Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

10.4. Гиперсезімталдық реакциялары

Кейбір жағдайларда антиген организге еңген кезде иммунологиялық толеранттыққа керісінше, патологиялық процестарге ұқсас сипаты бар, қалыпты жағдайда кездеспейтін гиперсезімталдық реакция пайда болуына себепкер болады. Пайда болу негзінде табиғи өзгерістер жатқан бұл әдеттен тыс жауап аллергия ( грек тілінен- allos- басқаша, өзгеше және ergon- қыймыл ) деген атқа ие болды. Аллергия процестерін ілімнің жеке тарабы – аллергология зерттейді. Жоғарыда айтылғанға сәйкес аллергия тудыратын антигендер аллергендер деп аталды.

«Аллергия» деген түсінікті тәжірибеге алғаш рет кіргізген француз ғалымы К Пирке болатын (1906). Ол аллергияны антигеннің кайталап еңгеніне байланысты организмнің өзгерген жауабы деп түсініп оның қатарына гипер- және гипосезімталдықты жатқызған.

Қазіргі заманның түсінігі бойынша аллергия дегеніміз макроорганизмнің антигенмен (аллергенмен) қайталап кездесуінің нәтижесінде пайда болған калыптан тыс спецификалық иммундық жауап(10.2-кесте).

Кесте 10.2.

ЖГС пен БГС –тың қасиеттері (Кук бойынша, 1947ж.)

Көресеткіш

ЖГС

БГС

Жауаптың даму уақыты

20-30 мин. төмен

6-8 сағаттан артық

Индукциялау факторы

Антидене

Т-лимфоциттер

Сау ағзаға тасымалдаушы

Енжарлы(антиденелермен) және

адоптивті (иммундыкомпетентті жасушалармен)

Адоптивті (иммундыкомпетентті жасушалармен)

Десенсибилизация

Мүмкін

Мүмкіншілік жоқ

Макроорганизмде аллергиялық процесс құрылу үшін ол аллергенмен ертерек кездесіп, сол аллергенге сенсибилизациялануы, немесе аллергизациялануы керек. Аллергеннің сенсибилизациялау өлшемі өте шамалы ( мысалы, теңіз шошқасын сенсибилизациялау үшін жылқының сарсуының 0,000001 мл. керек), Ол өлшем сенсибилизациялау өлшемі делінеді. Белгілі уақыт өткеннен кейін аллергенді қайталап еңгізсе аллергиялық жауап туады. Аллергеннің аллергия туғызатын өлшемін- шешуші өлшем дейді.

Аллергиялық жауаптың пайда болуы механизімінде үш саты анықталған: иммунологиялық, патохимиялық және патофизиологиялық.. Иммунологиялық сатынынң барысында аллергенге қарсы сезімтал жасушалар, спецификалық антиденелер және де иммундық комплекстер құрылады. Патохимиялық сатыда аллергиялық жауаптың механизімінде негізгі рөл атқаратын қабынудың медиаторлары, биологиялық белсенді аминдер құрылады. Патофизиологиялық сатының барсында аллергиялық жауаптың клиникалық көрнісі пайда болады. Аллергияның клиникалық көрнісінің түрі көп (10.3-кесте).

Кесте 10.3.

Аллергиялық реакциялардың патогензіне негізделген классификациясы ( Джелл және Кумбс бойынша, 1968).

Реакцияның түрі

Патогенез факторы

Патогенез механизімі

Клиникалық мысалдар

1.

анафилатикалық

(ЖГС)

IgE, IgG4

IgE(G4)-FcR-нің тін базофилдары-мен және базо-филдармен рецепторлық комплекс құруы— Аллерген эпитобының рецептор-лық комплекспен өзара қатынасуы--- Тін

базофилдарымен бафзофилдардың белсендірілуі---- Қабыну медиаторларымен басқа -дай белсенді заттардың босаным шығуы

Анафилаксия,

Анафилактық шок, поллиноздар

11.

цитотоксикалық

(БГС)

IgM, IgG

Цитотоксикалық антиденелердің корытып шығарылуы---

Антиденетәуел-ді цитолиздің белсендіру

Дәрілік қызыл жег, аутоиммундыгемолитикалық ауру, аутоиммунды тромбоцитопения

111.

иммундыкомплекстік

(ЖГС)

IgM, IgG

Иммундыкомплекстің шектен тыс пайда болуы.

