Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

Қазақ тілі – көне тіл

Қазақ тілі – қыпшақ тілдер тобындағы ең бай және көркем тіл. Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жататын көне тілдердің бірі. Қазақ тілі түркі тілінің “Қыпшақ-ноғайлы тілдері” деп аталатын тобына жатады.

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси-шаруашылық жағдайы жағынан да тығыз байланыста болып келді, сондықтан оның тілі де сол халықтар тілімен өте жақын қарым-қатынаста болды.

Бұл жағдайлар жазба нұсқалардың түркі халықтарының барлығына да ортақ болғанын көрсетеді. Қазақ тілі туыстық сипаты жағынан да, ұқсастық белгілері жағынан да “түркі тілдері” деп аталатын топқа қосылады. Типологиялық белгілері жағынан басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілі де жалғамалы (агглютинативті) тіл деп есептеледі.

Түркі тілдер тобына енетін тілдер:

1. Қазақ 7. Чуваш 13. Хакас

2. Әзірбайжан 8. Қарақалпақ 14. Алтай

3. Қырғыз 9. Түрік 15. Құмық

4. Өзбек 10. Башқұрт 16. Қарашай-балкар

5. Татар 11. Якут (Саха) 17. Гагауз

6. Түрікмен 12. Тува 18. Ұйғыр

Осы тілдердің ішінде бір-біріне жақын көне қыпшақ-ноғайлы тілдері тобындағылар:

1. Қазақ. 2. Ноғай. 3. Қарақалпақ 4. Қарашай-балқар 5. Қырғыз 6. Татар 7. Башқұрт 8. Құмық.

Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық мағынасынан, дыбыстық жүйесінен, грамматикалық құрылысынан нақты байқалады. Сонымен қатар түркі тілдерінің әрқайсысына тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктер де болады. Ондай өзгешеліктерді қазақ тілін басқа туыстас тілдермен салыстыра отырып та байқауға болады.

1. Басқа түркі тілдерінде б, ғ. г дыбыстары келетін орындарда у, к, қ дыбыстарын қолданады.

Мысалы: аба-ауа, тағ-тау, гелді-келді, гырмызы-қырмызы.

2. Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін біраз сөздерде қазақтар с дыбысын қолданады.

Мысалы: баш-бас, таш-тас т.б.

3. Басқа түркі тілдерінде сөз басында и дыбысы келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады.

Мысалы: иаш-жас, иол-жол, иаз-жаз, иыл-жыл, т.б.

4. Түркі тілдерінде –лар қосымшасы дыбыс үндестігіне сәйкес өзгермесе, қазақ тілінде өзгереді.

Мысалы: маллар-малдар, атлар-аттар, т.б.

5. Басқа тілдерде сұрау есімдігінде н дыбысын қолданса, қазақ тілінде й дыбысы қолданылады.

Мысалы: қандай, қайда, т.б.

6. Кейбір түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың созыңқы түрі болса, қазақ тілінде ол жоқ.

3-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Сөз тіркестерінің (зат есім мен сын есім) септік жалғаулары.

Лексикалық тақырып: Еуразия университеті – менің университетім

Еуразия университеті – қазақ және орыс бөлімдерінде 82 мамандық бойынша дипломды маман және 31 бағыт бойынша бакалавр даярлауға 2001 жылы 17 қарашада лицензия (АА сериялы № 0000002) алған жоғары оқу орны. Университетте 57 кафедра бар.

  1. Университет құрамында мынадай факультеттер жұмыс істейді:

  2. Математика және механика факультеті;

  3. Ақпараттық технологиялар факультеті;

  4. Жаратылыстану ғылымдары факультеті;

  5. Физика-техникалық факультеті;

  6. Сәлет, дизайн және бейнелеу өнері факультеті;

  7. Халықаралық қатынастар факультеті;

  8. Филология факультеті;

  9. Заң факультеті;

  10. Әлеуметтік ғылымдар факультеті

  11. Экономика факультеті;

  12. Журналистика және саясаттану

Еуразия университетінің оқу процесі бес ғимаратта жүргізіледі. Ол барлық талаптарға сай келеді.

Әлемдік үлгіде салынған Бас (Әкімшілік-оқу) ғимарат Ақбұлақ каналының бойында орналасқан. Ол 2000 жылы пайдалануға берілді. Аумағы 20 мың шаршы метр. Бұл ғимаратта университеттің әкімшілігі, оқу-әдістемелік басқармасы, Халықаралық қатынастар факультеті және ұлы түрік қолбасшысы Күлтегін (VІІ) ескерткішінің көшірмесі қойылған мұражай орналасқан. Осы ғимаратта студенттердің табысты оқуы мен оқытушылардың шығармашылық қызметіне қажеті бар жағдай жасалған. Қазіргі заманның зертханалық база, лингофондық кабинеттер, аудио және видеотехникалар, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар осыған дәлел.

Жаңа үлгідегі 8 қабатты оқу-зертханалық ғимарат 4 мың студентке арналған. Оның көлемі – 20 мың шаршы метр. 2003 жылы пайдалануға берілген бұл ғимаратта 1 мың орындық конференцзал, кең дәрісханалар, үлкен кітапхана, ауқымды оқу залдары, асхана бар.

Бүгінде ЕҰУ халықаралық деңгейге тез әрі мақсатты түрде көтеріліп келеді. Еуразия ұлттық университеті мынандай әлемге белгілі білім және ғылым орталықтарымен тығыз ынтымақтастыққа негізделген байланыс орнатқан:

1-тапсырма. Мәтін лексикасын меңгеріңіз, мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Студенттік өміріңіз туралы монолог құрыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]