Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА.doc
Скачиваний:
352
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.42 Mб
Скачать

§§ 41—42. Қазақстан — ксро-ның құрамдас бөлігі

Қазақстанның партия ұйымдарын орталықтандыру. Қазақ кеңес автономиялық рес­публикасын құру жөніндегі дайындық жұмыстарына байланысты Қазақстанның партия ұйымдарын өлкелік партия ұйымына біріктіру міндеті тұрды.

1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы облыстар әкімшілік тұрғыдан Қырревкомына, ал облыстық партия комитеттері Өлкелік және көрші облыс партия ұйымдарына бағынатын болып шешілді. Қазақстандық партия конференциясында (1920 ж. 8—11 қаңтар, Ақтөбе) коммунистік фракция талқылаған міндеттердің бірі Қазақстанда РК(б)П бірыңғай орталығын ұйымдастыруға арналды.

РК(б)П-ның ОК ұйымдастыру бюросының шешімімен 1920 жылдың 30 сәуірінде РК(б)П-ның Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы (Қыроблбюро) құрылды. Оның құрамына жеті адам — С.С.Пестковский, Ә.Әйтиев, А.Д.Авдеев, Ә.Жангелдин, С.Д.Арганчеев, М.М.Мырзағалиев, А.М.Әлібеков сайланды.

Бұл кезде өлкедегі (оңтүстік облыстардан басқа) мыңнан астам партия ұяларында 16578 коммунистер тіркелген еді.

Қырревком төрағасы, сонымен, бірге өлкедегі партия ұйымын басқарды. Партия және мемлекеттік қызметті бір қолға жинақтау ісі жүргізіле бастады. Орталық Қазақстан бас­шылығында жергілікті халықтан шыққан коммунистер өз өлкесінің мүддесін сөз етуге тырысты. Мысалы, Т.Рысқұлов — Түркістан КП Мұсылман бюросының төрағасы ретінде Түркістан Компартиясын түркі халықтарының коммунистік партиясы деп өзгертуге ұсыныс жасады. Бұл пікір қате деп табылды.

Қазақстандағы жоғарғы мемлекеттік және партиялық қызметтерге бір адамды әрі жер­гілікті халық өкілі емес адамды тағайындау тәжірибесі жалғаса берді. Сонымен бірге, Қа­зақстанның партия және кеңес органдарын тәжірибелі кадрлармен нығайту мақсатында партияның ОК-і 1920 ж. екінші жартысында мұнда жүз шақты қызметкерлерді, олардың ішінде Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университет түлектері де бар, аттандырды.

1920 жылдың 25 тамызында РК(б)П ОК Қыроблбюроның жаңа құрамын бекітті. Қыр­рев­ком мен Қыроблбюроның төрағасы болып В.А.Радус—Зенькович бекітілді. Кейін ол ҚАКСР Совнаркомын басқарды.

РК(б)П ОК-нің шақыруы бойынша 1921 жылдың 1—2 қаңтарында Мәскеу қаласында РСФСР түркі халықтары коммунистерінің І Бүкілре­сейлік кеңесі болып өтті. Кеңес Шығыс халықтары коммунистік ұйымдары орталық бюросының баяндамасын талқылаумен бірге, коммунистерді ұлттық кадрларды тәрбиелеу мәселесіне міндеттеді. Жергілікті тұрғындар арасындағы практикалық жұмыстарды талдау, байыту және жетілдіру мақсатында 1921 жылдың 28 қаңтарында Қырбюро Орынборда партиялық кеңес өткізді.

РК(б)П ОК Ұйымдастыру бюросы 1921 жылдың 21 наурызында Мәскеуде өткен өз мәжілісінде Қырбюроның құрамы мен облыстық конференцияны шақыру мәселесін көтере отырып, облыстық партия бюросының жаңа құрамын бекітті және конференцияда Қырбюроны сайланбалы облыстық комитетпен алмастыру керектігін алға қойды.

1921 жылдың сәуірінде РК(б)П ОК мен РСФСР Совнаркомы РК(б)П ОК-нің хатшысы Е.Ярославскийдің басшылық етуімен арнайы комиссия құрып, оны Қазақстанға жіберді. Мұндағы мақсат — РК(б)П ОК-нің шешімі бойынша Қазақстан партия ұйымдарының кезекті конференциясын өткізу, жер-жерлердегі партия және кеңес ұйымдарының ықпалын күшейте түсу, оларға тиісті нақтылай көмектер көрсету болатын.