Иммунды комплекстің негізгі мембранаға, эндо- телияға, дәнекерлеу тінге шөгуі. Антиденет- тәуелді жасуша арқылы өтетін цитотоксикалық- тың активтелуі---

Иммунды қабынудың басталынуы

Сарсу ауруы, дәнекерлеу тінінің жүйелік аурулары, Артюс феномені, «малшы өкпесі»

Vl.

жасуша қатынасымен өтетін

(БГС)

Т-лимфоциттер

Т-лимфоцитті сен-сибилизациялау--- Макрофагты белсендіру----

Иммунды қабынудың басталынуы

Тері–аллергиялық сынама, контакті аллергия, баяу типтес ақуыздық аллергия



Аллергияның жүйелеу тәсілін 1947 жылы Р.Кук ұсынған еді. Ол тәсілдің негізі ретінде аллергияның даму уақыты алынған болатын. Аллергияның екі түрі бөлініп шығарылды: жедел гиперсезіталдық (ЖГС) және бәсең, не баяу гиперсезімталдық (БГС). ЖГС мен БГС сипаттары салыстыру арқылы 16,17,18,19-сызбанұсқада көрсетілген. ЖГС-тың қатарына аллергенмен қайталап кездескенде 20-30 минуттен кейін пайда болатын аллергиялық көрніс, ал БГС-қа 6-8 сағаттан кейін пайда болатын көрністер жатқызылған. ЖГС- пен БГС- тың пайда болу механизімі мен клиникалық көрністері өзгеше. ЖГС иммунитеттің В-тізбегінің демеуі арқылы антидене бөлініп шығарылуымен байланысты. Спецификалық антиденелер, не антигенреактивті В-лимфоциттердің клондарының көмегімен аллергиялық жағдайды ауру адамнан сау ағзаға ауыстыруға болады. Кейбір жағдайларда спецификалық десенсибилизация ( бұрма сезімталдықты жою) арқылы аллергияны нәтижелі емдеуге болады. БГС иммунитеттің жасушалық тізбегін демеу арқылы жүреді. БГС-ты аурудан сау адамға ауыстыруға болады, бірақ ол үшін жасушалардың тек қана белгілі тобы керек. БГС-ты спецификалық тәсілмен емдеу нәтижесіз.

Француз ғалымдары Ш.Рише және Ж.Портье 1902-1905 жылдары, Ресей ғалымы Г.Сахаров ЖГС-тың сипатын түсіндірген. Олар ЖГС стереотипті өтетінін және өліммен аяқталатынын көрсеткен еді. ЖГС-тың клиникалық түрі анафилаксия, атопиялық сырқат, сарысу ауруы, Артюс феномені ретінде өтеді. БГС құбылысын 1890 жылдары Р. Кох сипаттаған. Аллергияның бұл түрі тікелей түйісу аллергиясы, тері-аллергиялық сынақтың жауабы, не ақуыздарға бәсең аллергия ретінде жүреді.

1968 жылдары Джелл және Кумбс аллергияның молекулалық механизімін мұқият зерттеп аллергияның жүйелеу тәсілін жаңадан құрды. Сол жүйелеуге сәйкес аллергияның 4 типін ажыратады: анафилактикалық (1-тип),цитотоксикалық (2-тип), иммунды комплекстік (3- тип) және жасуша демеуімен жүретін ( 4- тип). Бірінші үш типі ЖГС-қа, ал соңғы түрі БГС-қа жатады. ЖГС басталуында IgЕ,IgG ,және IgМ антиденелердің , ал БГС-та лимфоидты-макрофагты жауаптың басты рөл атқаратынын көрсетілген.

Аллергияның 1-типіне жауапты факторлар реагиндер деп аталған, тін базофилдері және қан базофилдерімен реакцияға түсуге икем тұратын IgЕ және IgG-лардың биологиялық көрністерімен байланысты. Тін базофилдерімен мен қан базофилдерінің сырт қабығында IgЕ мен IgG-ны байланыстыратын және аллергендердің эпитоптарымен спецификалық өзара байланысқа түскенде ко-фактор ретінде қолданылатын жоғарғы аффинды FcR бар. Аллергеннің рецепторлық комплекспен байланысқаны тін базофилдері мен қан базофилдерінің дәнсіздендіруін тудырып, олардың дәнінің ішіндегі биологиялық белсенді заттарды (гистамин, гепарин т.б.) жасушааралық саңлауға бір дүркін шығаруға демейді. Олардың әрекеті өте шапшаң, қысқа мезгілді және ішектің, бронхының, қуықтың жазық бұлшық етінің жиырылуымен, секреторлық, эндотелиялық тағы басқа жасушалардың бедсенділігі артуына байланысты көптүрлі орган-тінді патофизиологиялық реакциялардан тұрады. Айтылғанның нәтижесінде анафилаксияға тән бронхоспазм, вазодилятация, қабыну және де басқа көрністер дамиды. Бөлініп шыққан цитокиндер иммунитеттің жасушалық тізбегін: Т2–хелперлердің, эозинофилогенездің құрылуын күшейтеді.

