Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіп

..doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
39.94 Кб
Скачать

Қазақ Америка Университетінің

ректоры Залепо В.М.

Стажор Абиров Д.А.

Күнтізбе жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіп.

Сабақтың мақсаты:

-Қазақ халқына жоңғар шапқыншылығына төнген қауіптің ұлғайғанын көрсету.

–Ру, тайпалық алауыздықтар тудырған теріс әсерлердің мәнін ашу.

  • Қазақстанның аумқтық тұтастығын сақтап қалуда халық арасынан шыққан ірі қайраткерлердің ерен еңбектеріне студенттердің көзін жеткізу.

-Студенттерге патриоттық,адамгершілік тәрбиесін беру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

б)студенттердің назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Жаңа сабақ түсіндіру

Дамытушылығы:Студенттерді толығымен дұрыс жауап беруге дағдыландыру және сұрақты мәнді, жүйелі түрде қоя білуге үйрету.

Көрнектілігі: 1) 17-ғ.Қазақ хандығының жоңғарлармен болған соғыс картасы.

2)Сол кездегі хандармен батыр билердің портреттері.

3)Орбұлақ,Аңырақай шайқастары жайында суреттері.

Әдіс тәсілдері: аралас сабақ

Сабақтың жоспары:

1)18-ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамының арасындағы қайшылықтың күшейе түскенін көрсетіңдер және мұның қандай зардаптары болды.

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес,қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болып табылады.Өзінің бостандығымен тәуелсіздігі үшін болған күрес ,жерін жоңғар-қалмақтардың тепкісімен езгісіне сақтап қалды.

Бұл кезде Алтайдан Атырауға дейінгі алып жатқан қазақ халқының жерінің жағрафиялық жағдайына қарай үш жүз болып өмір сүріп жатты.Бұлардың әр қайсының хандары болды.Кіші жүзде Әбілхайыр,орта жүзде- Сәмеке,ұлы жүзде-Жолбарыс.Түркістан қаласын астана еткен үлкен орданың ханы Тәуке болды.Бұл хандардың ақылшысы болған үш жүздің басын біріктіріп,даулы істеріне билік айтқан.Кіші жүзде Әлім руынан шыққан Әйтеке би,орта жүзде Қаракесек руынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек би,үлкен орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкіл қазақ халқы жақсы білді.Үш жүздің билеушілердің басын қосып мәжіліс өткізу дағды болды.Сайрам маңы Мартөбе жотада мәжіліс өтеді,бірақ қазақ жерінде ірі мемлекеттің жоқтығы сезілді.Мұны қазақ жеріне ертеде көз салып келе жатқан елдердің билеушілері пайдаланып қалуға тырысты.Солардың бірі қазақ халқының мәңгі құрып кету қаупін төнтірген жау жоңғарлар болды.

Жоңғарлар қайдан шықты? Негізінде манғол тайпаларынан құрал «қалмақтар» деген атпен белгілі, жоңғар деген сөз Шыңғыс әскерінің сол қанатының атауынан алынған.Ойраттар Торғауыт ,Дорбыт, Қушуыт,Шорыс аталатын төрт тайпа болды.Олардың билеушісі-Хунтайжы деп атады.

Жоңғар 1430-жылы Керейлерді талап, Есік көлі маңындағы үйсіндермен Қырғыздардың қонысын басып алып,1447ж Сыр бойындағы Әбілхайыр ханның Өзбек мемлекетінің әскерлерін талқандады.

15-ғ.орта шенінде жоңғарларға қарсы қазақ тайпалары бірнеше рет соғыс қимылдарын жүргізді, үйсін қырғыздар қаратып отырған Шағатай ұлысынан шыққан Сейтханның ұлы Рашид хан қалмақтарға қарсы соғысты ірі жеңіске жетті.1554ж. Тәуекел хан жоңғарларға бірнеше рет ойсырата соққы берді. 1600-1610 жылдары Тер ,Түмен уездері талап 1630 ж Еділдің төменгі жағына дейін жетті. Еділ өзеннің төменгі сағасында қоныстанып, ол жер қалмақ қыры деп атала бастады.

