
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •§ 1. Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері
- •§ 2. Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
- •§ 3. Ресей протектораттығын қабылдау
- •§ 4. Қазақ-қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
- •§ 5. Патша үкіметінің хvііі ғ. Екінші жартысындағы қазақстандағы отарлық шаралары
- •§ 6. Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
- •§7. Қазақстанды ресейдің жаулап алуының аяқталуы
- •§§ 8—9. Хіх ғ. 60—90-жылдарындағы ресейдің қазақстандағы әкімшілік, сот реформалары
- •§ 10. Хіх ғ. Екінші жартысында қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
- •§ 11. Қазақстанның ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •Іі тарау. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресі
- •§ 12. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы
- •§ 13. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
- •§ 14. Қазақ-жоңғар соғысының тарихи қайраткерлері
- •§ 15. Хііі ғасырдың соңғы жартысындағы ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар
- •§§ 16—17. Хіх ғ. Бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
- •§ 18. Исатай тайманұлы және махамбет өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •§ 19. Хіх ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының патша отаршылдық саясатына қарсы күресі
- •§ 20. 1869—1870 Жж. Орал, торғай облыстарындағы және маңғыстау қазақтарының отаршылдыққа қарсы күресі
- •§ 21. Қазақстан ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында
- •§ 22. 1916 Жылғы қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
- •§ 23. 1917 Жылғы ақпан және қазан революциялары тұсындағы қазақстан
- •Ііі тарау. Хх ғасыр басындағы қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар
- •§ 24. Қазақстан хх ғасырдың бас кезіндегі жалпыимпериялық дағдарыстар тұсында
- •§§25—26. Қазақстандағы саяси партиялар
- •§ 27. Алашорда үкіметі
- •Іv тарау. 1920—1930 жылдардағы қазақстан
- •§ 28. Қазақстандағы ұжымдастыру
- •§ 29. Голощекин геноциді
- •§ 30. Қазақтардың атамекенінен ауа көшуі
- •§ 31. Қазақстандағы индустрияландыру
- •Іx тарау. Тәуелсіз қазақстан республикасы (1991—2000 )
- •§ 59. Қазақстан республикасы саяси жүйесіндегі өзгерістер
- •§ 60. Қазақстандағы сайлау жүйесі
- •§ 61. Нарықтық экономика қатынастары
- •§ 62. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
- •§ 63. Тәуелсіз қазақстан республикасындағы ұлт саясаты
- •§ 64. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық
- •§ 65. Тәуелсіз қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті
- •V тарау. 1920—1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •§ 32. Қазақстандағы мәдени революция
- •§ 33. Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы
- •§ 34. Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасуы
- •§ 35. Ғылымның дамуы
- •§1. Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының мақсаты — жергілікті өлкені жан-жақты зерттеу, өз мүшелерінің ғылыми қызметіне көмектесу және жергілікті өлке туралы мәліметтерді кеңінен тарату.
- •§2. Қоғамның әрекет ету ауданы Қырғыз республикасының аумағы болып табылады.
