Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

11. Туған жеріңізде жер асты ескерткіштері бар ма? Жалпы, жер асты ескерткіштері жайлы қандай мәлімет білесіз?

12. Ұлттық мұражайлардың біріне саяхат жасап, алған әсеріңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Мынадай лексиканы қолданыңыз:

... көрмесімен таныстым, маған ... үлкен әсер қалдырды, ұлттық нақыштар, экспонаттар қойылған, ... , ... , жасалған бұйымдар, суретке түсірдім т.б.

13. Мәтіндерде айтылған ұлттық қолөнері, зергерлік бұйымдар т.Б. Өнер туындыларының суреттерін экспонат ретінде жинап, топ болып көрме ұйымдастырыңыздар.

14. тапсырма. Мәтінді оқып шығып, сөздіктің көмегімен аударыңыз және оған тақырып қойыңыз.

Қазақстанда ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жертөлеге ұқсас үйлер салына бастаған. Оларды басқаша “тоқалтам” деп те атады (Г.Ө.). Ақтөбе облысының Үстірт ауданында бейіттерге қоятын тастар тас қашайтын жұмысты дамыта түсуде. Ондай ескерткіш тастардың түрі көп: құлпытас, қошқартас, сандық тас, сағынатам, күмбез.

Құлпытас – төбесі геометриялық фигураларды көрсететін тік бұрышты тас.

Қошқар тас – қойдың басы мен мүйізі бейнеленген тас.

Сандық тас – сандық пішіндес тас.

Сағынатам – төбесі ашық қорған тас.

Күмбез – кесенелер.

Халықтық сәулет өнеріне қатысты Солтүстік Үстіртте кешендік ескерткіштер көп. Ол үлкен Жыбысқы деп аталады. Осы кешенде Доңызтау, Асан Қожа (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы), Дауымшар (ХҮІІІ-ХХ) т.б. композициялық Абат – Байтақ сияқты кесенелер бар. Осы нысандар мемлекеттік ұйымдардың көңіл бөлгенін, қайта соғу жұмыстарын жүргізуді күтіп тұр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]