Аллергияның 1-типінің жарқын көрнісі анафилактикалық естен тануда байқалады. Аллергияның 1-типі бар адамның қан сарысуын сау адамға құйсақ реагиндер сау адамға ауысып, ол адамда белгілі бір уақыттың арсында сенсибилизация байқалады. Аллергияның диагнозын қою үшін қолданылатын Праустниц-Кюстнер сынамасы осы көрніске негізделген.

Макроорганизмнің соматикалық жасушаларының антигендеріне бағытталған цитотоксикалық антиденелер (IgG, IgМ) жасуша нысаналардың жасушалық мембранасымен байланысып, антиденеге тәуелді аллергияның әр типті механизімін іске қосады (2- типті аллергиялық жауап). Көлемді цитолизге сәйкес әртүрлі клинкалық көрністер ілесе жүреді. Классикалық мысал ретінде резус-дауласуы, не басқа топқа жататын қан құюдың нәтижесінде болатын гемолитикалық дертті келтіруге болады

Сырқат адамға антигеннің көлемді дозасын (өлшемін) еңгізгеннен кейін құрылған антиген+антидене комплексінің де цитотоксикалық әсері болады (3-типті аллергиялық жауап).Айналып жүретін аса көп және көлемді иммундық комплекс фагоцитоз жүргізетін жасушалардың калыпты механизімімен шапшаң ыдыратылмайды. Соның себебінен комплекстер бүйректің және басқа тіндердің, қан тамырының эндотелиясына қонақтап қабыну реакциялары кезінде пайда болатын жасуша тәуелді цитотоксикалықты туғызады. Жинала келе әсері іске асатындығына байланысты аллергияның 3-ші түрінің клиникалық көрністері кешірек пайда болады, кейбір кезде бір жұмадан аса уақыт өткеннен кейін көрінеді. Соған қарамастан аллергияның бұл түрі ЖГС–қа жатады. Аллергияның осы түрі гетерологиялық сарысуды алдын-алу, немесе емдеу үшін қолданған кезде асқыну түрінде пайда болатын «сарысу дерті», не ақуыз қосындысы бар шаңды ауамен дем алған кездегі «малшы өкпесі» деген аурулардың негізінде болады.

БГС (4-тип) аллергенге сенсибилизацияланған лимфоциттердің әсерінен, макрофагтардың иммундық белсендірілгенінің күшеюі арқасында құрылатын лимфоидты-макрофагалдық реакция болып келеді. БГС-тың механизмі калыпты иммундық кабынуға негізделген. Макрофагты белсендіру үшін олар Т1-, Т2- хелперлермен тікелей түйісуі , не болмаса сол жасушалар бөліп шығаратын гамма-интерферонның әсері болу керек. Макрофагты иммундық белсендіру себебінен оларда антидене тәуелді жасуша арқылы өтетін цитотоксикалық пен иммундық фагоцитоз күрт дамып, антигендерді ыдырату және тысқа шығару үдей түседі.

Аллергияның 1-типіне зертханада диагноз қойылуы аурудың сарсуынан спецификалық реагиндердің (IgЕ, IgG4) қосындысын және олардың қосынды санын анықтауға негізделген.

Аллергияның 2-типінде сарсудан цитотоксикалық антиденелерді (антиэритроцитарлық, антилейкоцитарлық, антитромбоцитарлық т.б.) іздейді. Аллергияның 3-типінде сарсудан иммунды комплекстерді анықтайды. Аллергияның 4-типін анықтау үшін, инфекциялық, паразитарлық және микоздық аурулардың (туберкулез, алапес, сарып, туляремия т.б.) диагнозын қойғанда тері-аллергиялық сынақты пайдаланады.

Аллергияны емдеу үшін аллергеннің ықшамды өлшемін ұзақ уақыт десенсибилзациялау түрінде қолданады. Күрделі жағдайда глюкокориткоидтармен емдейді.

Сонымен қатар, гиперсезіталдықтың калыпты жағдайда пайдасы да бар. Бұл процестің механизімі инфекциялық агентті қоршағанда туатын қабынудың негізінде жатыр және толық бағалы иммундық қорғау құруына қатынасы бар.