Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз, асты сызылған сөздердің мағынасына көңіл бөліңіз.

Жазылым

2-тапсырма. Мәтін бойынша сөздердің синонимдік қатарын кеңейтіңіз.

Ғылыми дәреже, негізін салушы, жаратылыстану ғылымы, ірі туынды, қайта басылу, әлемге танымал, қол жеткізу.

Үлгі: қол жеткізу, жүзеге асу, орындалу

3-тапсырма. Жоғарыдағы сөз тіркестерін мәтінмен байланыстыра сөйлем құраңыз.

Үлгі: Үлкен еңбектің арқасында ғалым табысқа қол жеткізеді.

Айтылым

4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне тиісті қосымшаларды жалғаңыз.

1. Екі ұлы ақын ... одағы... одан әрі бекіте түсе... .

2. Әдебиетшілер отбасы... дүние... келеді.

3. Әлем.. танымал ғалымдар... дәріс алады.

4. Ғылым ізденістер... ынта... күшті болады.

5. Ол төрт тіл... еркін меңгере... .

Жазылым

5-тапсырма. Жоғарыдағы жай сөйлемдерді күрделі сөйлемге айналдырыңыз.

Үлгі: Екі ұлы ақынның одағын одан әрі бекіте түседі, әрі олардың қуанышына айналады.

Тыңдалым

6-тапсырма. Мына жылдарды ғалым өмірімен байланыстырып, етістік қатарын анықтаңыз.

1912 ж, 1930 ж, 1934 ж, 1938 ж, 1945 ж, 1946 ж, 1948 ж, 1956 ж.

Үлгі: 1912 жылы өмірге келді.

1930 жылы мектеп бітірді.

Айтылым

7-тапсырма. Жолдасыңызға ғалымның өмір жолы туралы баяндап беріңіз.

8-тапсырма. Ситуациялық тапсырма.

Шетелдік досыңыз сізден университет неліктен Л.Н.Гумилев атымен аталғанын сұрады, қалай жауап бересіз?

Мына сөздерді пайдаланыңыз: себебі, өйткені, меніңше, еуразияшыл ғалым, терең білім иесі, халықтар бірлігі, түркі халықтары, азия тарихы.

Мәтінді пысықтауға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Ғалымның өмір жолына қысқаша хронология жасаңыз.

2-тапсырма. –ның + (-ы), -ның + (-і) құрамындағы, ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөз тіркесін теріп жазыңыз, аударыңыз.

Үлгі: Еуразия тарихының мәселелер+і – вопросы истории

Теорияның автор+ы – автор теории.

3-тапсырма. Күрделі етістіктерді анықтаңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: жалғасын тапты, өмірден өтті, ... .

4-тапсырма. 2,3-тапсырмалардағы сөз тіркесінің байланысын анықтаңыз, сөйлем құраңыз.

Үлгі: Еуразия тарихының мәселелер+і ғалым еңбектерінде жалғасын тапты.

СОӨЖ

2002 жылы 1 қазанда ғалымның 90 жылдық мерей тойына орай университетте Л.Н.Гумилев кабинеті ашылды. Ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы Наталья Викторовна Гумилева сыйға тартқан жәдігерлер жинақталып, өзінің тәлімдік қызметін атқаруда Еуразияшылдық теорияны зерттеуге қосқан үлестері үшін ғалымдарға университетте Л.Н.Гумилев атындағы сыйлық тағайындалған.

Л.Н.Гумилев кабинетіне саяхат-сабақ ұйымдастыру:

1-тапсырма. Ғалымның жәдігерлерімен жақынырақ танысу.

2-тапсырма. Ғалым туралы өзге ғалымдар пікірлерімен танысу.

3-тапсырма. Ғалымның шығармашылығы мен өмірбаяндық деректері негізінде ой бөлісіңіз.

СӨЖ

Шығарма. Л.Н.Гумилев кабинетінен алған әсерім.

5-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғау. Үш есімді тіркестің септелуі.

Лексикалық тақырып: Қазақстан.

Сөздік минимум:

Қазақ халқы, қазақ ұлты, Қазақстан Республикасы, тәуелсіз, егемен, біздің ел, жер көлемі, тауарлар, өзен – көлдер, теңіздер, шөл дала, жазық дала, азаматтық, туған жер.

Мен – Қазақстан азаматымын. Өзімнің осындай елде дүниеге келгеніме мақтанамын. Менің бала кезден бергі арманым-жақсы адам болу еді. Жақсы болу- өзіңді де, өзгені де сүю екен. Отанды сүю екен. Мен әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұратын қазақ елін сүйемін. Қазақ елі қаншама қиындықтап өтті. Атамекенінен жер ауып та кеткендері қаншама? Дегенмен, өз жеріне деген махаббатпен ұрпағын сақтап қалуға деген көзсіз ерлік ата-бабаларымыздың рухын түсірмеді. Содан да болар, әлемде жер көлемі жағынан он ірі мемлекеттің қатарынан орын алатын қазақ жері жат елдіктерге бұйырмады. Мен халқы сан жағынан көп бола тұра алақандай өз жері жоқ елдерді білемін. Тағдырдың түрлі жолдарында өз жерінен айырылып қалған мемлекеттерді де білемін. Ал Қазақстан олай емес.

