Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Қазақ елінің рәміздері

1. Сөздермен жұмыс істеңіз (сөздікті пайдаланыңыз):

Рәміздер, болмыс, мағына, парыз, түс, тұтастық, береке, еркіндік, таным, көркем, құрлық.

  1. Мәтіннен омоним болатын сөздерді теріп жазыңыз.

3. Мына сөздердің түбірлес қатарын жазыңыз: мемлекеттік заң, көркем өнер, ресми, бейнеленген, тарих, ұқсас, тіккен, бояуы, мамандар, баға, тамаша.

4. Ойтүрткі

Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:

а) Қандай түсті жақсы көресіз?

ә) Қай елдің мемлекеттік туын білесіз?

б) Түсі қандай?

в) Ол түс нені білдіреді?

г) Мысалы, Араб елдері туының түсі жасыл болады, арабша жазулар болады. Неліктен? Ойланып көріңіз.

5. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, “көк” сөзімен тіркесетін сөздер қатарын толықтырыңыз. Топ болып талқылаңыздар. Талқылаймыз

Оқытушы: Виктор, мемлекеттік рәміздердің болмысын, мағынасын жақсы білесің бе?

Виктор: Иә, бұл-азаматтық парызымыз. Мемлекеттік туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.

Қытайлық студент Вэй Чань: Зеңгір көк түс ненің белгісі екенін білесің бе?

Виктор: Зеңгір көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен құрлықтың белгісі. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.

Айжан: Иә, дұрыс айтасың, Виктор. Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті – көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Кристина: Тудағы күн бейнесі – геральдика заңы бойынша – байлық пен берекені білдіреді.

Кореялық студент Хан: Дұрыс айтасың, күн бейнесі, тағы да қандай елдердің туларында бар екенін білесіңдер ме?

Оспан: Қырғыз елінің мемлекеттік туында күн бейнесі бар.

Ернұр: Иә, күн бейнесі мемлекеттік туларда жиі кездеседі. Олардың ішіндегі ең атақтысы – Жапонияның «Күн дөңгелегі». Ол «Жапония – күншығыс елі» деген ұғымды білдіреді. Тайвань туында – ақ күн, Филлиппин туында сегіз сәулелі күн, Уругвай туында адамның бет бейнесіне ұқсас «Мамыр күні» бар. Қырғыз туындағы күн 40 сәулелі ғой.

Оспан: Ернұр, бұл ақпараттарды қайдан алдың?

Ернұр: Мемлекеттік рәміздер әлемдік каталогқа енген, арнаулы журналда жарияланған. Мысалы, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері де шетелдік мамандар тарапынан жоғары баға алды. Бонн қаласындағы дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р.Климеш бізге жазған хаттарының бірінде (8.08.1992 ж.) “Мемлекеттік туларыңыз ғажап екен. Мен оны алғаш рет теледидардан, Барселонадағы ойындарды тамашалау кезінде көргенмін” деп жазды. Мамандар, әсіресе, Елтаңбамыздың әлемдік тәжірибеде кездеспеген болмысына қызықты.

Виктор: Ал, тудағы қыран бейнесі еркіндік белгісі екен.

Кристина: Қыран құс бейнесі басқа елдердің рәміздерінде бар ма?

Оспан: Қырғыз елінің елтаңбасында ақсұңқар бейнеленген.

Виктор: Албания туында екі басты бүркіт бейнеленген.

Хан: Мемлекеттік туымыздағы ұлттық өрнек нені білдіретінін айта аласыз ба?

Мақпал: Ұлттық өрнек қазақ халқының поэтикалық және көркем танымын, мәдениетін, өнерін білдіреді.

Асқар: Басқа қай елдердің туларын білесіңдер?

Мақпал: Мен Финляндияның, Испанияның туларының түсі қандай екенін білемін. Испания туының түсі қызғылт сары, меніңше, бұл бояу испан халқының қызу қанды мінезін білдіреді. Ал, Финляндияның туы ақшыл көгілдір түсті. Бұл түс фин халқының бойындағы салқынқандылықты, сабырлылықты білдіреді.

Ернұр: Әлемдегі ең көне туды кім біледі?

Оспан: Мен айтайын, ол – Дания патшалығының туы. «Даннебрь» деп аталады. (Данияның күші) өзіндік тарихы бар.

Ернұр: Дұрыс айтасың. Ені мен ұзындығы бірдей жалғыз шаршы ту қай елдікі?

Хан: Ол Швецариянікі.

Юрий: Түркі тілдес елдердің туын кім суреттеп бере алады?

Вэй Чань: Мен Азербайжан Республикасының туын суреттеп берейін. Мысалы, Әзербайжан туы үш түрлі түстен : жоғарғысы – көк түс, ортаңғысы – қызыл түс, төменгісі жасыл түстен тұрады. Қызыл түсте жарты ай мен сегіз бұрышты жұлдыз бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]