1921 жылдың 11—18 маусымында Орынборда І Қазақстандық облыстық партия конферен­циясы өтті. Онда РК(б)П-ның Х съезі мен Х Бүкілресейлік партия конферен­циясының шешімдері басшылыққа алынды. Бірыңғай партиялық басқару орталығы — об­лыс­тық партия комитетін құру арқылы І партия конференциясы Қазақстан партия ұйым­дарының біріге, топтаса түсу үрдісін аяқтады деуге болады.

1922 жылдың 5 сәуірінде РК(б)П ОК-нің кеңесі өтті. Онда партияны орталықтан бас­қару жүйесін енгізе отырып, РК(б)П ОК-нің облыстық бюросын Қазақстанда да құру мәсе­лесі күн тәртібіне қойылды. Қазақстан партия ұйымдарындағы жағдайды талқылай келіп, ОК мұнда өзінің өкілдігін — РК(б)П ОК-нің Қазақ бюросын ұйымдастыруға шешім қа­былдады. Мұндай шешімін ОК халық шаруашылығын тезірек қалпына келтіру және орта­лықтың ұлт саясатын қамтамасыз ету міндеттерімен түсіндірді. ОК Қазақ бюросының мүше санын 3 адаммен шектеді. РК(б)П ОК-нің облыстық бюролар туралы ережесіне орай РК(б)П ОК қазақстандық бюросының компетенциясы төмендегідей болып белгіленді:

— ОК бюросы губерниялық партия ұйымдарының қызметіне, оларға нұсқау беру және ол нұсқаудың және ОК қаулылары мен директиваларының орындалуына басшылық жа­сайды;

— шаруашылық, әкімшілік және т.б. органдар жұмысындағы келіспеушілік пен кем шығушылықтарды жоюға көмектеседі;

— ОК-тің жергілікті партиялық және кеңестік органдармен байланысын нығайтады;

— істелген жұмыс жайлы ОК алдында мезгіл-мезгіл есеп беріп отырады.

Қазақстандағы облыстық партия комитеті РК(б)П ОК бюросы облыстық басшылығын бақылауға алады. РК(б)П Қырбюро ОК өмір сүрген кезеңде Қазақстанға М.И.Калинин, Я.Э.Рудзутак, Е.М.Ярославский сияқты партия және мемлекет қайраткерлері келді. РК(б)П ОК өз өкілдерінің қызметіне үнемі бағыт беріп отырды.

Қырбюро әсіресе 1922 ж. тамыздан 1924 ж. қазан-қараша айларына дейін белсенді жұмыс істеді. Бұл кезде ОК-те Қырбюроны — Өлкелік комитетке, ал Қазақстан облыстық партия ұйымдарын — өлкелік етіп қайта құру туралы мәселе қаралып жатты. Қыробкомды Крайкомға ауыстырғаннан кейін РК(б)П ОК Қырбюросы өзінің Қазақстандағы өкілеттігін аяқтады.

Негізінен, 1898 ж. Минскіде РСДРП І съезі шақырылған кезден 1925 ж. ақпанына дейін Қазақстанда бірыңғай партия ұйымын қалыптастыру ісі жүргізілді. Өлкеде социал-демок­ратиялық қозғалысты таратуда партия белсенділері маңызды рөл атқарды, дегенмен тіпті Кеңес өкіметі толық орнаған кезде де Қазақстан халқының басым бөлігінің коммунистік партияның мақсаты мен міндеттері жайлы нақты түсінігі болмады.

Республикалық партия ұйымдарын қалыптастыру. 1924 ж. қыркүйекте Түркістан ОАК-нің кезектен тыс сессиясында Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік рес­пуб­ликасының ұлттық-мемлекеттік шекарасын межелеу туралы қаулы қабылдады. 1924 ж. 27 қазанда КСРО БОАК екінші сессиясында аумақтық-мемлекеттік шекара белгілеу жобасын талқылап, бекітті. Қазақстанға Сырдария және Жетісу облыстарының аумағы қайтарылып, Орынбор губерниясы республика құрамынан шығарылды. Республика астанасы Орынбордан Қызылордаға (бұрынғы Ақмешіт) көшірілді.