- •§ 36. Хх ғасырдың 20—30-жылдарындағы әдебиет
- •§ 1. Қоғамның мақсаты қазақ халқының мәдени дамуына мынандай жолдармен:
- •§§ 37—38. 1920—1930 Жылдардағы қазақстан өнері
- •§ 39. Қасіретті жылдар
- •Vі тарау. Қазақстандағы партия және жастар ұйымдары
- •§ 40. Қазақстан коммунистік партиясы
- •§§ 41—42. Қазақстан — ксро-ның құрамдас бөлігі
- •§§ 43—44. Қазақстан компартиясы басқару органдарының қызметі
- •§ 45. Экологиялық жағдайдың нашарлауы
- •§ 46. Қазақстандағы балалар және комсомол ұйымдары
- •Vіі тарау. Қазақстанда тұратын өзге ұлттар мен этностық топтар
- •§ 47. Патша өкіметінің көші-қон саясаты
- •§§ 48—49. Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- •§ 50. Кеңестік дәуірдегі жоспарлы миграциялар
- •§51. Қазақстандағы көп ұлттылық
- •§ 52. Қазақстан халықтарының ассамблеясы
- •Vііі тарау. Қазақ диаспорасы
- •§ 53. Диаспорология және диаспора ұғымы
- •§ 54. Қазақтардың шетке ауа көшу кезеңдері
- •§ 55. Тмд елдеріндегі қазақтар
- •§ 56. Алыс шет елдердегі қазақтар
- •§ 57. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы
- •§ 58. Шет елдердегі қазақтардың атамекеніне оралу проблемалары
§ 33. Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы
Сауатсыздықты жою. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады. Орталық басқару органдарынан 1917—1920 жж. аралығында РСФСР-дегі ұлттар ісімен айналысатын Халкомат және оған бағынышты Қырғыз (қазақ) революциялық комитет әрекет етті. Қазревком маңында пайда болған алғашқы құрылымдық бөлімшелердің бірі — халық ағарту бөлімі болды. Құрылған жергілікті бөлімдер екі бірдей: Қазревкомға және РСФСР Ағарту халкомына бағыныштылықта болды. Бұл жағдай жергілікті ағарту органдарының жұмысында екіұдайылық тудырды, ал оларға бірқатар шараларды: өлкедегі сауатсыздықты жою, оқу орындарын көптеп ашу, жаңа басылымдар ашу, халық арасында саяси-ағарту жұмысын жүргізу, т.б. жүзеге асыру міндеті тұрды.
ҚазКСР құрылғаннан кейін республикадағы бұрынғы бөлімдердің орнына халық ағарту комиссариаты құрылды. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 ж. 26 желтоқсанда РСФСР ХКК декреті бұқаралық сауаттылық жолындағы күрестің басы болды. “РСФСР халықтары арасында сауаттылықты жою туралы” декрет бұл мәселе бойынша мемлекеттік саясатты айқындады.
1919—1923 жж. Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын өткізуде байқалған негізгі проблемалар ішінен мыналарды атап айтуға болады:
— халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
— жаңа оқулықтар жоқтығы және жазу құралдарының жетімсіздігі;
— қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық “Сауатсыздық жойылсын” қоғамының бөлімшесі құрылды. “Сауаташқыш” газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып отырды, сауатсыздықты жоюшы — мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 ж. 11 ақпанда Қаз ОАК “Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы” қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың бірыңғай жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған бірыңғай қаржы қоры құрылды. 1931 ж. республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. 1930 ж. 14 тамызда КСРО үкіметінің жалпыға бірдей білім беру декреті сауатсыздықпен күресте маңызды рөл атқарды, Қазақстанда мұндай декрет 1930 ж. 27 тамызда жарық көрді. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің І съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы ақырғы ұйымдастыру кезеңіне аяқ басты. КАКСР Ағарту халкомы қасынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 ж. Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.
Алфавитті өзгерту. Сауатсыздықты жою міндеті қазақ тілінің орфографиясы және алфавиті туралы мәселені шешуді талап етті. Республика алдынан көлденең шыққан қиыншылықтардың бірі — қазақ алфавиті болды. 1920 жылдары қазақ алфавитін араб графикасымен белгілейтін еді.
Араб графикасы қалың еңбекші бұқарасы үшін қысқа мерзімде игеруге ауыр деп есептеліп, бірқатар ғалымдар оның орнына латын жазуын пайдалануды ұсынды. РСФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 ж. араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрады.
Бұл комиссия үш проблема бойынша жұмыс жасады:
1) Жазуы жоқ халық үшін жазу жасау;
2) Өз жазуы бар халық үшін латын қарпіне көшу;
3) Түркі жазуын реформалау.
1926 ж. наурыз айында І Бүкілодақтық түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латынға көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне КАКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынов қарсы болды. Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.
Араб алфавитін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдану — ұлттық мәдениетті күйретеді деп мәлімдеді. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа алфавитке көшуге әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді.
