Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Уақытты бағалай біл

  1. Сөздермен жұмыс істеңіз. Сөздіктен табыңыз.

Кісі, кісілік, даналық, ортақ ақсүйектік, мойындамау, мерзім, тәулік, текті, қадағалау, бағыт, дерт, еріншек, іскер, мәртебелі.

  1. Сөздердің орыс тіліндегі аудармасын көрсетіңіз, сөздікті пайдаланыңыз.

а. кісі человечность, благододство

ә. кісілік воспитанный

б. даналық болезнь

в. ақсүйектік следить, наблюдать

г. мойындамау уважаемый

д. қадағалау великосветский

е. дерт мудрость

ж.мәртебелі человек

3.Ойтүрткі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

а. Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз? (демалыс күніңізді)

ә. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

б. Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

в. Әр күнге жоспар құрасыз ба?

г. Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

д. Уақыт – алтыншы қымбат дейді. Неге?

4. Мәтінді оқыңыз.

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ календарь бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгіленгеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне -өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

(«Қаржы-қаражат» журналы, №6. 1995 ж.)

Шын (ш) немесе жалған (ж) Ш Ж

1. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтіруден басталмақ

2. Даналық жасқа байланысты

3. Елдің бәріне ортақ бір-ақ календарь бар

4. Тек оны әркім әртүрлі пайдаланады

5. Уақыт ақсүйектікті мойындамайды

6. Ханға да, қараға да берілетін мерзім тәулігіне 25 сағат

7. Дүниеде уақыт белгіленгеннен артық демократия бар

8. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытты бағалай білсе, сол ғана тектілер қатарына қосылмақ.

9. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады.

10. Өзін-өзі бағыт белгілейді.

11. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді.

6. а. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы сөйлемдерді табыңыз.

б. Мәтіннен шартты райды сөйлемдерді табыңыз.

в. Мәтіннен сан есімді сөйлемді табыңыз

  1. а. Көршіңізбен уақыт туралы әңгімелесіңіз.

ә. Күнделікті жұмыс тәртібі туралы

б. Демалыс күні туралы сұраңыз

8. ХХ ғасыр ғажаптарын атаңыз.

Мысалы:

а. Адам ғарышқа ұшты.

ә. Медицина жақсы дамыды.

б. Техника өте жақсы дамыды.

в. .....

г. ....

  1. ХХІ ғасырдағы техника жаңалықтарын атаңыз.

Мысалы:

а. компьютер пайда болды

ә. телефон, телефакс

б. электротолқынды пеш

в. автомобильдің көптеген түрі

г. кір жуғыш машина

ғ. тоңазытқыш

д. электронды пошта

ж. ұшақ (самолет)

з. телевизор

е. магнитофон

  1. Жоғарыда аталған техникалық ХХІ ғасыр ғажаптарын нөмірлеріңіз, сіз үшін ең маңыздылары қайсысы? Уақытыңызды осы техникалар арқылы аласыз ба?

Үлгі: Мен үшін маңыздысы Неге? Себебі?

Компьютер Жазатын жұмысым көп

Телефон Уақытымды көп үнемдеймін

Кір жуғыш машина

Электронды пошта

Телевизор

Электротолқынды пеш

Ұшақ

Тоңазтқыш

11. ХХІ ғасыр ғажаптарының (техникалық) жақсы жағын, жаман жағын атаңыз.

Компьютер

Автомобиль

Телевизор

Электротолқынды пеш

Ұшақ

Телефон

Жақсы жағы Жаман жағы

12. Мына өлеңді жаттап алыңыз.

Уақытты тоқтататар шама бар ма?

Бәрі өтеді дәуірлер замандарда.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой ...

Өтеді барлығы да.

Күн арқалап кетеді таңда мына.

Менің жаным ашиды барлығына.

Таң нұрына, адамның тағдырына.

М.Мақатаев

Сіз не айтар едіңіз?

Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол.

В.Г.Белинский

Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат.

А.В.Суворов (орыс қолбасшысы)

Өмір (уақыт) қайта оралмайды

1. Сөздермен жұмыс (сөздікті пайдаланыңыз)

қас-қағым сәт, мазалау, өтіну, жұлып тастау, ажар беру, жігер, ғажап, мәңгі, албырт қадам, балауса, балғын, небір, тындыру.

  1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар

а) Жастық шағыңызда не істедіңіз, не тындырдыңыз (өзге үшін, өзіңіз үшін)

ә) Бүгінге дейін не істедіңіз, не тындырдыңыз (өзге үшін, өзіңіз үшін)

б) Бос өткен уақыттарыңыз көп болды ма?

в) Алдағы мақсаттарыңыз не? (өзге үшін, өзіңіз үшін)

г) Не істей алдыңыз, не істей алмадыңыз?

  1. Мәтінді оқыңыз.

Өмір – қас-қағым сәт. Өтеді де кетеді. Не істей алдың, не істей алмадың деген екі сұрақ бізді мазалауы тиіс.

Мына үзіндіге назар аударыңыз.

  • Маған енді алты күн беріңізші... Оноре де Бальзак өзін емдеген дәрігерден осылай өтінеді.