1924 ж. соңында ҚазАКСР үкіметі жаңа астанаға көшті.

1925 жылдың 19 ақпанында РК(б)П ОК Қазақстан облыстық комитетін РК(б)П-ның Өлкелік комитеті етіп қайта құру жөнінде қаулы қабылдады.

1925 ж. 15—19 сәуірінде Қызылордада ҚазАКСР кеңестерінің V съезі өтіп, онда Қа­зақ­станның бүкіл облыстарынан делегация қатысты. Съезде қазақтардың тарихи атауы қалпына келтіріліп, осыған орай республика атауы өзгертілді.

1925 жылдың қыркүйегінде Қазақстан өлкелік комитетінің хатшысы болып сайланған Ф.И.Голощекин Қазақстанда партия жұмысын басқаруды қолға алды.

Ф.И.Голощекин республикалық партия ұйымын, ал шындап келгенде, 1925 ж. қыр­күйек­тен 1933 ж. басына дейін бүкіл Қазақстанды билеп тұрды. Бұл кезеңде ол басқарудың әкімшілік-директивалық әдістерін нормаға келтірді. Оның қазақ ауылдарына Кеңес өкіметі әлі жеткен жоқ деген пікірі “Кіші Қазан” саясатын жүзеге асыруға негіз берді. Ұжым­дас­тыру үрдісі Ф.И.Голощекин ұсынған, көшпелі халықты отырықшыландыру негізінде жүзеге асырыла бастады. РК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бірінші хатшысының іс-әрекеті қазақ халқы үшін трагедияға айналды.

Ф.И.Голощекин қағидаларына Қазақстанның дамуы жайлы өзіндік пікірлері бар рес­пуб­ликалық партия ұйымдарының мүшелері қарсылық білдіре бастады. Олардың ара­сында Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, И.Мұстамбаев, Ж.Сұл­танбеков және басқалар болды. Олар Қазақстанның халық шаруашылығын қайта құрудағы Ф.Голощекиннің солақай саясатын сынады, социалистік экономика негіздерін құруға өтер кезде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеру қажеттігіне көңіл аударды.

Партиялық құрылыс ісінде Голощекин партияға революциядан кейін келген, лайықты саяси дайындықтары мен білімдері жоқ жалған белсенділерге арқа сүйеді. Халық оларды “шо­лақ белсенді” деп атады. Қазақстанда аймақтық көсемге бас ұру белең ала бастады. Голощекин Қазақстандағы бас көтерер зиялы қауым өкілдерін, әдебиет пен өнер қай­рат­кер­лерін қуғынға ұшыратты. Өз әрекеті үшін Голощекин Қазақстанның өлкелік партия коми­те­тінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды, содан кейін 1933 ж. басында жұмысшы-шаруа инспекциясы халкоматының алқа мүшесі болып, сол жылдың қазан айында ХКК (халық комиссарлары кеңесінің) қасындағы Бас төреші міндетіне тағайындалды. 1941 ж. 28 қазанда Ф.Голощекин Л.Берияның бұйрығымен атылды.

1933 ж. ақпанда өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Левон Исаевич Мирзоян сайланды. Ол ұжымдастыру кезінде жол берілген қателіктер мен асыра сілтеу­ші­ліктер зардабын жоюға кірісті. Елде тоталитарлық жүйенің негізі қалыптасып, оның логи­калық аяқталуы 1936 жылғы конституцияның қабылдануы болды. БК(б)П ОК-нің “Қайта құрылған одақтас республикалардағы партия ұйымдары туралы” қаулысына сәйкес 1937 жылдың 23 сәуірінде Өлкелік партия ұйымы Қазақстан коммунистік партиясы болып қайта құрылды.