Алайда мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес елі басшылығының мүддесі республика өкілдерінің пікірімен есептеспеді. Жаңа алфавит жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 ж. күзінде латын негізіндегі қазақ алфавитінің жобасын ұсынды. Латын графикасы, еуропалық жазу жүйесі сияқты елдегі түркі тілдес халықтардың ұлттық сезіміне бейтараптық әкелді. Өйткені ол кезде орыс алфавитін тану отаршылдықтың бір көрінісі ретінде қабылдануы мүмкін еді. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады. Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Сөйтіп, латын араб алфавитін ығыстырып шығарды.
Алайда 1940 ж. латын қарпі орысшамен ауыстырылды. Республика бір мезгілде екі алфавитті: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін — орыс алфавитін қолданатын болды.
XX ғ. 30-жылдарының аяғына қарай КСРО орталықтанған мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 ж. кириллица негізіндегі жаңа қазақ алфавитінің жобасы жасалды. Бұл бағыттағы жұмысты өз кезінде Ы.Алтынсарин бастаған болатын. Жоғарғы кеңестің 1940 ж. 10 қарашадағы V сессиясында “Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитке көшіру туралы” заң қабылданды.
Саяси ағарту жүйесі. Қазақстанда сауатсыздықты жою үрдісі коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. 1918 ж. қаңтар айынан бастап Ағарту халкомында (РСФСР) барлық ересек халықты ағарту ісімен байланыстыратын мектептен тыс бөлімдер құрылды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тәрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің әр түрлі тәсілдері: дәріс оқу, баяндама, әңгімелесу, пікірталастар, әрқилы көрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920—30-жылдардағы Қазақстандағы саяси ағарту ұйымдарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды.
Қазақстан коммунистері үшін саяси ағарту актуалды маңызға ие болды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы нашар еді. Республика коммунистерін тәрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды.
Бұл мектептерде оқуға нағыз партиялық, кеңестік, кәсіподақ жұмыстарын атқаруға тиісті белсенділер тартылды.
Коммунистер арасында жүргізілетін саяси ағарту жұмыстарының өзге де түрлері: маркстік үйірмелер (өз бетімен жұмыс істеу дағдысын алу және марксизм теориясынан жалпы түсінік алу) және партиялық клубтар (партклубтар әр түрлі секциялардан — партия құрылысы, революция және партия тарихы, кәсіподақ қозғалысы, дінге қарсы насихат, т.б. тұрды) жүзеге асырылды. 30-жылдары саяси ағарту жұмыстарының мәні орталық басшылықтың саяси курсы бағытына бейімделе түсті.
Партияішілік қатынаста басқарудың әкімшілік формасы орныға бастады. Орта Азия және Қазақстандағы коммунистік партиялармен және басқа шығыстық коммунистік ұйымдармен жұмыс жүргізу үшін Мәскеуде Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы құрылды. Осы бюро ұлт тілдеріндегі саяси әдебиеттерді басып шығара бастады.
Мектептік білім. Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 ж. 21 қаңтарында РСФСР ХКК “Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату” туралы декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 ж. 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беру жөніндегі бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.
20-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:
— мектеп үйлерінің жоқтығы;
— арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;
— 2—3 ауысыммен оқыту;
— ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;
— көшпелі қазақ ауылдарында мектеп ашу ерекше проблема болды.
Осы проблемаларды шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:
— қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;
— жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;
— КАКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті;
— педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқушы кадрларын даярлау қолға алынды;
— ауыл кедейлерін оқыту проблемасын шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды;
— қазақ ауылдарында оқыту үшін жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олардың оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.
Мектептердің әр типтілігін жою үшін КСРО СИК БК(б)П ОК 1934 ж. 15 мамырда “Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы” қаулы қабылдады. Осы құжатқа байланысты бүкіл КСРО аумағында жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай түрі енгізілді:
Бірыңғай мектеп жүйесі бірыңғай оқыту бағдарламасын, бірыңғай әдістемелік жүйе, бірыңғай оқулықтар болуын талап етті.
1935 ж. қаңтарда БК(б)П Өлкелік комитеті мен республика үкіметі “Қазақстан мектептері құрылымын жетілдіру туралы” қаулы қабылдады. Бұл қаулы ұсақ мектептерді түпкілікті жойып, жетіжылдық және орта мектептерді дамыту, сондай-ақ, әр оқушының сыныптан-сыныпқа өтуін қамтамасыз етуге арналған бірқатар шаралар қарастырды.
