Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

8.2. Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары

Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығын сақтауда тері, шырышты қабықша, ферменттер, фагоциттер, комплемент, интерферон, және қан сарысуының тежеуші ақуыздары негізгі рөл атқарады. Олардың жұмыс атқаруы механикалық, физика-химиялық және иммундыбиологиялық факторларының қатынасуымен өтеді..

8.2.1. Тері және шырышты қабықшалар (механикалық қорғаныс)

Сау терінің көпқабатты эпителясы микробтар мен макромолекулалар үшін механикалық кедергі болып саналады. Бірақ, микрожарақат, жәндіктер шаққан орын, күйікке шалдыққан тері және шырышты қабық микробтар мен макромолекулалардың адам денесіне өту мүмкіншілігін тудырады. Вирустар мен бактерияның кейбір түрі макроорганизмдерге жасуша арсындағы саңлау, жасуша арқылы, не фагоциттердің көмегімен шырышты қабықтан ағзаға енуі мүмкін.

8.2.2. Физикалық-химиялық корғаныс

Таза және зақымдалмаған теріде микробтар саны аз, өйткені тер және май бездері бактериоцидтық заттарды (сірке, құмырсқа және сүт қышқылдары) үнемі шығарып отырады. Ауыз қуысы арқылы енген бактериаларға, вирустарға, антигендерге асқазан күрделі кедергі жасайды, өйткені олар асқазанның қышқыл сұйығымен, ферменттермен залалдансыздырылады. Ішекте залалдансыздыру факторларына ішектің калыпты микробтары бөліп шығаратын ферменттер, бактериоциндер, трипсин, панкреатин,липаза, амилаза және өт жатады.

8.2.3. Иммундыбиологиялық қорғаныс

8.2.3.1. Фагоцитоз

Фагоцитоз (грек. phagos – обимын,жұтамын. cytos – жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішекқуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық корғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.

Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз – фагоциттердің бөгде затты обып, қорытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.

Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жыйнақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жұлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және баска жасушалар кіреді.

Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты: 1) өлген жасушалар мен олардың қүрлыс құрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары); 2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы,тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқадай шаң); 3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады; 4) организмніңнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.); 5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады; 6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммундыкомпетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.

Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына қарамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жыйнаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммундыкомпетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.

Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцитоз процесі, яғни бөгде затты жұтуы, өңдеуі, бірнеше сатыдан тұрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру арқылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттернің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың қорытылуы (2-сызбанұсқа)

Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері. Фагоциттердің құрамына тотықтар мен иондарды қорытуға қатынасатын ферменттер жыйнағы кіреді. Иондар мен тотықтар фагоцитоз процесін колдайды. Фагоциттердің цитоплазмалық мемебранасында комплементтермен, иммундыглобулиндердің құрамымен, гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда қандай да болмасын заттарды қорытатын 100-ден астам ферменттер түрі кездеседі.

Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттар – хемоаттрактантардың концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабылеті бар. Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп аталды (грек. chemeia - металл балқыту өнері және taxis -орналастыру, құру, салу). Хемотаксис жыйырылатын ақуыздар актин, миозин қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері (С3а, С5а), лимфокиндер, ИЛ-8 және де жасушалар мен бактериалардың ыдыраған заттары жатады.

Затардың фагоциттің қабығына қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоцитоз процесін түрлі тотықтар колдап нысанды жасушаларда қайтарылмас зыянды өзгерістер тудырады.

Фагоциттерге жабысқан заттардың «жұтылуы, обуы» эндоцитоз көрнісімен өтеді. Бұл энергия тәуелді процесс, және де актин, миозиннің қатынасуымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосоманың ішінде жұтылғані жєне актин, миозинніњ ќатынасымен µтіп фагосома ќ±рылуымен аяќталады._____________________________ заттарға белсенді радикалдардың шабылуы жалғастырыла береді. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер фагоциттің сыртына шығатын болса ол кезде заттардың қорытылуы фагоциттен тыс жерде де жалғаса береді.

Әдетте фагоцитоз жұтылған заттардың толық қорытылуымен аяқталады. Оны аяқталған фагоцитоз деп атайды. Кейбір уақытта фагоцитоз толық қорытылумен аяқталмайды, өйткені жеке микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) фагоциттің ферментерінің белсендірілуін тежейді.умен аяќталмайды, µйткені санаулы микробтар т‰рі (оба ќоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) Сондықтан ыдырап жойылмай, өсіп-өрбуіде мүмкін. Бұл көрніс аяқталмаған фагоцитоз деп аталады.

Адъюванттар, комплемент, иммуныцитокиндер тағы басқа факторлар фагоцитозға дем береді. Оның механизмінің негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабылетін көтермелеп фагоцитоздың өтуін жеңілдету болады.

Фагоциттердің белсенділігі опсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлық көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жұтқан», не «қорытқан» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс- иммуынды, не иммунды емес сарсулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжрибеде опсонды-фагоцитарлық индекс дербестің (әрбір адамның) иммундық статусын анықтауға қолданылады.