Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА.doc
Скачиваний:
352
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.42 Mб
Скачать

§ 6. Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы

XVІІІ ғасырдың соңындағы саяси жағдай.  ХVІІІ ғасырдың соңына қарай Қазақстанның үлкен бөлігі әлі де болса саяси тәуелсіздігін сақтады. Ресей империясымен арадағы шекара ХVІІІ ғасырдың орта тұсындағыдай Жайық, Ой (Тобылдың тармағы), Ертіс арқылы өтті. Шекарадан алыс аймақтарға орыс билігінің ықпалы жете қойған жоқ еді. Оңтүстігінде қазақ жері Хиуамен және Түрікменстанмен шектесті. Оңтүстік-шығыста қазақ иеліктері Іле Алатауына жетті. Қытай билігіне Ұлы жүз қазақтарының шығыс аудандары ғана қарады, ал оның басым бөлігі, яғни батыс аудандары тәуелсіздігін сақтады.

ХVІІІ ғ. соңынан бастап қазақ елінің бұл жағдайы күрт өзгеріске ұшырай бастайды. Орталық Азия хандықтары, Ресей және Қытай сияқты көрші мемлекеттер қазақ елінің өзін-өзі қорғай алатын мемлекеттік қуаты жоқтығын, сондай-ақ ішкі ала ауыздығын пайдаланып, қазақ жерін бөліске салу ниетімен нақты әрекеттерге көше бастайды.

Қазақ жеріне шабуыл барлық тұстан төніп тұрды. Негізгі әрі аса қауіпті қарсылас патшалық Ресей еді. Қазақстанға бойлай ену мақсатында патша үкіметі әскери бекіністер тізбегін салуды одан ары жалғастырды. ХІХ ғ. басында бұрынғы бекіністер тізбегіне 19 бекіністен тұратын Жаңа Елек тізбегі қосылды. Бұл тізбек арқылы патшалық билік Қазақстаннан су мен шұрайлы жайылымға бай көлемі 750 мың гектарлық үлкен аумақты бөліп тастады.

Шығыстан Қытай мемлекеті 1758 ж. Жоңғар хандығын біржола “тыныштандырып”, жойып жібергеннен кейінгі уақытта, қалмақ жұртымен іргелес Іле, Тарбағатай және Алтайда орналасқан қазақ елінің дәстүрлі мекендерін де иемденуге күш салды, мұндағы қазақ ауылдарына алым-салық төлетті. ХІХ ғ. алғашқы жартысында Ресейдің қуаты арта түсіп, Ұлы жүз жеріне Қытай ықпалының енуіне жол бермейтін нақты шараларды іске асыра бастады.

ХVІІІ ғ. соңына қарай Ұлы жүздің жері бірнеше иеліктерге бөлінді. Оның батыс бөлігі Ташкент билігі құрамына енді. Бұл кезде Ташкентте қазақ сұлтандарынан шыққан Баһадүр Фарман  билік құратын. Ол қаза болған соң орнын жергілікті қожалардың өкілі Жүніс қожа басты. Жүніс қожа Шымкент және Түркістан аймақтарын өзіне қаратып, жергілікті билікті билерге беріп, хан деген атақты жойып, қазақтардан міндетті түрде зекет жинаумен шектелді.

1808 ж. Ташкентті Қоқан ханы Әлім хан басып алады. Әлім хан қазақ елін Жүніс қожа тұсында орныққан тәртіп арқылы басқаруды жөн көрді. Ол қазақ рубасыларын өзіне шақырып алып, олардың арасынан билер тағайындап, атқаратын міндеттерін белгілеп, елдеріне қайтарды. Сөйтіп, ендігі уақытта Ұлы жүз қазақтары Қоқан хандығына бағынышты болды.

Қоқан билігі қазақтарға Жүніс қожа билігінен анағұрлым ауыр тиді. Зекет пен хараж (егіншіліктен жиналатын салық) салықтарын жинау барысында хан әкімшілігінің адамдары түрлі сорақылықтарға, зорлыққа жол берді. Шыдамы таусылған халық салық төлеуден бас тартып,  1809  ж. қысында Әлім хан қазақ ауылдарын жазалау үшін Шымкент пен Сайрамға үлкен әскер шығарады. Қыстың қатты болуына байланысты әскерге өз міндетін орындау оңайға түспейді, тіптен оның арасында Әлім ханға ашық наразылық білдіру орын ала бастайды. 1809 ж. көктемінде Әлім ханды қарсыластары тақтан түсіріп, өлтіреді. Дегенмен оның әскерлері бұған дейін біраз қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап, көптеген адамды тұтқынға алып, біразын өлтіріп үлгірген еді. Ташкенттен бастап Түркістан және Әулиеата аралығындағы халық ойранға ұшырады.

