Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА.doc
Скачиваний:
352
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.42 Mб
Скачать

§1. Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының мақсаты — жергілікті өлкені жан-жақты зерттеу, өз мүшелерінің ғылыми қызметіне көмектесу және жергілікті өлке туралы мәліметтерді кеңінен тарату.

§2. Қоғамның әрекет ету ауданы Қырғыз республикасының аумағы болып табылады.

В. Қоғамның қызметтері:

§7. §1-де көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қоғам: а) жинақтамалар, ма­те­риал­дар жинау т.б. ісіне бақылау жасайды; ә) өз мүшелерінен ғылыми іссапарлар ұйым­дас­ты­ра­ды, өлке шегінде экскурсиялар мен экспедициялар жабдықтайды; б) мұражайлар, лабо­ра­то­риялар, обсерваториялар, тәжірибелік станциялар, т.б. құрады; в) ғылыми кітап­ханалар құ­рады; г) Ресейдегі және шет елдердегі ғылыми қоғамдармен және жекелеген ғалымдармен байланыс орнатады; ғ) өз мүшелері үшін ғылыми жұмыстарды талқылау, орыс және шет ел ғалымдарының жетістіктері туралы рефераттар мен баяндамаларды тыңдау және талқылау, жаңа ғылыми зерттеулердің жобасы мен бағдарламасын жасау, т.б. үшін жина­лыстар ша­қы­рады; д) тапсырмалар беріп, олардың қанағаттанарлық дәрежеде орындалғаны үшін сый-ақы үлестіреді; ж) өз мүшелерінің ғылыми еңбектерін басу үшін мерзімді және мер­зімсіз ба­сы­лым­дар шығарады немесе қалыптасқан ережеге сәйкес олардың өзге басылымдарда жарық көруіне жәрдемдеседі; з) қалыптасқан ережеге сәйкес дәрістік оқулар мен курстар ұйым­дас­тырады; и) осы саладағы ғылыми қызметкерлердің өлкелік съездерін шақырады; к) ака­де­мия­лық орталықтың рұқсатымен өзге жерлерде филиалдық бөлімшелерін ашады.

§ 36. Хх ғасырдың 20—30-жылдарындағы әдебиет

Кеңестік әдебиет қалыптасуы. Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі “Талап” қоғамы болды. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н.Архангельский, М.Тынышпаев, М.Испулов, И.Тоқтыбаев, К.Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар Кеңесі бекітті. 1923 ж. 4 желтоқсанда “Талап” қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:

§ 1. Қоғамның мақсаты қазақ халқының мәдени дамуына мынандай жолдармен:

а) Қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; ә) ұлттық өнерді зерттеу; б) қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу; в) қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру; г) қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.

Қоғам құрамына А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.

Осы кезеңде жаңа Кеңестік әдебиет қалыптасады. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин және т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын интернационалдық бағытымен ерекшеленді.

РК(б)П ОК-нің 1925 ж. 18 мамырдағы “Көркем әдебиет мәселелеріне байланысты партия саясаты туралы” резолюциясына сәйкес Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.

Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы “Едіге”, “Қобыланды батыр” реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті. Мысалы, И.Кабулов деген партия қызметкері өзінің “Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оның сыны” деген мақаласында: “...абаизмді кәдімгі буржуазиялық қоқсық ретінде жою керек” деген ұсыныс айтты. Алайда Абай мұрасына теріс көзқарасқа қарсы пікір айтқан М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұбанов, С.Қожанов, І.Жансүгіров сияқты Кеңес жазушылары қазақ халық шығармашылығы дәстүрлеріне және өзге де халықтар әдебиеті классиктері мұраларына терең ой жүгірте қарауға шақырды. Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады. Ұлттық әдебиет өкілдері, керісінше, таза проблемалық әдебиеттің өркендеу мүмкіндігін жоққа шығарды.

Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жж., содан соң 1926—1928 жж. арасында қызу пікірталас болды. 20-жылдардың ортасы мен аяғында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, Кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ Кеңес ақын-жазушыларының шығар-машылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды. С.Сейфуллин, И.Байзақов, С.Дөнентаев, т.б. Ленин жолына адалдыққа үндеді.

Идеялық таласты тоқтату мақсатымен БК(б)П ОК 1932 ж. 23 сәуірде “Әдебиет көркемөнер ұйымдарын қайта құру туралы” қаулы қабылдады. Мәселе Қазақстан жазушыларын кеңестік Жазушылар одағына біріктіру туралы еді. 1932 ж. 26—31 желтоқсанда Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің І пленумы болды. 1934 ж. 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының І съезі өтіп, онда І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, М.Баталов секілді жазушылар сөз сөйледі. Съезді С.Сейфуллин ашты. Съезд резолюциясында идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал Кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.

Қазақ Кеңес әдебиеті фольклор дәстүрі негізінде дами бастады. Жамбыл Жабаев шығармашылығы (1846—1945) да осы бастаудан нәр алды. Оның шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Халық әндері мен ақындық толғаныс тәсілдерін үйлесімді пайдалану арқылы ақын патриоттық шығармаларында отандастарын жаңа өмір құрылысына белсене қатысуға шақырды. Жаңа өмір мен Кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946) шығармашылығы нағыз халықтық саф алтынға айналды. Ол өз шығармаларында кейіпкердің ішкі сезімін анық та шебер суреттеді. Оның суырып салу таланты адамдарды үйіріп алатын.

Әдебиет жанрлары. Қазақ әдебиетінде жаңа жанрлар мен түрлер дамуы үрдісі жүріп жатты. Ақындар шығармашылығының поэма жазу сияқты күрделі түрінің дүниеге келуі Ілияс Жансүгіров атымен байланысты. Оның “Дала”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты поэмалары кеңінен белгілі болды. С.Мұқанов пен Ғ.Орманов челюскиншілдер туралы “Ақ аю” және “Бағындырылған дала” поэмаларын жазды.

30-жылдары қазақ Кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. Бұл жылдары С.Сейфуллин “Біздің өмір” романын жаза бастады. І.Жансүгіров “Жолдастар” романын жазды, С.Мұқанов “Байдың ұлы”, “Достар”, “Ботагөз” романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның атымен тығыз байланысты.

30-жылдары ресми өкімет құптаған негізгі тақырып: кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналады. 1934 ж. республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды. Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. И.Шухов 1936 ж. бірінші совхоздарға арналған “Отан” романын жазды. Д.Снегиннің тұңғыш өлеңдер жинағы “Шығыстан соққан жел” және “Жетісу”, “Менің қалам” атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының “Таңғы сәуле” атты өлеңдер жинағын құрастырды. 1936 ж. бастап П.Кузнецов Ж.Жабаев өлеңдерін аударумен айналысты, сонымен бірге, ол өз туындыларын да дүниеге әкелді.

Сонымен қатар, коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшейуіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.

Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. террорға ұшырады. Бұл қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиян тигізді.