Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

1. Сөздердің мағынасына, қолданысына мән беріңіз. Сөйлемдердегі сөздерге керек жалғауларды жалғаңыз, мысалдар келтіріңіз.

1. (б.с/т.с.) біреуге бірнәрсе сыйлау – дарить кому-л что-л

2. (б.с.) біреуді немесе бірнәрсені сыйлау – уважать кого-л или что-л

1. Асан Ботагөз... гүл сыйлады. 2. Ол Ботагөз... раушан гүл... сыйлады. 3. Алма анасы... кітап сыйлады. 4. Алма анасына сол кітап... сыйлады. 5. Әрбір адам өз ел... сыйлайды. 6. Қазақстандықтар еліміздің рәміздер... сыйлайды. 7. Біз гүлденген Қазақстан... сыйлаймыз.

2. Сұрақтарға жауап беру арқылы көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

- Сіз шетелде болдыңыз ба?

- Ол жақтан туыстарыңызға қандай сыйлықтар әкелдіңіз?

- Сыйлықтардың ішінде кәде сыйлықтар болды ма?

- Сіздің туысыңыз қай елде болды?

- Ол қандай кәде сыйлық әкелді?

- Сыйлықта сол елді сипаттайтын белгілер бар ма?

- Өзіңізде шетелдік қонақтар болды ма?

- Сіз оларға не сыйладыңыз?

- Сыйлығыңызда Қазақстан туралы ақпарат беретін белгілер бар ма?

- Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанда қандай кәде сыйлықтар жасап

шығару тиімді?

3. Мәтінді оқып шығыңыз, сұрақтар қойыңыз.

Қонақтарды қарсы алу, кәдесыйлықтар ұсыну

Белгілі бір фирма немесе жай ғана қарапайым қызметкерлер өздеріне келген қонақтарға кездесуден, келіссөздерден, келсімшарттан кейін естелік ретінде сыйлықтар тапсырады. Тіпті сол сыйлықтар үшін арнайы жұмыс жасайтын орталықтар да бар. Әр түрлі көрмелерде саудаға қойылатын әдемі, шағын, жеңіл кәдесыйлықтарды кездестіруге болады. Олар сан түрлі: қаламдар, бас киімдер, брелоктар, оттықтар, фонарлар. Қызықты пазылдар мен күнтізбелер әр түрлі текшелерден тұрады. Бұл текшелер құрастырушылар үшін қызық әрі кеңсе сәні болып табылады. Үстел үстіне қоятын күнтізбелер мен қойын дәптерлердің өзі сол елдің белгісін көрсететін суреттерімен ерекшеленеді. Сый ретінде берілетін мұндай заттардың ішінде 24 сағат бойы жанып тұра алатын фонаршамдарды да кездестіруге болады. Олар соққыға төзімді, су өтпейтін материалдан жасалады.

Фирма атынан ескерткіш ретінде фарфордан жасалған мылтық, қанжарлар да сыйланады. Әр ел өзінің салт-дәстүрі мен тарихына қатысты бейнеленген кәдесыйлықтар ұсынады. Мысалы, Ресейде пасха жұмыртқасы, матрешкалар, кремль мұнарасы сыйға беріледі. Ал өзімізге белгілі Эйфел мұнарасын Франция, Big Ben сағатын Англия т.б. да елдер өз символдарын сыйлық ретінде ұсынады. Көптеген компанияларда сыйға сағат бизнес-сыйлығын береді. Сағатты әр түрлі үлгіде жасауға болады.

Керісінше, Қазақстандық іскер адамдар үшін ұлттығымыздан мәлімет беретін киіз үй, қамшы, торсық, сандық, домбыра жақсы сыйлық саналса, ел орда символы саналатын «Бәйтерек», «Ақ орда» әр түрлі ғимараттар кәдесыйлығы қонақтарды қуанышқа бөлей алады. Сыйлықтар ішінде табиғи материалдар – ағаш пен теріден жасалған дүниелер де болады. Олар өте қымбат және бағалы сыйлық болып саналады. Тіпті елдің табиғатын, әсем жерлерін суреттейтін фотоальбомдар, картиналар жоғары бағаға ие. Ал шақыру қағаздарының неше түрлілігі көз тартады. Соңғы кездері жұпар иісті ашық хаттарға қосымша мәлімет беретін сапалы форматтағы мәтінмен конверттер де жасалатын болды. Қысқасы, клиенттер мен қонақтарға арналған қазіргі заманға лайық кәдесыйлықтар беру немесе алу екі арадағы қарам-қатынасты одан әрі нығыздай түсетініне ешкімнің күмәні жоқ деп айта аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]