Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

4. Мәтіннің көмегімен жалғаулар қойып, сөз тіркестерін аяқтаңыздар.

  1. күнтізбелер текшелер... (состоят) ...

  2. елдің белгісі... (показывающий) ...

  3. фарфор... (изготовленный) ... сыйлық

  4. ұлттығымыз... мәлімет (дающий) ...

  5. жоғары баға... (обладает) ...

  6. қазіргі заман... (достойный) ...

  7. нығыздай түсетіні... (нет сомнения) ...

5. Жоғарыдағы тапсырмадағы етістіктермен сөйлемдер жазыңыз. Үлгі: Туристік фирманың мақсаты көп міндеттерден тұрады.

6. Жақшадағы сөздерді аударыңыз.

  1. Азамат келген (гостям) ... фарфордан жасалған мылтық, қанжарлар (подарил) ... .

  2. Бұл сыйлық сол (государство) ... сипаттайды.

  3. (Казақстана) ... «Ақ орда», киіз үй, торсық, түйе, сандық, «Бәйтерек» (характеризуют) ... .

  4. Мен өз (республику) ... сыйлаймын.

  5. Барлық қазақстандықтар еліміздің рәміздерін (уважают) ... .

  6. Ол (другу) ... домбыра сыйлады.

  7. Мен фирма (знак) ... бар жапониялық қаламды (моему другу) ... сыйладым.

СӨЖ

Тапсырма. “Жақсы қонақ келсе – құт, жаман қонақ келсе – жұт” атты тақырыпта сахналық қойылым құрыңыз.

СОӨЖ

1. Мәтінді оқып шығып, мазмұндап беріңіз.

бағыт – маршрут

керуен – караван

әулие аралау – посетить святых

бабалар – предки

медет тілеу – попросить поддержки

төлеу – оплачивать

Жаңа Жібек жолы бағыты

Қазіргі кезде елімізде Ұлы Жібек Жолы бойымен жүретін, бірнеше керуен бағыттары бар. Бірақ, бұл керуеннің негізгі мақсаты – діни, яғни әулие аралап, бабалардан медет тілеу. Мысал келтіре кетсек, Шуақ және Береке керуендерінің бағыты осы Ұлы Жібек Жолы бойымен жүреді. Керуен 5 күн жүріп (Алматы-күллі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – Алматы), 10 мың теңге көлемінде барлық қызметтер төленеді.

Біз осы 2 керуен бағытын негізге ала отырып, демалу, көңіл көтеру және түнеуге болатын жерлерді ескере

  1. Ұлы Жібек Жолының тармағы: Алматы-Шымкент-Алматы;

  2. Тараз қаласы және Айша бибі ауылы бойынша;

  3. Батыс Қазақстан бойынша болашақ бағыттарды өңдеп, талдадық.

Бұл бағыттарымыз өте тиімді және ішкі туризмнің дамуына ықпал етеді.

(Ж.Н.Әлиева, Н.С.Алагөзов. Хабаршы. Алматы: әл Фараби атындағы ҚазМУ, 2003, №2)

2. Мәтінді оқып шығыңыз. Таныс емес сөздерден сөздік түзіңіз.

Сөздік:

3. Жаңа сөздерді арнайы сөздік арқылы немесе оқытушының көмегімен аударыңыз. Мәдениет, музыка және ұлттық тағамдар

Туристерді тағы да қызықтыратын дүние ол – мәдениет, өнер мен музыка элементтері. Рухани мәдениет ескерткіштері ретінде жырау, ақындар, әнші және күйшілер өнерін жалғастыратын кәсіби мектептер ашылған. Осындай өнер туындыларын туристермен таныстыру үшін түрлі фестивалдар, концерттер мен айтыстар ұйымдастыру, оларды үнтаспа мен бейнетаспаға түсіріп тарату маңызды.

Ұлттық тағамдар ерекшелігі, тамақтың түрлілігі, дәмділігі туристердің есінде тек демалысты ғана емес ел туралы естеліктерді де қалдырады. Қазақ елі тек қой, жылқы, түйе мен сиыр бағып қана қойған жоқ. Олардың етінен дәмді тағамдар жасап, жүнінен киімдер тоқыса, сүтінен жасалған қымыз, шұбат, айран секілді сусындар, ірімшік, құрт, сары май, кілегей, қаймақ сияқты ағзаға қажетті дәрумендерге бай тағамдар бал татиды. Осы дәмдер туризм орталықтарының бір бөлігіне айналған орталық мейрамханалар мен этнографиялық дәмханаларда үлкен сұранысқа ие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]