Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

5. Шын немесе жалған

Ш

Ж

а) БҰҰ жыл сайын әлем халқын қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

ә) Қоршаған ортаны қорғау күні – 1982 жылдан бастап мерекеленеді.

б) Табиғат тірі дүние емес.

в) Сол кезден бастап ЮНЕП әлем халқын ағаш отырғызуға, көше тазалауға жұмылдырып отыратын болды.

г) Жері жасыл, ауасы таза, суы мөлдір жұрттардың халықтары ұзақ өмір сүреді.

ғ) Табиғаты бүлінген, қоршаған ортаны қорғауға немқұрайды қараған ел адамдарының өмірлері ұзақ.

6. Түсінікті тексеру:

а. Қоршаған ортаны қорғау күні бар ма?

ә. Биылғы жылдың ұраны қандай?

б. ЮНЕП нені ұйымдастырады?

в. Табиғаттың адамға берген ескертуі қандай?

7. Достарыңыздан сұраңыз:

а. Ағаш отырғыздың ба?

ә. Көше тазалауға қатысасың ба?

б. Арал қасіретін білесің бе?

в. Қазақстанда табиғаты әсем жерлер бар ма?

г. Қазақстан Швецариясы қай өлке?

ғ. Қазақстан қорықтары туралы айтыңыз.

8. Досыңыздың сұхбаты туралы айтыңыз.

Үлгі: а. Ол жыл сайын ағаш отырғызады.

ә. Ол жыл сайын қала көшелерін тазалауға қатысады.

б. Арал туралы біледі.

в. Оның ойынша, Қазақстандағы табиғаты әсем жерлердің бірі –Көкшетау.

9. Мәтінді оқудан бұрын мына сұрақтарды талқылаңыз:

а. Қазақтың жер-су туралы аңыздарын білесіңдер ме?

ә. Туған өлкелеріңде аты аңызға айналған қандай жер-сулар бар?

б. Қасиетті, шипалы көл-суларды білесіз бе?

10. Туған жеріңізде “Бурабай” аңызына ұқсас аңыз бар ма?

11. Мына мақалдардың мағынасына назар аударыңыз:

а. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

ә. Туған жердің жуасы да тәтті.

б. Туған жердің ауасы да шипа.

в. Туған жердің қадірін

Шетте жүргенде білерсің.

12. Көкшетау өлкесіндегі “Оқжетпес”, “Жұмбақ тас” туралы аңызды үйде оқыңыздар. Әңгімелеңіздер.

13.Туған жердегі көлдердің қасиеттері туралы әңгімелеңіздер (Мысалы, Алакөл, Балқаш, т.б.).

Төл сөзде:

Үлгі: Шешем: «жұмыстан қашан келесің?» -деп сұрады.

Төлеу сөзде:

І жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

Шешем менің жұмыстан қашан келетінімді сұрады.

Шешем сенің жұмыстан қашан келетініңді сұрады.

Шешем оның жұмыстан қашан келетінін сұрады.

14. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Нобель өсиет хатында: «Барлық қаржысын марапаттау қорына қалдырамын», - деді. Арвин Нобельдің өсиет хатын оқығаннан кейін: «Ақшаның бәрі қор құруға жұмсалады,» - деді. Арвин: «Залдағы тыныштықты қара сюртуктегі кісі бұзды», - деді. Ол Нобельдің туысы еді. Нобель өсиет хатында «Табыс жыл сайын ғылымның бес саласына бөлінеді», - деді.

СОӨЖ

Тапсырма. Жер мен тіл тарихынан үзінді әңгіме баяндаңыз.

СӨЖ

Тапсырма. Еліміздегі экология мәселесі қандай? Сұхбат құрыңыздар.

9-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.

Лексикалық тақырып: Су - әлемдік маңызы бар мәселе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]