Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

9.2. Адамның иммундық жүйесі

Организмнің ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын және де оның биологиялық, түрлік ерекшелігін сақтауды бақылау үшін адам ағзасында иммундық жүйе бар. Бұл өте көне жүйе. Иммундық жүйе жұмысының бастыларына «өзіңдік – бөгделікті» тану, үнемі айналымда жүруі, қайталап жаңартылуы және де жасушалық элементтерінің тұрақты қарым-қатынаста болуы жатады.

9.2.1. Иммундық жүйенің құрлымдық және функционалдық элементтері

Иммундық жүйе дегеніміз, ол мамандалынған және жекеленген анатомиялық лимфоидтық тін. Ол әр түрлі лимфоидтық құрама, не жеке жасуша ретінде бүкіл организмге жайылған. Оның қосынды салмағы бүкіл дененің 1-2 пайызы болады. Анатомиялық құрылысы мен атқаратын ісіне сәйкес, ол орталық және шеттік органдарға бөлінеді. Орталық органдарға жілік майы және айырша безі, ал перифериялық органдарға лимфа түйіншектері, лимфа тіннің жинағы, көк бауыр, бауыр, қан және лимфа жатады.

Атқаратын ісіне сәйкес иммундық жүйе төменгідей органдарға бөліненді.

  1. иммундық жүйенің жасушаларын қайталап өндіру және сұрыптау (жілік майы, айырша без);

  2. қоршаған ортаны, не болмаса сырттан кірушілікті бақылау (терінің және шырышты қабықшаның лимфоидтық жүйесі);

  3. ішкі ортаның генетикалық бірқалыптылығын бақылау (көк бауыр, лимфа түйіншектері, бауыр, қан, лимфа).

Иммундық жүйенің іс атқаратын басты жасушасы лимфоциттер. Олардың ағзадағы саны 1012 дейін жетеді. Лимфоциттерден басқа лимфоидтық тіннің іс атқаратын жасушаларына мононуклеарлық және дәнді лейкоциттер, тін базофильдері, дендритті жасушалар жатады. Жасушалардың кейбір бөлігі иммундық жүйе органдарында шоғырланған, басқа бөліктері бүкіл организмде ерікті айналымда болады.

Иммундық жүйенің органдары 6-сызбанұсқада көрсетілген.

9.2.1.1. Иммундық жүйенің орталық органдары.

Иммундық жүйенің орталық органдарына жілік майы мен айырша без жатады. Олар иммундық жүйенің жасушаларын үнемі өндірушісі және сұрыптаушысы болады. Аталған органдарда лимфопоэз, яғни лимфоциттердің пайда болуы, өсіп көбеюі олардың ең алғашқы пайда болған бастаушы немесе бейиммунды жасушаға айналуы, және де олардың «үйрену» жұмыстары өтеді. Адам денесінің ішінде олар органдар ортасында орналасқан тәрізді. Құстарда иммундық жүйенің орталық органына клоакаға жуық орналасқан «Фабрициус қоржыны» (bursa Fabricii)жатады. Бұл органда лимфоциттердің жоғарыда айтылғандай жетілуі өтіп антидене түзетін В-лимфоциттерге айналады. Сүтқоректі жануарларда мұндай құрылым жоқ, сондықтан оның жұмысын жілік майы толығынан атқарады. Соған қарамастан В-лимфоциттер деген дәстүрлі ат сақталып қалды.

Жілік майы сүйектің кемікті затында болады. Жілік майында жан-жақты мүмкіншілігі бар, қан мен иммундық жасушалардың негізін құрушы иммундыкомпонентті жасушалар болады. Жілік майының жүйелі жасушалары негізінде В-лимфоциттер өсіп-өніп, жетіліп- жіктеліп бүкіл организмге қан арқылы тарайды. Сонымен қатар, жілік майындағы жүйелі жасушалар айырша безге көшіп Т –лимфоциттердің негізін салушы жасушаларға айналады.

Фагоциттер мен кейбір дендритті жасушалар да жілік майында құрылады және де сол ортада плазматикалық жасушаларды да табуға болады. Олар В-лимфоциттердің жетіліп жіктелуінің сонғы мезгілінде пайда болып , соңынан жілік майына қайта оралады.

