирустың жасушамен өзара әрекеттесуі

Иесінің жасушасымен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте күрделі процесс (1-сызбанұсқа). Осындай әрекеттесудің нәтижесінде өнімді, абортивті және интегративті инфекциялардың біреуі дамиды ( 13-cурет).

1-сызбанұсқа. Вирустардың тіршілік стратегиясы

Жедел инфекциялар

(грипп вирустары)

Созылмалы инфекциялар

(ұшық вирустары)

Иесіне жұғу

Иесіне жұғу

Инфицирленген жасушаның геномына тіркелеуі

Инфицирленген жасушалардың репликациялануыыы және өлуі

Иммундық

жауаптың түзілуі

Иммундық жауаптың басылып қалуы қалуы тастауы

Кейбір кезде белсенділігінің күшеюі

Жаңаиесіне жұғу(иммунитетпен шектеледі)

Инфицирленген жасушалардың өлуі

Латентті түрге айналуы

Персистенциялану

Жаңа иеге жұғуы (иммунитетпен

шектелмейді)

Вирустардың репродукциялануы. Вирустардың репродукциялану (лат. reproduce - өзіне ұқсасты өндіру) циклы келесі сатылардан тұрады: 1) жасушаға жабысу(адсорбция); 2) жасушаға ену; 3) шешіну; 4) вирустық ДНК немесе РНК-ң репликациялануы; 5) вирустық геномның транскрипциялануы; 6) вирустық ақпараттың (матрицалық) РНК-ң транслокациялануы; 7) вирустық бөлшектердің (вирионның) құрастырылуы; 8) вирустың жасушадан шығуы. Алғашқы үш этапын біріктіріп «репродукцияланудың ерте стадиялары» деп атайды. Бұл стадиялар кезінде вирустық генетикалық материал жасушаның тиісті бөлімдерінде экпрессиялануға дайындалуы керек, өйткені жасушадан тыс вирионның геномы қорғаныс қабықшамен қоршалған, осындай күйде ол белсенді емес. Оны белсендіру үшін қабықшасын жойып,нуклеин қышқылын босату керек. Бұл стадияларды репродукцияланудың экслипс-фазасы, яғни вирионның жоғалып кету стадиясы деп атаған. Өйткені ол кезде болатын процестер белгісіз болатын.

Адсорбция (жасушаға жабысу). Адсорбция – ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, яғни бұл кезде вирион жасушалық беткейлерге жабысады, әрбір вирус жасушаларының бәріне емес, кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі. Ол кейбір вирустардың ақуызында «вирустық рецепторлар»деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар «тіркеуші» деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады. Әдетте, бұл функция көбінесе гликопротеин болып табылатын капсидтің беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады. Осындай беткейлік ақуыздар вирионның сыртқы жағында ерекше құрылымдарды қалыптастыра алады: аденовирустарда – фибриллалар, пара- және ортомиксовирустарда – гемагглютинин тікенекшелері,тоговирустарда – икосаэдр типтес торшалар және т.б. Вирустар тиімді адсорбциялану үшін жасушалар беткейіндегі тиісті құрылымдармен, яғни жасушалық рецепторлармен спецификалық реакцияға түсуі керек. Жасушалық рецепторлар - жасушаларға вирус молекуласын таныстыру және оның ішіне тасымалдау мақсатында өзара әрекеттесуге қатысатын табиғи ақуыздық молекулалар. Жасуша беткейлері бірқатар иондар мен макромолекулаларды тасымалдауға қажетті көптеген рецепторлармен жабылған. Олардың саны бір жасушаға шаққанда 104-ден 105-ге дейін болады. Вирустар оларды өзінің мақсатында пайдалануға бейімделген, жасуша беткейлерінде әрбір вирустың өзіне сәйкес рецепторлары болады (2.3.-кесте).

Кесте 2.3.