Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

11. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Адамзат пайда болған күннен бері .....................

а. лидерлер болмаған

ә. лидерлері болған

б. лидерлері жоқ

2. Лидерлік кез-келгеннің қолынан келмейтін, батылы да жетпейтін .............

а. жеңіл міндет

ә. ауыр міндет

б. оңай міндет

3. Кез-келген басшы өзіне жақсы ізбасар .........................

а. тәрбиелеу керек

ә. тәрбиелеуге міндетті

б. тәрбиелемейді

4. Басшы кәсіпкерлікке ...............................

а. бейім болмауға тиіс

ә. бейім болуға тиіс

б. бейімсіз болуға тиіс

5. Кәсіпкерлік ..................... бастау алады.

а. жалқаулықтан, білімсіздіктен

ә. сауатсыздықтан, надандықтан

б. батылдықтан, ынталылықтан

6. Басшы ...................................

а. бақылаушы емес

ә. бақылаушы, зерттеуші

б. орындаушы

7. Жауапкершілік, өзгелермен кеңесу де басшы үшін ..................

а. қажет емес

ә. ауадай қажет

б. керек емес

8. Жүйелі пікірі бар адам ........................

а. ойлай білмейді

ә. ойлай біледі

б. ойламайды

9. Ойлау ....................... тікелей байланысты.

а. ойнаумен

ә. оқумен, біліммен

б. жалқаулықпен

Кім лидер болғысы келеді?

(сабақтың жалғасы)

  1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыздар.

Жетістік, жеткіліксіз, қабілет, сенім, мықты, сергектік, қалыпты, тану, жіті, марапаттау, шарт, кері рух, тән, хабардар

  1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

а. Басшы болу үшін тағы не керек деп ойлайсыз?

ә. Уақытты бағалау керек деп ойлайсыз ба?

  1. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздердің сөздіктен қараңыз.

Басшылықта табысқа қол жеткізу үшін тек басшының жемісті еңбегі жеткіліксіз. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлермен бірге жетістікке жете алады. Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты.

Басшы болу үшін алдымен қабілет керек. Басшының ең бірінші өзіне деген сенімі мықты болуы тиіс. Жемісті еңбек үшін бұл өте маңызды. Өзіне деген сенім басшының жұмысына сергектік пен жылдамдық қосады, өзін-өзі жақсы тануы тиіс. Кемшіліктері мен жақсы әдеттерін біліп, орынды қолданғаны жөн. Мұнан соң басшы өзгелерді тануы керек. Басшы қызметкерлерін жіті қадағалап, жиі пікір алмасып отыруы тиіс.

Жүйелі түрде қызметкерлерді бақылау жұмыс барысында үлкен әсерін тигізеді. Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаған дұрыс.

Басшы өзіне арнайы уақыт бөліп, қызметтегі стресстерден құтылу үшін спортпен айналысқаны, көңіл көтеру шараларын жүзеге асырғаны дұрыс. Рух пен тән саулығы – жемісті еңбектің бірден-бір шарты. Басшы дамулар мен жаңалықтардың міндетті түрде хабардар болып отыруы тиіс. Сөйлеу мәдениеті жоғары, тілді жақсы меңгеруі тиіс.

(«Егемен Қазақстан», 2 қазан, 1998 ж)

4. Шын (ш) немесе жалған (ж)

Шын (ш) немесе жалған (ж)

Ш

Ж

а. Басшылықта табысқа қол жеткізу үшін тек басшының жемісті еңбегі жеткілікті.

ә. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлермен бірге жетістікке жете алады.

б. Топтың табысты еңбек етуі басшыға ғана байланысты.

в. Басшы болу үшін алдымен туысқан керек.

г. Өзіне деген сенім басшының жұмысына сергектік пен жылдамдық қоспайды.

д. Басшы өзін-өзі жақсы тануы қажет емес.

е. Басшы өзгелерді де тануы керек.

ж. Адам үшін ең қымбат нәрсе – ақша.

з. Еңбек уақытын реттеуге мән берілуі тиіс.

и. Басшы дамулар мен жаңалықтардан міндетті түрде хабардар болып отыруы тиіс.

5. Мына тапсырмаларды орындаңыздар.

1. Мәтінге ат қойыңыз.

2. Басшы келбетіне қажетті тірек сөздерді, сөз тіркесін мәтіннен теріп жазыңыз.

3. Мәтін мазмұнын ашатын бірнеше сұрақ дайындаңыз.

6. а) Мәтіндерден туынды зат есімдерді табыңыз.

Үлгі: бастаушы, басшы, сергектік .........

ә) Мәтіндерден туынды сын есімдерді табыңыз. Сын есім түрлерін есіңізге түсіріңіз.

Үлгі: жемісті, жүйелі .........

7. Өзіңіз көбірек білетін лидерлер, ұлы тұлғалар туралы, басшылар туралы әңгімелеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]