Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Лексикалық тақырып: Анамның тілі – айбыным менің

1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз:

Құдірет, табиғи, жоғалу, шарт, айырбастау, білімділік, сыйлау, ризасың, жырлау, тебірену, қынжылту, кінәлі, алдаспан, айбын, қуат.

2. Мына сөздердің антонимін табыңыз:

табиғи – өз –

айырылу – туған –

ұзақ – атақты –

3. Мына сөздердің синонимін табыңыз: ұлттың жаны, ұлттық қасиет, ұлт болу, ұлттық тіл, сыйлау, шаттық, қайғы, тебірену, шала білу, қынжылту, құлағында қалу, кесіп айту.

4. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) Ана тіліңіз қай тіл?

ә) Ана тіліңізді білесіз бе?

б) Мектепте ана тіліңізді оқыдыңыз ба?

в) Ана тілі туралы афоризмдер, нақыл сөздер білесіз бе?

г) Үйде ана тіліңізде сөйлейсіз бе?

5. Мәтінді оқыңыз. Мәтін мазмұны атына сейкес келе ме?

“Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры” – дейді Бауыржан Момышұлы.

Атақты В.А.Сухомлинский бір кезде “төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алады” деген еді. Олар: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі.

Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айрылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айрылады және жоғалады.

“Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты – ұлттық тіл. Дінді айырбастауға болады. Тілді айырбастау мүмкін емес. Дұрысы тілді де айырбастауға болады, бірақ онда ұлтыңнан, ұлттығыңнан айрыласың”, – дейді ақын Қадыр Мырзалиев.

“Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады”, – дейді Г.Гегель.

“Ана тілім менің, Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің, сені мақтан етемін”, деп жырлайды дағыстандық ақын Расул Ғамзатов. “Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың” – деп қатал талап қояды Паустовский.

“Уа, туған тіл... ата-анамның тілі! Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым менің” – деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай.

“Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі” деп алдаспандай кесіп айтады Бауыржан Момышұлы..

8. Мына сөздердің қазақша баламасын мәтіннен табыңыз:

● царствование четырех владык, культура может развиваться, народ, потерявший свой язык, потерять национальность.

● “Меня очень огорчает то, что некоторые наши девушки и парни не знают родной язык. В первую очередь, в этом виноваты родители”.

(Бауыржан Момышулы)

Грамматикалық түсініктеме

1..

9-тапсырма. Тіл, сөз өнері туралы кім көп мақал-мәтел біледі? Оның бірнешеуінің мағынасын түсіндіріңдер. Керекті сөздерді, сөз тіркестерін тауып, орнына қойыңдар, айтылған ойдың мағынасын түсіндіріңдер (Кім жылдам?).

1. ... қарай кісіні ал, кісіге қарап ... алма. (Абай.)

2. ... көркі – тіл, тілдің көркі - ... . (Ж.Баласағұн.)

3. Әр халықтың ... ... – білімнің кілті. (А.Жұбанов)

4. Кей ... асылды шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, ... ... тұратын шағы бар. (М.Әуезов)

5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген ... толық мәнді интеллигент емес деуге болады. (М.Әуезов)

6. Ана тілін тек ... .. ғана менсінбейді, ... ... ғана аяққа басады. (Ғ.Мүсірепов)

7. Тіл қаруы - ..., сөз қаруы - ... . Ақылды ой, ... сөз адамның ең жоғарғы ... . (Ғ.Мұстафин)

8. Тіл – ұлттың ... . Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың ... көрінісі. (Л.Н.Толстой)

9. Өз тіліңді ... ... тұрып, ... - ... сүйе алмайсың. (К.Г.Паустовский)

10. Сөз өнері - өнер атаулының ең ... да ... . (О.Бальзак)

11. Өз ойларын көрікті айта алмау - ..., ал өзінің көкейін тескен ойларының болмауы – одан да асқан... . (Ушинский)

12. ... ... тек қана өз тіліміз арқылы түсінуге болатындығын ұмытуға болмайды.

Керекті сөздер: кемшілік, қиыны, күрделісі, сөз, бөгде тілді, жаны, жанды, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, сөз, ой, алғыр, қасиеті, өгей ұлдары, адам, от төгіп, сөздердің, ақылдың, сөз, сөзіне.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]