Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Шотанова УМК.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.11.2018
Размер:
517.12 Кб
Скачать

Студенттік өмір

Студенттік жылдар – белсенді қоғамдық қызмет кезеңі. ЕҰУ студенттері өмірінің орталығы Жастар ісі жөніндегі комитет )ЖЖК) болып табылады. Барлық институттарды ЖЖК-нің бөлімшелері бар, ал ең таңдаулы студенттер университет жастар комитетінің құрамына кіреді. Жастар ісі жөніндегі комитет атқарған маңызды істер аз емес. Студенттер, әсіресе, 23 мамырда дәстүрлі түрде аталып өтетін Университет Күні – Күлтегін күнін мерекелеуге белсене қатысады.

Университет күнінде “Жыл студенті”, “Жыл спортшысы”, “Жыл дарыны”, “Жыл белсендісі”, “ЕҰУ Аруы” номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады.

ЕҰУ-да көптеген студенттік клубтар жұмыс істейді: Дипломатиялық клуб, КТК, “Union”, “Парасат”, “Ойшыл” пікір сайыс клубтары, “Ариана” парсы тілі мен әдебиеті клубы, “Мақсат”, “Полис”, “Жас толқын” клубтары, “Орхон” пресс-клубы. Бұл клубтарда студенттер өз қабілеттерін ұштап, топ алдында сөйлеуге, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға машықтанады. ЕҰУ студенттік клубтары Жастар ісі жөніндегі Комитетпен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Университетте Республикалық “ХХІ ғасыр көшбасшысы Жастар орталығы” қоғамдық бірлестігінің филиалы бар.

Студенттердің өмірі тек қана академиялық сабақтармен шектелмейді, оларға қабілетін дамытуына және лайықты демалуына кең жол ашылған.

2002 жылы 30 тамызда Президент Н.Назарбаев өте жайлы бөлмелермен, жиһазбен және телефонмен жабдықталған тоғыз қабатты Студенттер үйін салтанатты жағдайда ашты. Мұнда студенттер үшін асхана, оқу залы, би залы бар.

СОӨЖ

3-тапсырма. «Менің алғашқы студенттік қадамым» тақырыбына шығарма жазыңыз.

СӨЖ

Әңгіме. Менің болашақ мамандығым.

4-САБАҚ

Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғау. Екі зат есімді тіркестің септелуі.

Лексикалық тақырып: Л.Н.Гумилевтің өмірі мен ғылыми қызметі

Лев Николаевич Гумилев – белгілі еуразияшыл ғалым, тарих және география ғылымдарының докторы, Еуразия халықтары тарихының мәселелері бойынша 200-ден аса ғылыми еңбек авторы. (1912-1992).

Л.Н.Гумилев – этнография, тарих, география, археология, психология, герменевтика сияқты бірнеше білім саласының тоғысынан туған этнология ғылымындағы жаңа бағыттың негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым.

Орыстың белгілі ақындары Николай Степанович Гумилев пен Анна Андреевна Ахматованың ұлы өзінің өмірдегі орнын тарих жыршысы, бірегей этногенез теориясының (тектану) авторы ретінде анықтады.

Терең танымның, ұшқыр ойдың иесі өз жаңалықтарын пәнаралық салада – тарих, география, жаратылыстану, психология, мәдениеттану сияқты ілімдер түйісінде ашты. Еуразия халықтарының бірлігі идеясын сараптау – Н.Трубецкой, П.Савицкий, Л.Карсавина, Г.Вернадский және басқа да алғашқы еуразияшылдар еңбегінен басталды, ғылыми негіздемесі мен дамуы Л.Н.Гумилев еңбегінде жалғасын тапты.

Л.Н.Гумилевті “еуразияшылдардың соңғы тұяғы” деп атайды. Бүгінде еуразияшылдар ілімі қайта жаңғырып, жалғасын табуда. Ғалым еңбектерінің мән-мазмұны туралы әңгімелейтін мезгіл жетті. Соңғы он бес жылда оның құнды ғылыми еңбектері жарыққа шыға бастады, қайта басылып та жатыр. Ондаған жылдар бойы басуға тиым салынған немесе шектеулі таралыммен шығарылған сол еңбектердің арасында “Ғұндар” (М, 1960), “Хазарияның ашылуы” (М., 1966), “Ежелгі түріктер” (М., 1967), “Қиял патшалығын іздеу” (М., 1970), “Қытайдағы ғұндар” (М., 1974), “Ежелгі Русь және Ұлы Дала”, “Этногенез және Жер биосферасы” (М., 1989), “Шырағың сөнбес үшін” (М., 1990), “Русьтен Ресейге дейін” (М., 1992) тәрізді бірегей туындылар бар.

