Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Абай Құнанбайұлы

Абай - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, iрi ағартушы, қазақ әдебиетiнiң негiзiн салушы, қоғам қайраткерi. Абай 1845 жылы Семей облысында туған. Әкесi Құнанбай бай, би, ру басы, Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған. Анасы Ұлжан, әжесi Зере мейiрiмдi, қамқор адамдар болыпты. Олар Абайға ертегi, аңыз, әңгiме көп айтатын.

Құнанбай дiншiл болған, сондықтан ол ауылында Ғабитхан деген молданы ұстаған. Абай да молдадан оқыған. Абайдың зеректiгiн байқаған соң, Құнанбай оны Семейдегi медресеге берген. Абай медреседе оқып жүрiп, шығыс классикалық поэзиясымен танысты. 3 айлық орыс мектебiнен дәрiс алды. 13 жасында әкесi баласын медреседен шығарып алды, өйткенi Абайды ел билеуге үйретпек болды. Ел аралап жүрiп, ол қазақтың ғұламаларының халық аузындағы сөздерiн, мақалдарын, ертегiлерi мен нақылдарын меңгердi. Абай осы кезде араб, парсы, түркi тiлдерiн кiтап арқылы үйренедi, осы тiлдердегi шығармалармен танысады. Ол махаббат бостандығын, әдiлетшiлдiктi, әлеуметтiк прогрестi жырлайтын Низамидi, Науаидi, Хафиздi, Фирдаусидi қадiр тұтты.

Семейде ол саяси жер аударушылар Грось және Михаэлспен танысып, екеуiн ауылына қонаққа шақырады. Олар Абайды орыс әдебиетiмен таныстырды. Солардың ықпалымен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Тургенев, Достаевский, Белинский шығармаларымен танысты. Абай әсiресе, Лермонтовтың шығармаларын сүйiп оқыды, өлеңдерiн аударды. Абай қазақ тiлiне “Евгений Онегиндi” аударды, оның iшiнде аудармашының өзi ән шығарған “Татьянаның хаты” қырда үлкен сүйiспеншiлiкке бөлендi.

1904 жылы Абай қайтыс болды. Ұлы ақын артына үлкен iз қалдырды.

Абай қазақ өмiрiнiң энциклопедиясын жасаған шыншыл суреткер. Ол “Қалың елiм қазағым”, “Сегiз аяқ”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм”, “Жiгiттер, ойын- арзан, күлкi- қымбат” т.б шығармалары арқылы қазақ топырағындағы әдiлетсiздiктi сынап, қазақ жастарын оқу-бiлiмге шақырды.

Абай - қазақтың ғана ақыны емес, бүкiл адамзаттың ақыны, әлемдiк поэзия алыптарымен қатар тұрған ғаламат тұлға.

Сөздік

сазгер – композитор қоғам қайраткері – общественный деятель

негізін салушы – основоположник дiншiл – религиозный человек

қадір тұту –здесь: уважать зеректiгiн байқаған соң – заметив способность

ел билеуге – руководить, управлять народом ғұлама – мудрец

нақыл-афоризм махаббат бостандығы – свобода любви

әділетшілдікті – справедливость әлеуметтiк прогресс – социальный прогресс

қамқор – заботливый сүйіспеншілік –любовь

қырда – в степи ғаламат -огромный

алып – здесь: великан ықпал – влияние

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

1. Абай 1845 жылы Семей облысында туған.

2. Оның әжесі мейірімді, қамқор Адам болған.

3. Абай Семей медресесінде оқыған.

4. Ол шығыс классиктерін қадір тұтқан.

5. Абай Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыды.

6. Абай өз шығармаларында әділетсіздікті, білімсіздікті сынады.

2-тапсырма. Етістіктерді бұрынғы өткен шақ формасына қойыңыз.

Туады, біледі, оқиды, танысады, меңгереді, аударды, қалдырды.

3-тапсырма. Сан есімдерді жазбаша түрде жазыңыз.

Абай 1845 жылы Семей облысында туған. Ол 3 айлық орыс мектебінен дәріс алды. Оны 13 жасында әкесі медреседен шығарып алады. Абай 1904 жылы қайтыс болды.

4-тапсырма. Төмендегі етістіктерге өзгелік етістің жұрнағын жалғап, сөйлем құрастырыңыз.

Айт, сөйле, жаз, бар, киін, қой, ойлат, оқыт.

5-тапсырма. Етіс түрлерін анықтаңыз.

Үлгі: жат-негізгі етіс.

Жат, келіс, жуынды, шық, көрсет, киінді, сөйлес.

6-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.

Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оясын,

Жыласын көзден жас ақсын,

Ойсырауым боялсын

(А.Құнанбаев)

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

Абай әжесі Зере ... өте жақсы көрді. Әкесі Абай ... орыс мектебі... береді.

Ол жастарды біл... алуға, өнер үйренуге шақырды. Ол қазақ халқы... ұлы ақын... . Абай есім... халық жүрегін... мәңгі сақтайды.

8-тапсырма. Төмендегi Абайдың өлеңiн оқыңыз, жаттап алыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]