1936 ж. Конституция. 1935 ж. 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК пленумы КСРО Конститу­ция­сына бірқатар өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады. Жаңа Конституцияның жобасы дайындалды. 1936 ж. 14 маусым күндері өткен БК(б)П ОК пленумы және КСРО ОАК төралқасы бұл жобаны мақұлдады. Тек осыдан кейін ғана 1936 ж. 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды. Жаңа негізгі заңға сәйкес сайлау жүйесіне, орталық өкілетті органдар құрылымына, елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер енгізілді, Конституция Кеңес өкіметін өтпелі саяси форма емес, социализм жетістіктерін қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде бекітті. Мемлекеттің социализм және коммунизм орнату үрдісінде құрып бітуі туралы тезис күшті мемлекеттің қажеттігі туралы тезиспен алмастырылды. Мемлекеттік жүйенің күшеюі, оның партиялық аппаратпен бірігіп кетуі екінші дүниежүзілік соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты.

Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру енгізілді. Алайда ақыл-еске коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа дауыс беру практикасын орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде компартияның айтқанын ғана орындады.

ҚазКСР Конституциясына сәйкес 1936 ж. ҚА КСР-і одақтық республика болып қайта құрылды. Федерация құрамында Қазақстан басқа да республикалар қатарына келіп қосылды. 1937 жылдың 9 ақпанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясының жобасы жалпыхалықтық талқылауға ұсынылды. Ал 1937 жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше Х съезінде ҚазКСР Конституциясы Одақтық Негізгі Заңға сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары ең алдымен КСРО-да социализмнің салтанат құруына арналды. Ал мұның түпкі тұжырымдары 1917—1936 жылдар аралығында КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің нақты нәтижелеріне сүйенді. Экономикалық салада: біріншіден, шаруашылықты басқару мен жүргізудің социалистік жүйесі қолға алынды. Екіншіден, өндіргіш құралдарының социалистік жекеменшіктік түрі тұрақтанды. Ал, шындығында, жекеменшіктің мемлекеттік түрін енгізу және барлық республикалардың бірыңғай халық шаруашылығы жоспарларының дамуы (олардың жалпыодақтық өзара еңбек бөлінісі есепке алына отырып) ҚКСР-дың, айналып келгенде экономикалық тұрғыдан Орталыққа бағынатынын айқындай түсті.

Саяси мәселеге келер болсақ, 1937 жылғы ҚКСР Конституциясында — Қазақ КСР-ның саяси негізін еңбекшілер депутаттарының Кеңесі құрайды делінген. Алайда жалпы партиялық жүйелілік жағдайында сайланған депутаттар жеке-дара Коммунистік партия шешімін басшылыққа ала отырып жұмыс атқаруға құқылы болатын. КОКП пролетариаттың алғы шебінде бола тұрғанымен, іс жүзінде қалың бұқараның барлық буындарының дерлік намысын жырта алған жоқ. Тек сол бұқара халыққа жаңа қоғам құрумен айналысты. Сонымен бірге, осы кезеңде өсіп келе жатқан жаңа ұрпақты тәрбиелеу мақсатында балалар мен жастар коммунистік ұйымдарын құру қолға алынды.

Мәдени-рухани салада — қоғамдық өмірдегі КОКП-ның жетістіктерін көрсету бағытында социалистік реализм принциптерін орнықтыру мәселесі жүріп жатты. Қорытындыда, ҚКСР қатардағы басқа да республикалардың бірі ретінде, сол баяғы автономиялық кезінен аз-ақ өзгешеленді деп айтуға болады. Олай дейтініміз, үкіметтің орталық буынынан келген барлық тапсырмалар, түрліше іс құжаттары қалтқысыз орындалып жатты. Әр республикалардағы коммунистік партия ұйымдарын қоса алғанда, КОКП мемлекеттің ең жоғарғы басшы әрі жетекші ұйымы болып есептелді.

Қазақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері. 1937 жылдың 5—12 маусымында Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының І съезі өтті. Қазақстан К(б)П ОК Бірінші хатшысы болып Л.И.Мирзоян сайланды. Съезд ұйымдық дәрежеде Өлкелік партия ұйымын Қазақстан большевиктерінің Коммунистік партиясы деп іс жүзінде бекітті.

Алайда, 1938 ж. 18 мамырда, съезден кейін 11 ай өткен соң Л.Мирзоян жедел Мәскеуге шақырылып, жолда тұтқынға алынады. 1938 ж. 21 мамырда “Қазақстан правдасы” газетінде мынандай хабар басылды: “БК(б)П ОК Пленумы Л.И.Мирзоян жолдасты БК(б)П ОК қа­рамағына шақырылуына байланысты Қазақстан К(б)П ОК бірінші хатшысы міндетінен босаттың.