Қазақ елі өз тәуелсіздігі жолында ұзақ та қиын жолдардан өтті. Бірақ мойымады, жасымады. Бұл тәуелсіздікті даңқты ата-бабаларымыздан бастап, кешегі өткен Қайрат пен Ләзаттар да көре алмады. Олардың баянды болашақ үшін күресі текке кетпеді. Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Біздің еліміз- бай ел. Қазақстан -өз астығымен, жер асты кендерімен, ғажайып табиғатымен даңқы шыққан ел. Дүние жүзіне танымал ұлы адамдары мен қоғам қайраткерлері бар ел. Тамаша қалалары мен белгілі оқу орындары бар ел. Еңбек пен бейбетшілік қалайтын ел. Сондықтан да болар, Қазақстанның елдік рәміздерінен достық пентатулыққа шақыратын, бостандық пен тыныштықты қалайтын белгілерді көптеп кездестіруге болады. Қазақстан – түрлері әр алуан болғанымен, жүректері бір, тілектері бір адал жанды адамдардың Отаны, алтын бесігі.

Сөздік

көк шалғын майса - здесь: свежая трава

қол жеткізу – достигать чего-то

заңғар – высокий

құнарлы – плодородный

шүйгін – здесь: сочная трава

қалау – желать

әр алуан – разный

аунап өсу – здесь: вырастить беспечно

масаттану – здесь: радоваться

тағдыр тауқыметі – здесь: испытания судьбы

шапқыншылық – нашествие врага

зобалаң – здесь: бедствие

айырылып жату – лишаться

атамекен – отечество

көзсіз ерлік – героизм

қайрат – сила воли

мойымау, жасымау – не унывать

рухын түсірмеу – не падать духом

баянды болашақ – счаствливое будущее

текке кетпеу – не зря

жат елдік – чужеземец

жаны ашу – жалеть

даңқ – слава

бұйырмау – здесь: не досталась

бесік – колыбель

1-тапсырма. «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» мәтінін оқып, оны орыс тіліне аударыңыздар.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сенің Отаның қалай аталады?

  2. Сенің өз Отаныңды сүйесің бе?

  3. Сенің балалық бал дәуренің қай жерде өтті?

  4. Қазақ елі өз тәуелсіздігі жолында қалай күресті?

  5. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы, қай күні алды?

  6. Ата заңымыз қашан қабылданды?

  7. Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығы?

  8. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

  9. Қазақстан кімдердің алтын бесігі?

  10. Сенің Отан алдындағы азаматтық борышың қандай?

  11. Еліміздің рәміздері туралы не білесің?

3-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Атамекен, ес білгелі, алтын ұя, желмен жарысу, көкжиек, армандау, борыш, сезіну, міндет, талап, асқақ мақсат, орындалу, аялау, қол жеткізу.

4-тапсырма. «Менің елім – тәуелсіз Қазақстан» мәтінінен есімдіктерді табыңыздар. Олармен сөйлем құрастырыңыз.

5-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Есімдіктерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

Наше отечество – независимый Казахстан. Бескрайная степь зовет тебя в будущее. Высокие горы, глубокие озера и реки, чистые пруды, хрустальные родники не только богатство нашей земли, они придают красоту местности. Казахстан богат полезными испокаемыми. На юге республики выращивают хлопок, овощи, фрукты, сахарную свеклу. На севере республики растет пшеница.

Жай септеу мен тәуелді септеу

Сөздер мынадай екі түрлі үлгі бойынша септеледі (В казахском языке существуют два склонения, в зависимости от наличия или отсутствия указания обладателя):

  1. Жай септеу (Простое склонение без относительно к обладателю);

  2. Тәуелді септеу (Притяжательное склонение – с указанием обладателя).

При притяжательном склонении в словах содержится указание на обладателя.

Например: туы, түсі. Принадлежность предмета (кому-нибудь, чему-нибудь) выражается при помощи присоединения к основе слова аффиксов принадлежности.

Тәуелденбей тұрған сөздердің септелуін жай септеу дейміз. Мысалы: елтаңба+да, тулар+да. Ал сөздердің тәуелденгеннен кейін септелуін тәуелді септеу дейміз. Мысалы: елтаңба+сы+нда, тулар+ы+нда.

Септік-тер

Жай септеу

Тәуелді септеудің (жекеше) үлгісі

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

1.Атау

2. Ілік

3. Барыс

4. Табыс

5. Жатыс

6. Шығыс

7. Көмектес

Ел, мемлекет

Елдің, мемлекеттің

Елге, мемлекетке

Елді, мемлекетті

Елде, мемлекетте

Елден, мемлекеттен

Елмен, мемлекетпен

Жерім, қалам

Жерімнің, қаламның

Жеріме, қалама

Жерімді, қаламды

Жерімде, қаламда

Жерімнен, қаламнан

Жеріммен, қаламмен

Жерің, қалаң

Жеріңнің, қалаңның

жеріңе, қалаңа

жеріңді, қалаңды

жеріңде, қалаңда

жеріңнен, қалаңнан

жеріңмен, қалаңмен

Жері, қаласы

Жерінің, қаласының

Жеріне, қаласына

Жерін, қаласын

Жерінде, қаласында

Жерінен, қаласынан

Жерімен, қаласымен

6-тапсырма. Жоғарыдағы кестедегі сөздерді мәтіннен тауып, күрделі тіркестер жасаңыз.

СОӨЖ

Тапсырма. «Менің туған өлкем» тақырыбына әңгіме жазыңыз.

СӨЖ

Тапсырма. Сұхбат құрыңыз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе».

6-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Объектілік қатынастар. Төл сөз бен төлеу сөздің өткен шақта берілуі.

Лексикалық тақырып: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]