Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

9. Мына сөйлемдерді жазыңыз, оқыңыз. Біреудің сөзін, ойын айтыңыз.

1.Маған «Егемен Қазақстан газетінің таным беттері ұнады», - деді

Раушан.

2.Мен «Шахмат ойлылар ойыны айдарымен берілетін мақалаларды

оқыдым», - деді Салтанат.

3.«Нобель сыйлығын ең жас ғалым – 25 жасар физик Уйльям

Брэг алды», - деді оқытушы. Ол бұл сыйлықты 1915 жылы әкесімен бірге алған.

СОӨЖ

Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы не білесіз? Реферат дайындаңыз.

СӨЖ

Н.Назарбаевтың «Елім менің» әнінің мәтінін аударыңыз. Талдаңыз. Жаттаңыз.

7-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Төл сөз бен төлеу сөздің нақ осы шақта берілуі.

Лексикалық бақылау: Астана.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Ақмола қаласының негізі қашан қаланды?

  2. Қала атауы Астана деген атқа қашан иеленді?

  3. Қалада қандай мәдени орындар бар?

  4. Сіз қай жоғары оқу орнында, қандай мамандықта оқисыз?

  5. Астана қаласы сізді қандай ерекшелігімен қызықтырады?

  6. Сіз болашақта қаламыздың өсіп-дамуына қандай үлес қосар едіңіз?

  7. Елордамызда қандай ескерткіштер бар?

Ел ордасы – Астана

2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұндаңыз:

Астана қаласы – республикамыздың тек әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы заман талабына сай дамыған орталық болып есептеледі.

Бүгінгі өркендеген жаңа Астанамызда бірнеше зәулім ғимараттар мен ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде. Астана қаласы үш ауданға бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары.

Республика Астанасында бірнеше мәдени орындар мен театрлар: К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, сонымен қатар қалалық филармония бар. Талантты ақын-жазушыларымыз көрікті де, көркем Астанамызға арнап көптеген өлең-жырлар жазып, әнге қосуда!

Елордамызда бірнеше ірі жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар қалашығы, республикалық аурухана мен емханалар бар. Мәселен: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет, Медицина академиясы, Ұлттық музыка академиясы, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Еуразия гуманитарлық институты т.б. Сондай-ақ, «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері мен Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион бар.

Қаламыздың көрікті жерлерінде С.Сейфуллин мұражайы, Өлкетану мұражайы, Бейнелеу өнері мұражайы мен Қазіргі заман өнер мұражайлары орналасқан. Сонымен қатар қаламызда «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», «Әлем», «Артем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары бар.

3. Астананың қандай көрнекті жерлерін араладыңыздар? Топпен талқылаңыздар.

4.Сөздердің синонимдерін жазыңыз.

айғақтау ғажайып, тірек, даңқ, марқасқа, жетік білу, оң қапталында, қарыштап даму, айшықты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]