  • Алты күн – бұл көп емес қой... Мен өзімнің елу том шығармамды тездете

қарап шығар едім, оның нашар беттерін жұлып тастап, жақсысына ажар бере түсер едім. Адамның жігері небір ғажап тудырады. Мен өзімнің елу том шығармамды тездете қарап шығар едім, оның нашар беттерін жұлып тастап, жақсысына ажар бере түсер едім. Адамның жігері небір ғажапты тудырады. Мен өзім жасаған сол дүниелерге алты күн ішінде мәңгі өмір берер едім… Бұл жазушының үзілер алдындағы соңғы сөзі еді.

Өмірдің қай жерден басталып, қайжерден аяқталатынын ешкім де білмейді. Сен үшін, Адамзат, негізгі мақсат - өмірдің мәні мен мағынасында! Мақсатың болмаса, ештеңе тындыра алмайсың.

Балауса, балғын кезінде албырт қадам жасайсың. Орта жастан асқанда ойланасың. Әттең, өткен күндеріңді қайтара алмайсың. Өмір қысқа болатыны сондықтан.

* * *

Жер жүзінің жартысын жаулап алған Шыңғысхан күші қайтып, өмірден өтерінде қытай емшісін қасына шақырып алыпты.

Оңашада айтқаны:

- Тіпті құл болып (быть рабом) жүргеніме риза болар едім, жастық шағымды қайтарып бере аласың ба? …

- …

Үмітін үзбей:

  • Егер осы айтқанымды орындасаң, патшалығымның жартысын берер едім, - дейді.

Емшінің амалсыз бас шайқағанын көріп, жанарынан жас моншақтары үзіліп түскен екен.

Ертеңгі күн өкінбеу үшін қимылда. Бүгін ойлан, толған. Ал ертең рахаттан, қуан, шаттан. Өйткені, өмір қайта оралмайды...

(Әкім Ысқақ. «Адам іздеп жүрмін» кітабынан)

4. а) Мәтіннен Оноре де Бальзактың сөзін табыңыз, айтыңыз.

ә) Мәтіннен Шыңғысханның сөзін табыңыз, айтыңыз.

5. Рольде ойнаңыз. Дәрігер (емші), Онор де Бальзак, Шыңғысхан автор.

6. ӨЗ пікіріңізді, қорытындыңызды айтып көріңіз.

7. Лексикалық түсініктеме:

  1. қас-қағым – синонимі –жылдам, тез;

  2. қас-қағым сәт – қысқа уақыт, қысқа мерзім;

  3. өтіну – просить, умолать, упрашивать;

өтініш –заявление, просьба;

өтініш ету –просить;

  1. жұлып тастау – вырвать, рвать, удаление;

  2. ажар беру – ажарландыру –разукрасить, украшать,шлифовать;

ажар –вид, облик, цвет лица;

ажарлы кісі –красивый человек;

  1. ғажап – изумительный, удивительный;

ғажап – керемет;

ғажап адам – удивительный человек, чудесный человек;

  1. албырт – задорный, напористый;

албырттық –задорность;

албырт қадам – задорный шаг

албырт көзқарас – задорный взгляд;

Мысалы: Жас кезде бәрімізде албырттық болған;

  1. балауса – синоним –жас;

балғын жас –нежный возраст;

балғын шақ –юные годы;

  1. тындыру – довести да конца, выполнить

тындырымды –исполнительный, оперативный

  1. небір – всякий, всякие

  1. Жоғарыда берілген сөздермен сөз тіркестері, сөйлемдер құраңыз.

  1. Лексикалық тапсырма:

  1. Қас-қағым сәт – фразеологиялық сөз тіркесіне синоним табыңыз.

  2. Көп – сөзінің антонимін табыңыз.

  3. Нашар – сөзіне синонимдер табыңыз.

  4. Өмірден өтерінде –синонимін табыңыз

  5. Емші – сөзінің синонимдерін табыңыз

  6. Жақсы – сөзінің антонимін табыңыз

  7. Бізді мазалауы тиіс – бұл сөйлемді тағы басқаша қалай айтуға болды

  8. Ажар бере түсер едім – басқаша қалай айтуға болады?

  9. Ертең – антонимін табыңыз.

  10. Басталу –антонимін табыңыз.

  1. Грамматикалық тапсырма.

а. Мәтіннен - ды, -ді, -ты, -ті тұлғалы жедел өткен шақты табыңыз.

ә. Мәтіннен - а, -е, -й, тұлғалы ауыспалы осы шақты табыңыз.

б. Мәтіннен - ар, -ер, -р тұлғалы болжалды келер шақты табыңыз.

в. Мәтіннен сыпайы тұлғада - ыңыз, -іңіз (вежливая форма) берілген бұйрық райды табыңыз.

г. Мәтіннен - на, -не жалғаулы барыс септігіндегі сөздерді табыңыз.

ғ. Мәтіннен -ды, -ті жалғаулы табыс септігіндегі сөздерді табыңыз.

д. Мәтіннен ІІ жақ жіктік жалғаулы сөздерді табыңыз

Үлгі ойлана+сың. Сен ойланасың.

Ж. Мәтіннен күрделі етістіктерді табыңыз (көмекші етістіктердің астын сызыңыз).

Үлгі : Қайтара алмайсың.

12-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Етістік.

Лексикалық тақырып: Ұлы адамдар өмірінен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]