Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать
  1. «Басшы келбеті қандай?» деген сұраққа жауап табуға тырысыңыз.

ә) Абай айтқан бес асыл іс, бес дүшпан іс сізде бар ма?

б) Қосымша ретінде «Жұлдызым мен туралы не дейді?» атты шығарма жазыңыз. Жұлдызнама болжамдарын, материалдарын пайдалануға болады.

  1. «Мен өзім қандаймын?» деген сұраққа жауап табуға тырысыңыз.

а) Абай айтқан бес асыл іс, бес дұшпан іс сізде бар ма?

ә) Қосымша ретінде «Жұлдызым мен туралы не дейді» атты шығарма жазыңыз. Жұлдызнама болжамдарын, материалдарын пайдалануға болады.

Сіз не айтар едіңіз?

Адамдар мені білмейді-ау деп қапаланба, мен өзім адамдарды білмеймін-ау деп қапалан.

Конфуций

Жану мен жарық шашу қолыңнан келмесе, тым болмаса көлегейдеме

Л.Толстой

Ұлы адам кішік болып көрінуден қорықпайды

Р.Эмерсон

Адам екеніңді ұмытпағайсың

Ф.Бэкон

Рас, біз шынында да әрқашан білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет. Ал, білімдар тәлімсіздік – ең үлкен жауыздық. Ол – бәрін біледі, ол өзінің мақсаты үшін бәрінен аттап өтеді. Тәрбиелі білімдар ... Міне, Адам! Міне! Тұлға! .. Осыған ұмтылу керек, достым.

Д.Ф.Снегин

СОӨЖ

Себеп-салдар қатынасты білдіру

(З.С.Күзекова)

Жалғаулықтар: себебі, сондықтан, өйткені, неге десең.

Ол емтиханды жақсы тапсырды, себебі ол көп дайындалды.

Ол көп дайындалды, сондықтан емтиханды жақсы тапсырды.

______________________________________________________________________

1. А.Сөйлемдерді себебі жалғаулығын пайдаланып, құрмалас сөйлем құраңыз.

Үлгі: Мен киноға бармаймын. Бұл киноны көрдім.

Мен киноға бармаймын, себебі бұл киноны көрдім.

Асқар жұмыста болған жоқ. Ол ауырды.

Ол сабаққа дайындалмады. Оның басы ауырды.

Біз күні бойы үйде отырдық. Далада жаңбыр жауды.

Айжан әрқашан жақсы жауап береді. Ол көп дайындалады.

Ол кеше сабаққа кешікті. Ол кеш тұрды.

Мен театрға бара алмаймын. Бос емеспін.

Тамақ ішкім келеді. Мен бүгін әлі түскі асты ішкен жоқпын.

Анна қазақша жақсы сөйлейді. Ол екі жыл Қазақстанда тұрды.

Б. Сөйлемдерді сондықтан жалғаулығын пайдаланып, құрмалас сөйлем құраңыз.

Үлгі: Мен киноға бармаймын. Мен бұл фильмі көрдім.

Мен бұл фильмді көрдім, сондықтан киноға бармаймын.

  1. Біз қоршаған ортаға жауапсыз қараймыз. Табиғат ластануда.

  2. Мыс комбинаты өзінің қалдықтарын көлге төгеді. Балықтар уланып жатыр.

  3. Қоршаған орта денсаулыққа зиянды. Адам өмірі қысқа, сәбилердің денсаулығы нашар.

2. Сөйлемдердегі сондықтан жалғаулығын себебі жалғаулығын өзгертіңіз.

Үлгі: Анна қазақша жақсы сөйлейді, себебі ол көп дайындалды.

Анна көп дайындалады, сондықтан ол қазақша жақсы сөйлейді. Ол бүгін кеш тұрды, сондықтан ол таңғы асты жеуге үлгермеді. Кеше ауа райы жаман болды, сондықтан біз күні бойы үйде болдық. Менің аяғым ауырады, сондықтан футбол ойнауға бармаймын.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз, жауабыңызды жазыңыз.

Үлгі: - Кеше сіз неге стадионда болмадыңыз?

  • Мен кеше стадионда болмадым, себебі аяғым ауырды.

Кеше ол неге жұмыста болмады? Сіз неге осы оқулықты сатып алмадыңыз? Сіз кеше неге маған звондамадыңыз? Неге ол емтиханды нашар тапсырды?

  1. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Кеше ол бассейнде болмады, себебі ... . Кеше ол жұмыста болмады, себебі ... . Ол қазақша жаман сөйлейді, себебі ... . Ол емтиханды нашар тапсырды, сондықтан ... . Ол балетті өте жақсы көреді, сондықтан ... .

5. Мына сөйлемдерді салыстырыңыз.

1. Оқушылар «жасылдар» қозғалысына қатысуының арқасында қалада парктер алаңы ұлғайды. Оқушылар «жасылдар» қозғалысына белсене қатысқандықтан, қалада парктер алаңы ұлғайды.

2. Плотина құрылыстары үшін көптеген балық опат болды. Плотина құрылыстары салынғандықтан, көптеген балық опат болды (погибло)

СӨЖ

Сын есімнің мағыналық түрлері, жасалуы.

Теңеудің берілуі. Оқып, конспект жасап келу.

15-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Қайталау. Қорытынды бақылау. Меңгеру.

Лексикалық тақырып: Қонақтарды қарсы алу, кәдесыйлықтар ұсыну.

Сөздік:

естелік – воспоминание

кәдесыйлық – сувенир

сыйлау – подарить, уважать

сыйлық – подарок

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]