Айырша без, тимус, не жемсау безі төс қуысының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Бұл органның морфогенез жолы ерекше. Айырша без нәрестенің жатырда жатқан кезінде құрала бастайды. Нәресте дүниеге келер кез жуықтағанда оның салмағы 10-15 г., ал баланың бес жасқа толар кезінде толық кемеліне келеді, бірақ ең жоғарғы салмағына (30-40 г) 10-12 жастың арасында жетеді. Жасөспірімнің жыныстық өзгерістігі аяқталғаннан кейін айырша без керісінше дамып солый бастайды, оның лимфоидтық тіні майлы, немесе дәнекер тініне айналады.

Айырша без бөлшектенген үлестен тұрады. Оның құрамына ұлпалық және қыртыстық қабат кіреді. Қыртыстық қабатта «күтуші–жасушалар» деп аталатын эпителиалдық жасушаның тобы орналасқан. Олардың талшықтары тор құрып оны «пісуіне» жуықтаған лимфоциттер жайлайды. Ұлпалық қабаттың торында ұлпаның эпителиялық жасушалары орналасады, ал екі қабаттың арасында дентритті жасушаларды табуға болады.

Жілік майындағы жүйкелі жасушадан құрылған Т-лимфоциттердің негізін салушы жасушалар, айырша бездің қыртысты қабығына ауысады. Сол жерде олар айырша бездің биохимиялық факторларының әсерінен шапшаң өсіп-өніп, жетілген Т-лимфоциттерге айналып бөгде антигендердің эпитоптарын ажырату мүмкіншілігіне ие болады. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады, белгілі уақыт пен белгілі жерде жүріп «оң» және «теріс» сұрыптану арқылы өтеді.. Т-лимфоциттердің антигенді тану дәрежесінң сапасы мен өмір сүру уақытының ұзақтығы «оқығандығының» көрсеткіші болып табылады. «Оң» сұрыптану эпителиалдық жасушалардың көмегімен қыртыс қабатында өтеді. Оның мәні өзінің құрлысындағы олигопептидтердің ерекшілігіне қарамастан рецепторлары эпителиялық жасушаларының бетіндегі МНС пен тиімді байланысу және Т-лимфоциттердің клондарын демеу. Антигенмен кездесудің нәтижесінде белсендірілген жасушалар (Т-лимфоциттер) қыртыстық эппителиоциттерден тіршілікті сақтап өсіп-өнуге хабар алады, ал өмір сүре алмайтын, не жауап бере алмайтын жасушалар құрып кетеді. «Теріс» селекцияны қыртыс-ұлпалық шекаралық аймақта орналасқан дендритті жасушалар атқарады. Оның басты мақсаты Т-лимфоциттердің аутореактивті клондарын сұрыптап шеттету, ондай жасушалар апоптоз үдеуі арқылы жойылады. Айырша бездің селекциялық жұмысының нәтижесі өте ауыр, өйткені Т-лимфоциттердің 99 пайызы сынға шыдамай жойылып қалады. Олардың тек қана 1 пайызына жуық мөлшері МНС-пен ұқсастығы бар бөтен биополирлермен кешенді түрде тани алатын жетілген иммунды емес жасушаға айналады. Тәулік сайын «оқытылған» 106 миллионнан астам лимфоциттер айырша безден қан мен лимфаға түсіп, басқа тін мен органдарға тарайды.

Иммунды қорғаныс құрылуына Т-лимфоциттердің жетілуі мен «оқытылуы» өте маңызды. Мысалы, айырша без толық жетілмесе, не жасушаларының керекті саны толық болмаса, ол иммундық қорғаныс дәрежесінің күрт төмендеуіне себепкер болады. Бұндай көрніс айырша бездің іштен туған ақаулығында (аплазия, не гипоплазия), бала кезінде хирургиялық жолмен алынып тасталынғанда, не балалық шақта радиациялық зақымдауға шалдыққанда байқалады. Дегенмен, ересек адамда жасалған тимэктомия иммунитетке айтарлықтай әсер етпейді.