Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Ыбырай Алтынсарин

  1. Мәтінді оқып шығыңыз.

Сөздік:

тілмаш – переводчик

әрқашан жоғары бағалайды – всегда высоко ценят

іскерлік – мастерство

дарынды – талантливый

ілім – ученье

бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады – весь свой труд направил на воспитание молодежи

табиғат – природа

құмырсқа – муравей

қарлығаш – ласточка

жалпы және арнаулы орта оқу орындары – общие и средние специальные учебные заведения

ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

адалдық – честность

атқару – исполнять

ағартушылық – просветительские

саты – ступень

өрмекші – паук

бірқатар – целый ряд

сала – область

ескерткiш орнату – уставить памятник

2. Сөздік сүйене отырып мәтінді аударыңыз.

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин 1841 Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиелейді. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін қазақ балаларына арнап ашылған мектепке оқуға берді.

Мектепте ол алғаш татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды. Қыздар үшін де мектептер ашты. Мектептерге арнап көп жұмыстар атқарды.

Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, бастырды. Ыбырай бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгімелер жазды. Ы.Алтынсарин И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің әңгімілерін қазақ тіліне аударды.

Ыбырай Алтынсариннің «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері табиғат туралы. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» деген әңгімелері - өмірдің әр саласына арналған әңгімелер. Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алса да, балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады. Оның «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін қазір барлық балалар жатқа біледі.

Ыбырай Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған. Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді әрқашан жоғары бағалайды. Алтынсариннің әдеби және педагогикалық еңбектері қазақ, орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты. Қазақстанда бірқатар жалпы және арнаулы орта оқу орындарына Ы.Алтынсарин есімі берілді. Ы.Алтынсарин туралы ақын Ғ.Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты поэма, драматург М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин» деген пьеса жазды. Қостанай қаласында оған ескерткіш орнатылды. Республикадағы педагогика ғылыми-зерттеу институты Ы.Алтынсарин есімімен аталады.

Ы.Алтынсарин – өз халқын жоғары бағалаған. Ол өз халқын сүйген патриот адам. Ы.Алтынсарин халқың адалдыққа, еңбекке және өзге халықтармен достықта болуға шақырды.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

1. Ыбырай Алтынсарин 1841 Торғай облысында туған.

2. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиелейді.

3. «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, бастырды.

4. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» деген әңгімелері бар.

5. Ы.Алтынсарин И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинский-

дің әңгімілерін қазақ тіліне аударды.

6. Алтынсариннің әдеби және педагогикалық еңбектері қазақ, орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты.

2-тапсырма. Берілген ереже қай етістің анықтамасы екенін табыңыз.

1.Қимылды орындаушы өзі ортақ етіс

2.Қимылды ортақтасып істейді ырықсыз етіс

3.Қимылды өзге біреуге орындатқызады өздік етіс

4.Қимылды орындаушы белгісіз өзгелік етіс

3-тапсырма. Мәтін бойынша қасиетті сөздерді тауып жазыңыз.

Ыбырайды атасы тәрбиелейді, _____.

Ол татар тілінде оқып, орыс _____.

Қазақ балалары _____ мектептер _____.

Ыбырай _____ арнап өлең, _____ жазды.

Оның педагогикалық _____ жоғары бағаланады.

Ол өз _____ патриот азаматы.

4-тапсырма. Тұйық етістіктерді ырықсыз етіске айналдырыңыз.

Үлгі: беру-берілді.

Ашу, алу, айту, орнату, шақыру, атқару, аудару, жазу, ішу, беру.

5-тапсырма. Төмендегі етістіктерге өзгелік етістің жұрнағын жалғап, сөйлем құрастырыңыз.

Айт, сөйле, жаз, бар, киін, қой, ойлат, оқыт.

6-тапсырма. Етіс түрлерін анықтаңыз.

Үлгі: жат-негізгі етіс.

Жат, келіс, жуынды, шық, көрсет, киінді, сөйлес.

7-тапсырма. Берілген өздік етісті жіктеңіз.

Жуын, киін, ойлан, таран.

8-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз жаттап алыңыз.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңлім суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рахат тауып басылады.

(Ы.Алтынсарин)

СОӨЖ

Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін жаттап алыңыз.

СӨЖ

Тапсырма. “ Ыбырай Алтынсарин ” тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

14 - сабақ

Кімдер лидер болғысы келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]