Л.Н.Гумилев тауқыметке толы ғұмыр кешіп, 80 жылдығына 3 ай жетпей өмірден өтті.

Кітаптары мен еңбектері қарсыластарын қанша қорқытқанымен, көзі тірісінде-ақ Ұлы ғалым деп аталды.

Лев Николаевич Гумилев 1912 жылы 1 қазанда Царское Село жерінде, әдебиетшілер әулиетінде дүниеге келді, сөйтіп екі ұлы ақынның одағын одан әрі жарасымды ете түсті. Бұл адамдардың өмірі мен шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы жаңа орыс мәдениетіндегі айтулы құбылысқа айналды.

Л.Гумилев Бежецк орта мектебінде оқып, 1930 жылы Ленинградта совет мектебін тәмамдады. Университетке түскісі келеді, бірақ ата-анасының дворян тегінен шыққанына байланысты оқуға қабылдау кезінде қарсыластары көп болады.

1931 жылы Л.Гумилев Памирде ғылыми бөлімнің ғылыми көмекшісі ретінде қызмет атқарады. Памир Лев Николаевичті өзіне баурап алады. Тәжік пен қырғыздың ауызекі сөйлеу тілін меңгереді, дәруіштер мен босқындармен танысады.

1934 жылы Л.Н.Гумилев 22 жасында Ленинград университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. Е.Тарле, В.Струве және басқа да әлемге танымал ғалымдардан дәріс алады. Қоғамның толыққанды мүшесі ретінде жоғары оқу орнында оқуға қол жеткізеді. Петербург зиялыларының ортасында болады.

1938 жылдың қаңтарында Лев Николаевич тағы да негізсіз жазаның кесірінен тұтқындалып, “ерекше кеңес шешімімен” 5 жылға сотталады. Жазасын өтеу орны болып, әуелі Беломорканал жері белгіленеді. Бірақ “жұмсақ жазаны қатайту керек”,- деп шешкен заң орындары оның құжаттарын қайта тексеруге жібереді, сөйтіп ату жазасыа үкім шығарады, ол жазаны кейіннен Норильскідегі түрме тұтқыны етумен алмастырады.

1943 жылы қамау мерзімі аяқталады. Л.Гумилев майданға сұранып, 1944 жылы 1-ші Беларусь майданына ерікті солдат ретінде жіберіледі, Берлинді алу шабуылына қатысып, Рейх астанасының күйрегенін өз көзімен көреді.

1945 жылы Л.Гумилев университетке қайта қабылданады. 1946 жылдың қаңтарында барлық оқу курсы бойынша 10 мемлекеттік емтихан тапсырады.

Университет түлегі, төрт тілді: француз, неміс, көне түрік, латын тілдерінің білгірі, ғұндар өркениеті тарихының және ежелгі монғол тарихының маманы – Лев Гумилевтің әрі қарай білімін жалғастыруға, ғылыми ізденістерге ынта-ықыласы күшті, талабы зор болатын.

1946 жылы көктемде ол кандидаттық емтихандарын тапсырып, Шығыстану институты Ленинград бөлімшесінің аспирантурасына оқуға қабылданып, сол жылдың күзінде диссертация тақырыбын анықтайды.

1948 жылы Л.Гумилев тарих ғылымдары бойынша кандидаттық диссертация қорғайды, алайда ... 1948 жылы 6 қарашада, Алтайдағы ғылыми экспедиция жұмыстарын қорытындылау кезінде, ғылым кандидаты дипломын алу қарсаңында... ол тағы да тұтқындалды. 1956 жылы ұзақ сұрау салып, өтініш етуден соң, бостандыққа жіберіліп, “қылмыс құрамы болмауына байланысты” ақталып шығады.

Үйсіз-күйсіз, денсаулығы кеміген, жалпы алғанда, ғұмырының 14 жылын түрмелерге тастаған 44 жастағы Л.Гумилев туған қаласы Ленинградқа қайтып оралады. Докторлық диссертациясын 1961 жылы тамаша табыспен қорғап шығады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]