Қоқан хандарының билігі солтүстік-батыста Қармақшы елді мекеніне жетіп, шығыста Іле бойына шейін созылды. Осы екі арада Қоқан хандығы Ақмешіт, Мерке, Пішпек, Таушыбек сияқты және басқа бекіністер салды.

Қазақ жеріне қауіп Хиуа хандығы тарапынан да төнді. Хиуа билеушілері құнарлы жері мол Сырдарияның төменгі ағысы бойын өздеріне бағындыруды көздеді. 1806 ж. Хиуа тағына отырған Мұхаммед-Рахым хан Сыр қазақтарын күшпен бағындыруға көшті. Жақсы қаруланған және даярлығы бар Хиуа әскеріне қазақ қолдары тойтарыс бере алған жоқ. Қазақтар жағында жақсы салынған бекіністер, зеңбірек сияқты қару, тұрақты әскер болған емес. Қазақ билеушілерінің Хиуаға қарсы Ресей үкіметі мен Бұхар ханынан көмек сұраған өтініштері қолдау таппады. Сөйтіп, қазақтар тәуелсіздігін  өздері қорғауға мәжбүр болды.

1821 ж. Ұлы жүз қазақтары Қоқан билігіне қарсы көтеріліске шықты. Оны Тентек төре атты кісі басқарды. Көтеріліс Түркістан, Шымкент, Сайрам және Әулиеата сияқты қалаларға жақын аймақтарды қамтыды. Саны он екі мыңға шейін жеткен көтерілісшілер  Шымкент және Сайрам қалаларын басып алды. Көтерілісті басуға жіберілген Қоқан әскері ұзақ мерзім қоршаудан соң Шымкент пен Сайрамды қайтарып алды, бірақ қазақтар берілмеді. Ұзақ қорғаныстан соң Тентек төре Қоқан билеушілерімен келіссөзге келіп, Қоқан билігін мойындауға мәжбүр болды. Өз ұлын Қоқан әмірі Омарға аманатқа жіберді. Сөйтіп, көтеріліс басылды.

Орта жүз және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы

1822 ж. “Сібір қазақтары туралы Жарғы” негізіндегі әкімшілік жүйе

Осы уақытқа шейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі ХІХ ғ. 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға қолайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті.

Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. ХІХ ғ. 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлығын басқарған белгілі мемлекет қайраткері М.М. Сперанскийдің басшылығымен “Сібір   қазақтары   жөніндегі  Жарғы” өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын  аға сұлтандар   институты басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, “сыртқы округтер” аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822–1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған  округтер өмірге келді. Оларды басқару  округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті қолдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа  болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа шейін қалыптасқан жайылым пайдалану жүйесінің бұзылуы еді.

Ауылдарды қазақ арасынан сайланатын старшындар басқарды. Болыстарды басқаруға сұлтандар тағайындалды.

“Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы” жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін ысыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттеп отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік казак әскерін сес көрсететін күш ретінде пайдаланды.

Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы қойып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған “қара” қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға шыққан тегіне сүйеніп билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сұлтандарды және ауыл старшындарын “жергілікті шенеуніктерге” жатқызды.

Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындық, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ “билік орындарына бағынудан бас тарту” сияқты қылмыстық істер билер соты қарамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша  қарауға тиіс болды. Сонымен бірге, билер сотының шешімі  арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құқын негізге алуға тиіс-тін.

1824 жылғы “Орынбор қазақтары жөніндегі Жарғы”

1824 жылғы “Орынбор қазақтары жөніндегі Жарғы”. 1822 ж. Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлатқан осындай ережені азиялық комитет 1824 ж. қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды. Кіші жүздің соңғы ханы Серғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.

Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік – Байұлы рулары, орта бөлік — Жетіру және Әлімұлы бұтағының аз бөлігі; шығыс бөлік – негізінен Әлімұлы бұтағы, сондай-ақ Қыпшақ және Арғын тайпалары араласқан бөлік. Әр бөліктің басында патша үкіметі тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. Оның басқарушы аппараты төрағадан, сондай-ақ ықпалды қазақтардан белгіленген кеңесші және заседательдерден құралды. Атқарған міндеті тұрғысынан алғанда бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комиссиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы-сұлтан кеңсесінің жанында офицер басқарған казак әскери бөлімі орналасты.

Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Сайлау жүйесі болған емес.

Патша үкіметі 1822 және 1824 жылдардағы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтерді құру 1838 ж. аяқталды. Кіші жүзде басқарушы-сұлтан билігі алғашында тек шекаралық ауылдарға ғана таралды, ал одан шалғай жатқан елге біртіндеп, орыс билігінің нығаюымен бірге жетті. Қазақ халқы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты.