Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

5.Берілген сөздерді орысша аудармасымен жұптастырыңыз.

мәртебе комплекс

ғажайып опора

кешен стрела

ауыспалы темп

сүйеніш соответствующий

жебе чудесный

құбылыс переносный

қарқын статус

лайықты явление

6. «Астананың туристік нысандары – көркем жерлері» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

7. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Өркениет, құрылым сөздерін қалай түсінесіз?

2. Еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өркендеп-дамуына қандай 3. жағдайлар, қажеттіліктер керек?

4. Қаламызда қандай денсаулық сақтау мекемелері жұмыс істейді?

5. Сіз болашақта қандай маман иесі болып жұмысқа орналасасыз?

8. Төмендегі министрліктер атауларын толықтырыңыздар:

1. Спорт және ....

2. Әділет .....

3. Білім және ....

4. Мәдениет және ....

5. Халықты әлеуметтік қорғау және ....

6. Қоршаған ортаны .....

7. Энергетика және .....

9. Сөйлемдерді салыстырыңыз, төл сөздің төлеу сөзге айналдырыңыз.

Радиодан: «Бүгін ауа-райы күрт өзгерііп жатыр», - деп хабарлады.

Балам: «Жұмыстан келе жатырсыз ба»? – деп сұрады.

Профессор: «Қай факультетте оқып жүрсің?»- деп сұрады.

Қазақ тілінің оқытушысы: «Біз синтаксисті көп зерттеп жүрміз.», - деді.

Факультет деканы: «Бәйге жеңімпазы марапатталып тұр», - деді.

СОӨЖ

Тапсырма . Аралық бақылау жазғызу.

СӨЖ

Тапсырма. «Менің туған қалам. Туристік нысандар» тақырыбына шығарма жазыңыз.

8-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Төл сөз бен төлеу сөздің келер және ауыспалы осы шақта берілуі.

Лексикалық тақырып: Жер ананы аяла.

ЖЕР – АНАНЫ АЯЛА

  1. Ойтүрткі. Мына сұрақтарға жауап берейік:

а) Қоршаған ортаны қорғау күнін білесіз бе?

ә) Оқушы кезіңізде мектепте ағаш отырғыздыңыз ба?

б) Бұлақ, өзендерді тазалауға қатыстыңыз ба?

в) Құстарға ұя жасадыңыз ба?

г) Қоршаған ортаны қорғау мерекесіне қатысып көрдіңіз бе?

2. Есіңізге сақтаңыз!

а. 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні.

ә. Қоршаған ортаны қорғау – 1972 жылдан мерекеленуде.

3. Мына сөздерді сөздіктен қараңыз:

Орта, құтқару, қорғау, ағаш отырғызу, шеру, қайта өңдеу, ең ауқымды, міндет, ескерту, қасірет, шөл, тықсыру, аялау.

4. Оқыңыз:

Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем халқын қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге шақырады. Биылғы жыл ұраны – “Жердегі өмір үшін теңіздерімізді құтқарайық!” деп аталады.

Қоршаған ортаны қорғау күні – 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол кезден ЮНЕП әлем халқын ағаш отырғызу, көше тазалау, велосипед шеруі, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл-қоқыстарды қайта өңдеуге жұмылдырып отыратын болды.

Экология – ғасыр соңында планета халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттерінің алдыңғы қатарына енді.

Табиғат та тірі дүние. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңнан алуды ғана білме, өзің Жер, Су, Ауаға алғаныңның орнын қайтып толтыратыныңды ойла деген ескерту жасауда. Сол ескертудің дәлелі – Арал қасіреті, тұщы су көздерінің азаюы, шөлдің тықсырып келе бастауы.

Жері жасыл, ауасы таза, суы мөлдір жұрттардың халықтары ұзақ өмір сүреді де, табиғаты бүлінген, қоршаған ортаны қорғауға немқұрайды қараған ел адамдарының өмірлері де қысқа екендігі осыған дәлел. Еуропа елдері ормандарын аялайды. Оңтүстік Корея ағаштарын кесіп өндіріске пайдаланбайды. Бұл – табиғатты аяламайтындарға үлкен сабақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]