Ресей билеушілері оны кіші жүз қазақтарына салып отырды.

1622-1629 жылдары Тәуекел ханның баласы Есім ханның ұлы Жәңгір хан ойраттарын бірде жеңіп,бірде жеңіліп итжығыс күрес жүргізді.

1718 Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен түста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді.Бұл жорықтың табысты болуы ливедтің артиллерия сержанты Густав Ренеттың тигізген әсері үлкен болды.1709 ж Полтава түбінде орыстың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды,осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгельцтің экспидициясы құрамында Кереку қала маңында 1715 жылы қыста қалмақтарға тұтқынға түседі.1733 жылы қалмақтар қолында болған ол оларға зеңбірек жасап және оқ дәріні қалай дайындау керектігін үйретті.

Ренаттың көмегімен жоңғарлар жүз мың астам әскер құрап қазақтарға қарсы соғысуға дайындалады.

1710-1711 жылдары қазақ жеріне басып кіреді. 1717 жылы жазда Аягөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандайды. Келесі жылы жоңғар әскерлері Беген,Шаян,Арыс өзенінің бойында қазақтарды қырғынға ұшыратады.

1723 жылы көктемде Қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден бекінген Жоңғарлар шешуші жорыққа шықпақшы болды.Оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадурін тағайындады.Тактикасы 2 бағытта қимыл жасау 1) Қаратауды басып,Шу мен Талас өзендеріне шығу. 2)Қазақтарға ес жиғызбай Шыршық өзенінің қойнауына жету еді.1730 ж 8 қырқүйекте Уфаға Әбілосаиырдың Сейтқұл Қойдағулов пен Құлынбет Қоштаев бастаған елшілігі келді.Олар әйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады.«Біз Әбілхайыр хан – деп көрсетілдіт жолдамада,-маған қарасты Орта жүзбен Кіші жүздің көптеген халқымен сіздің алдыңызда бас иеміз. Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз.» 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілхайыр ханға және бүкіл қазақ халқына « оларды Ресей қол астына ерікті түрде қабылданды.Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 ж 30 сәуірінде Кіші жүзге А.М.Тевкелевпен келіссөз жүргізген орта жүз ханы Семеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп«өзінің мөрін басты.»

Ұлы жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би,Төле би,Сатан батыр,Бөлек батыр патша әйел Анна Иоанновнаға хат жазып,Ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады.Бұл хатты Петроградқа Кангелді батыр жеткізді.

1711 жылы Уали сұлтанның шаңырағында дүниеге келген,азан шақырып қойған аты- Әбілмансұр болатын.Қалмақтар Түркістанды алып Уали сұлтанды өлтіріп 13- жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындайды.Хиуа базарына құлдыққа сатуға апаратын жерден қашып кетеді.

1731 жылы ауыл адамдарын бірігіп қалмақтарға қарсы соғысып көзге түседі..Осы ұрыста «Абылай, Абылай»-деп ұрандап жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмтылған. Осы соғыста жекпе-жекте жоңғардыңШарыш өлтіреді.

Әбілмәнбет хан жаудан оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді.Риза болған ол оған « Абылай,» -деп ұрандап ат беріп хандық тағын ұсынады.Абылай хан болудан бас тартады.Әбілманбет өлгенше сұлтан дәрежесінде оның ақылшысы болады.

Жоңғар мемлекетінің ұлы ханы Калден Церен 1745ж өліп,оның мираскор арасында хан тағына талас басталады.Осы орайды көрші жатқан Цин (Маньчжур) империясы жонғарларға қарсы қайта-қайта соғыс ашады.Қазақ жерін қалмақтардан бір жола тазарту мақсатымен Абылай қазақ әскерлерінің қол басшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлар қазақ, жасақтарының басын қосып 1750 жылы орта шенінде жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап ес жидірмай талқандайды. Сөйтіп 1ғасырдан астам қалмақтардың басқыншылық,зорлық – зомбылық соғысы осымен аяқталады.

1758 жылы Цин қытайлықтары шығыс Түркістанды басып алып батыс шекарасы қазақ жерімен шектеседі.Жоңғар мемлекеті 1758 жылы бір жола құлады.