Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Анықтауыштық қатынасты білдіру

  1. Мына етістіктер тобын оқыңыз, аударыңыз.

әңгімелескен, өскен, оқыған, зерттеген, біріктірген, орындаған, пайдаланған, жазған, ерекшеленген, айналысқан жарияланған, ашқан, ойлап тапқан, экрандаған, армандаған, ойнаған.

  1. Мына сөйлемдерден анықтауыштық сөз тіркестерін табыңыз.

  1. П.Л.Капица Ағылшын Ғылым Академиясына ең бірінші мүше болған ғалым-физик.

  2. Лев Ланду теориялық физиканың барлық саласымен айналысқан ғалым болған.

  3. 1975 жылы бейбітшілік Нобельдік сыйлығын алған А.Сахаров ядролық қаруларға қарсы сөйлейді.

  4. Неміс ғалымы Вильгельм Рентген Нобель сыйлығын алған ең алғашқы ғалымдардың бірі болды.

  5. Ядролық қаруларды жасауға қатысқан Нобель сыйлығының лауреаты А.Сахаров, кейін осы қаруға тыйым салу үшін, жою үшін күресті.

  6. А.Сахаров КСРО ғылым Академиясына сайланған ең жас ғалым болды.

  7. Жеңімпаз аталған ғалым көп сыйлықтар алады.

  8. Жеңімпаз салмағы 200 грам болатын таза алтын медаль алады.

  9. Нобель сыйлығын алған ең жас ғалым 25 жасар физик Ульям Бряг.

  1. Мына етістіктер тобын оқыңыз, аударыңыз.

әңгімелесетін, армандайтын, қабылдайтын, айналысатын, сөйлейтін, біріктіретін, орындайтын, қатысатын, пайдаланатын, жарияланатын, қажет ететін (нуждающийся)

  1. Жоғарыда берілген етістіктер тобын нақ осы шаққа айналдырыңыз.

Су - Әлемдік маңызы бар мӘселе

5. Сөздікпен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

Маңызды, табиғи, жауапсыз қарау, салдар, бүлдіру, уландыру, қару-жарақ, ауыз су, жою, қолдану, тапшы, арандатушылық әрекет, жайылу, қауіп, зардап шегу, өзекті, әлдеқайда, артта, пайдалану, үнемдеу, қорғау.

6. Мына сөз тіркестерінің ана тіліндегі баламасын табыңыз. Сөйлемдер құраңыз.

Жауапсыз қарауымыздың нәтижесі, уландырып жатыр, ауыз су, арандатушылық әрекеттер, су соғыстары, жайылу қаупі, су тапшылығы, зардап шегу, тазалығын қорғау, сұрауы бар.

7. Мына сөздердің антонимін табыңыз:

жауапсыз -

үнемдеу -

тұщы -

таза -

соғыс -

түсінушілік -

8. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Әлемнің қай елдерінде су тапшы?

ә) Көршілес Қытай елінде су тапшы ма?

б) Қазақстанның қай облыстарында су тапшы?

в) Қазақстанның қай облыстары сулы өлке?

г) Қай елерде суды сатып ішеді, тасып ішеді?

ғ) Қай елдерде су өте қымбатқа бағаланады?

д) Өзендер мен көлдер уланып жатыр ма?

Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы – аса өзекті мәселелердің бірі.

Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр.

Босниядағы соғыс кезінде сербтер қару-жарақпен соғыс орнына басқа әдіс тапқан – қарсыластарының ауыз су алатын көздерін жою.

Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде қолданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудандарына онсыз да тапшы суды арандатушылық әрекеттерге қолдануда.

Статистиктер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді.

Иордания королі Хусейннің төмендегі сөздері ғалымдардың пікірін растай түсетіндей:

«Израильмен арадағы түсінушілік келісімдерімізге тек қана су мәселесі кедергі болуы мүмкін».

БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тиккел бүкіл дүниеде ауыз су - өзекті мәселеге айналып отырғанын ескертіп, былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады».

Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.

Табиғат – Ананың сыйы – судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

Лексикалық түсініктеме

Ауыз су алатын көздерін жою – уничтожать источников питьевой воды

арандатушылық әрекеттер – подстрекательские действия

түсінісушілік – взаимопонимание

зардап шегу – потерпеть ущерб, убытки.

9. Сіздің пікіріңіз.

Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а) Су туралы көп жазылып жүр.

ә) Су - өзекті мәселенің бірі.

б) Біз экологияға жауапты қараймыз.

в) Өзендер мен көлдердің суы уланып жатыр.

г) Су соғыстары әлемде жоқ.

д) 2025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегеді.

е) Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады.

ж) Су – табиғат сыйы.

з) Судың да сұрауы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]