1938 жылдың 3—14 шілдесінде Қазақстан К(б)П-ның ІІ съезі болып өтті. Елдің үшінші бесжылдық жоспары ауқымында бұл съезд республика халық шаруашылығы өркендеуінің үшінші бесжылдық жоспарының нақтылай тапсырмаларын алға міндет етіп қойды. Қа­зақстан К(б)П ОК-ның бірінші хатшысы болып Н.А.Скворцов сайланды.

1939 жылдың 10—21 наурызында БК(б)П XVІІІ съезі болды. Съезде БК(б)П Жарғысына өзгерістер енгізілді. Жаңа редакциядағы Жарғы адамдардың әлеуметтік тегіне қарамастан бірыңғай қабылдау әдісін және бірыңғай кандидаттық стаж мерзімін қабылдады. Республика мен орталықтың партия ұйымдарын бір қалыпқа келтіру жүріп жатты, өйткені бірыңғай экономикалық және саяси кеңістік пайда болған еді. Оның үстіне жаңа Жарғы бастауыш партия ұйымдарына әкімшілік, құрылыс мекемелері, колхоздар, совхоздар, МТС қызметіне бақылау жасауға мүмкіндік берді.

Халық шаруашылығы салаларына билік жүргізуді жақсарту және басқарудың дирек­тивалық әдісін күшейту үшін республикада кейбір облыстарды ірілендіру жүргізілді. 1938—1939 жж. 6 жаңа обком — Ақмола, Гурьев, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Семей, 21 аудандық комитет, 3 қалалық комитет құрылды. Қазақстандағы партия аппаратын ірілендіру үшін БК(б)П ОК ұсынысымен республикаға бұл жылдары 75 коммунист жіберілді.

БК(б)П ОК Саяси бюросының 1939 жылғы 29 қарашадағы “Одақтас республикалар Ор­талық Комитетінде, Өлкелік Комитеттерде, облыстық және қалалық партия комитеттерінде өндірістік бөлімдерді құру” туралы БК(б)П ОК Саяси бюросының 1939 ж. 29 қарашадағы қаулысына сәйкес 1940 ж. Қазақстан БК(б)П ОК-інде — көмір, мұнай, түсті металл өндірісі, көлік және байланыс бөлімдері, ал Ақтөбе, Алматы, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеттерінде — түсті металл өндірісі, Ақмолада — көлік, сондай-ақ, бірқатар қалалық партия комитеттерінде өндіріс бөлімдері құрылды.

1938—1939 жылдары Қазақстанда партия шешімдерінің орындалуын тексеру күшейді. 1939 ж. Қазақстан К(б)П ОК жергілікті белсенділермен бірге 83 аудандық комитеттің және 200-дей бастауыш партия ұйымдарының жұмысын тексерді.

БК(б)П XVІІІ съезінен кейін идеологиялық жұмысты бақылаушы партиялық аппарат бекітілді. Қазақстан ОК мен К(б)П облыстық комитеттерінде бірыңғай насихат және үгіт бөлімдері құрылды.

1938—1940 жж. марксизм-ленинизм классиктерінің 70-тен астам шығармалары қазақ тіліне аударылып, үлкен таралыммен жарық көрді. Республиканың барлық жоғары оқу орындарында 1939 ж. басынан марксизм-ленинизм негіздері курсы енгізілді.

1940 жылдың 10—18 наурызында Қазақстан К(б)П-ның ІІІ съезі шақырылды. Үшінші бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау — съездің күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қаралды. Бірінші хатшы болып тағы да Н.А.Скворцов сайланды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында партия органдарының қызметі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Маңызды деген әскери өндірістер мен ауыр өндірістің шешуші салаларында партия органдары — хатшыларының институттары жұмыс істей бастады. Ал халық шаруашылығының аса маңызды учаскелерінде БК(б)П ОК партия ұйымдарының құрамы мен партбюро хатшыларының саны едәуір арттырылды. Партия ұйымдары жеделдетілген әскери штабтар рөлін атқарғандықтан, бұл кезеңде ішкі партиялық демократияны орталықтандыру және ширықтыра түсу үрдісі өз дәрежесінде жүріп жатты.