Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

6. Әдебиеттер тізімі

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.

2. Күзекова З.С. Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған. Таным Астана: 2003.

3. Күзекова. З.С. Практикалық қазақ тілі. Алматы, «Ғылым» 2001.

4. Күзекова. З.С. Жаттығулар жинағы (электрондық нұсқасы).

5. Күзекова З., Құрманбайұлы Ш., Жусанбаева С. Қазақ тілі (Халықаралық қатынастар факультеті үшін). А., 1999

Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (Экономика факультеті үшін). А., 1997

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Астана: Елорда, 2000. – 532 б.

2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). – Астана: Елорда, 2001. – 230 б.

3. Сыздық Р.Г., Хұсайын К.Ш. Қазақша-орысша сөздік. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 962 б.

5. Уәлиұлы Н., Фазылжанова А., Күдеринова Қ., Әнес Ғ. Орфографиялық сөздік. – Алматы: Тіл білімі институты, 2007. – 480 б.

6. Түймебаев Ж. Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш. – Алматы: Ғылым, 2004. – 108 б.

7. Қазақтың мақал-мәтелдері. – Алматы: Көшпенділер. 2005. – 312 б.

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.

Білім көрсеткішін бақылау мына түрде жүргізіледі: Оқытушының басшылығымен жүргізілетін өздік жұмысы; сабақ барысындағы ағымдық бақылау; екі аралық бақылау (коллоквиум және жазбаша мазмұндау); қорытынды бақылау (тест түріндегі емтихан).

- практикалық сабақ барысындағы ағымдық бақылау – 20 %

- сабаққа қатысуы – 10 %

- ОСӨЖ – 20 %

- СӨЖ – 10 %

аралық бақылау – 20 %

емтихан – 20 %

8. Пән саясаты.

Студент практикалық сабақтарға, оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысына (ОСӨЖ) міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабақтарға жүйелі әрі тыңғылықты дайындалуы, белсенді қатысуы талап етіледі. Сабақ барысындағы жауап сапасына, белсенділік танытуына, бақылау тапсырмаларын орындау нәтижесіне баса көңіл бөлінеді. СӨЖ нәтижелері, өзіндік іздену, шығармашылық жетістіктері студенттің білімі дәрежесі көрсеткішіне айнала алады. Бақылау түрінің барлығына: ағымдық, аралық, қорытынды қатысу міндетті. Бақылаудың ауызша (коллоквиум), жазбаша (диктант түрлері, мазмұндама, шығарма, тест) мазмұнына қойылар талап төменгі деңгейде орындалса, соған сәйкес бағаланғанына қарамастан, студент оң нәтижеге қол жеткізгенге дейін өздігімен жұмыс жасайды. “Жақсы”, “өте жақсы”, деңгейіне қол жеткізе алмаса, бақылау алынып отырған блок “қабылданған жоқ” деп есептеледі.

Пәнді оқытуға қатысты ұғымдарды түсіндіретін

ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Дәріс (лат. Lectuo - оқу) – белгілі бір тақырып бойынша материалды баяндау. Жоғарғы оқу орындарында жаңа білімді хакбарлаудың алдыңғы қатарлы әдісі.

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Оқу пәнінің саясаты (грек. Politike – мемлекетті басқару өнері) – оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Силлабус (лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

СОӨЖ – оқытушының жетекшілігімен жасалған студенттердің өздік жұмысы.

СӨЖ – оқытушының қатысуынсыз орындалатын студенттің жоспарланған жұмысы.

Семинар – (лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Тренинг – студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.

Элективті курстар – (ағылш. Elect - таңдаулы) – студент өз еркімен таңдап алатын курстар.

1-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Септеу түрлері. Тәуелденген сөз тіркестерін жасау.

Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Талдауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы нені белгіледі?

2. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп кімдерді және нені айтады?

3. Конституцияны жасаушысы және қатысушылары кім?

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше рет және қай жылдары қабылданған?

5. Конституция құрылымы туралы әңгімелеңіз.

6. Әр бөлімді қысқаша баяндаңыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Конституция (лат. Constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық құрылыс негіздерін, мемлекеттік билік жүйесін, олардың қызметін, азаматтардың құқығы мен міндеттерін белгілейді. Оның жоғары заңдылық күші бар, Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Конституцияда, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттің ең қымбат қазынасы, мемлекет сол үшін қызмет етуі тиіс деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы – халық. Конституцияны жасауға түрлі мамандық иелері және қарапайым халық қатысады. Конституцияға өзгеріс енгізу өте қатаң және жиі қайталана бермейді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, Конституция екі рет қабылданды.

Бірінші рет 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданып, өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын толық атқарды...

Қазақстан Республикасының егемендік құқығына сай 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Халық Конституцияны қабылдады және әрі қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеті. Оның нәтижесін 5 қыркүйекте күшіне енгені туралы ресми жариялады. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, бүкіл қоғамның барлық іс-қимылын, тағдыры мен қалыптасушы жүйелерінің нормативті базасы.

Конституцияның құрылымы мен мазмұны.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

І бөлім. “Жалпы ережелер” деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси қатынастар, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.

ІІ бөлім. “Адам және азамат” деп аталады. Адамның құқығы мен бостандығы, міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер жинақталған.

ІІІ бөлімде Президенттің,

IV бөлімде Парламенттің,

V бөлімде Үкімет құрамының сайлану, тағайындалу мерзімі, атқаратын қызметтері, өкілеттіктері, ел экономикасы, ішкі-сыртқы саясат т.б. мәселелер баяндалған.

VI бөлімде Конституциялық кеңестің қызмет бағыты,

VII бөлімде Соттар мен Сот төрелігі қызметінің мазмұны,

VIII бөлімде Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері тұжырымдалған.

ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]