Халыққа білім беруге арналған шығын мөлшері республикада жылдан-жылға өсе берді. Бір тұрғынға есептегенде олар былайша өсті: 1929 ж. — 3 сом, 1935 ж. — 33 сом, 1938 ж. — 90 сом. Өз ісінің үздік шеберлері С.Көбеев, О.Т.Колкенова, Ш.Сарыбаев, Л.М.Добрянская, Х.Казыев, И.Я.Волков, А.Ақатов, т.б. республикадағы тұңғыш еңбек сіңірген мұғалімдер атанды. Шығармашылық ізденіс, күнделікті тәжірибеде кеңестік педагогика қалыптасты.
ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР
Қазақ АКСР Ағарту халкомы академиялық орталығының 1921 ж. 1 қазаннан 1922 ж. 1 қыркүйекке дейінгі кезеңге есебінен
2 қыркүйек 1922 ж.
Академиялық орталық 1921 ж. қазан айының соңынан жұмыс істейді.
Есеп беріліп отырған кезеңде Академорталықтың 14 мәжілісі өтті. Алқа 16 тақырып бойынша — қырғыз халқының этнографиясы, тарихы және қырғыз өлкесінің флорасы мен фаунасы бойынша жұмыстарды қарады. Тақырыптарды тексеру үшін Мәскеу профессорларынан білікті ғылыми қызметкерлер көмегін сұрауға шешім қабылданды. Профессорлармен келіссөз нәтижесінде профессорлар Анучин, Филиппов және Фирсов өздеріне мынадай міндет алды: біріншісі — қырғыз халқының этнографиясы курсын, екіншісі — қырғыздардың әдет-ғұрпы, үшіншісі — өзге профессорлармен бірлесіп, қырғыз тарихын жазуды мойындарына алды.
Академорталық алқасының қаулысымен оқулықтарды, оқу құралдары мен басшылықтарды қарайтын комиссия құрылды. Орталық өлкетану мұражайы қайта құрылып, мұражайдың құрамына мұражай сақтаушысы, мұражай бөлімдерінің меңгерушілері және Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының бір өкілі кіретін кеңес басқаратын болып белгіленді.
Есептік мерзімде Мемлекеттік көркемдік кеңес төмендегідей жұмыстарды атқарды:
1) 1921 жыл бойғы көркемөнер бойынша тәрбие және білім беретін ақпараттық материал қаралды; 2) Қырғыз республикасының музыкаға қатысы бар адамдарын анықтау және есепке алу анкеталары жасалып, барлық жерге таратылды және олардың есебі жүргізілді; 3) “Саяси ағарту басқармаларының көркемөнер шеберханаларын шаруашылық есепке көшіру Ережелері” талқыланып, редакцияланды; 4) Мемлекеттік көркемдік кеңестік басшылығымен және тығыз қатысуымен ҚАКСР Ағарту халкомына жататын барлық музыкалық мүліктерін жан-жақты және мұқият есепке алу басталды, есепке алынғандары көркемдік кеңесі бақылауына көшеді; 5) Ташкент, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе және басқа губерниялардың тұрғындарының айтуынан 360 қырғыз әндері жазылып алынды, барлық жиналған материал болыстықтар мен губернияларға жіктеліп, түсіндірмелері мен ескертпелері беріліп, басып шығаруға даярланды; 6) Көркем-әдеби жұмыстары жасалып, аяқталды: “Алпамыс батыр” атты қырғыз аңызының сюжеті негізінде театр үшін бес бөлімді драма жазылды, ол опера үшін де материал бола алады; 7) Аңыздар мен ертегілерге одан әрі зерттеу жүргізу белгіленді.
Бас мұрағаттың тікелей басшылығымен халыққа арналған: “Мұрағаттарды сақтаңдар және аялаңдар” атты арнау жазылып, ол Ағарту халкомы “Хабаршысының” екінші санында жариялауға тапсырылды.