Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

10. Топты полемикаға шақыратын сұрақтар дайындаңыз.

11. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

а) Сізді күнделікті пайдаланатын суыңыздың тазалығы ойландыра ма?

ә) Сіз суды ысырап жасайтындарға қалай қарайсыз?

б) Үйде суды қалай үнемдейсіз?

в) «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіз?

г) Су тапшылығы неліктен деп ойлайсыз?

12. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:

1. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі...

2. Босниядағы соғыс кезінде...

3. Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста...

4. Тек қана Сомалиде емес...

5. Статистиктер мен зерттеуші ғалымдар...

6. Израильмен арадағы түсінушілік...

7. БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда...

8. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода...

9. Мұнай үшін болған соғыстар...

10. Табиғат – тәңірдің сыйы...

11. Табиғат – Ананың сыйы...

13. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:

Өзекті мәселенің бірі, тұщы суларды бүлдіріп, уландырып жатыр, соғыс кезінде, көздерін жою, қолданылған, қару ретінде, зерттеуші ғалымдар, ескертеді, Йордания королі, кедергі болуы, арадағы түсінушілік, үштен екісі, зардап шегетін көрінеді, Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі, суды пайдалану, адамзат аллдындағы, ұмытпайық.

14. Шақтармен жұмыс істеу. Мына сөйлемдердегі сызықша орнына нақ осы шақ немесе ауыспалы осы шақ тұлғасын қойыңыз.

а. Су туралы көп (жазылу, жүр).

ә. Су туралы көп (айтылу, жүр).

б. Экологияға жауапсыз қарауымыз – қаншама теңіз, өзендер мен көлдердің суын (улану, жату).

в. Су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін (ескерту).

г. Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта (қалу).

СОӨЖ

Тапсырма. «Су – тіршілік көз» дөңгелек үстелін өткізіңіздер..

СӨЖ

Тапсырма. Қазақстандағы ауыз су мәселесі қандай деңгейде? Пікір-талас жүргізіңіздер.

10-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Сын есімнің мағыналық түрлері, жасалуы. Салыстырудың берілуі.

Лексикалық тақырып: Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

Назар аударыңыз!!!

Салыстыру, ұқсатуларда мына сөздер пайдаланылады.

Сияқты, секілді іспеттес, сықылды, тәрізді, ұқсас, бірдей.

Объектілерді салыстыру, ұқсату барысында мына сөз тіркестері де

қолданылады:

бір-біріне, бір-бірімен, біріне-бірі. Ал толық ұқсатуда бірдей сын есімі де қолданылады. Мысалы: Ағайындылар ұқсайды. Олар бір біріне ұқсайды, біріне бірі ұқсайды. Егіздер бірдей, айыра алмадық. Мына мақала мен мына мақаланың мазмұны бірдей.

Мына тұрақты тіркестер де ұқсастықты білдіруде қолданылады;

Аузынан түсіп қалғандай; Бір судың тамшысындай; Егіздің сыңарындай;

Сойып қаптап қойғандай.

Ұқсамайды; Айырмасы жер мен көктей; үш қайнаса сорпасы қосылмау

(Г.Смағұлова., Мағыналас

фразеологизмдер сөздігі).

1. Сын есімнің салыстырмалы шырайы қалай жасалады? Еске түсіреміз.

2. Салыстыру үшін керек тірек сөздердің тұлғасына мән беріңіз:

1) (б.с.) қарағанда - сын есім

Ол Әділетке қарағанда биік.

2) Зат есім + (ш.с.) - сын есім

Ол Әділеттен биік.

3) Зат есім + (ш.с.) - сын есім + жұрнақтар

Ол Әділеттен биігірек.

4) Септеулік шылаулар: секілді, сияқты, тәрізді, іспеттес, сынды, т.б.

Әділет сынды балалар көп.

5) (б.с.) ұқсайды, ұқсас, ұқсаған

Ол ағасына ұқсайды. Бұл оқиға кешегіге ұқсас.

6) (б.с.) тартады, тартқан

Оның мінезі анасына тартқан.

7) (ш.с.) аумайды, аумаған

Сәуле әкесінен аумайды.

3. Жоғарыдағы сөздермен өз мысалыңызды беріңіз.

4. Орыс тілінде берілген әңгімені оқып, аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]