Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

3.4.Мемлекеттік кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік – бұл, пайда алуға бағытталған және тәуекелділікпен байланысты шаруашылық қызмет.

Мемлекттік кәсіпкерліктің ерекшклігі – басты мақсаты пайда алу емес.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің объектілері.

А. Қоғамдық игіліктердің өндірісі;

В. Базалық салалардағы мемлекеттік кәсіпорындар (кен өндіретін, энергетика);

С. Инфрақұрылым,

Д. Ғылымды көп қажетсінетін салалар.

Яғни мемлекеттік кәсіпкер ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін қолдауға бағытталады.

Ал оның мақсаты – пайданы көбейту емес, қоғамдық әл-ауқатты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жолымен максималдау.

Ауспалы экономикада мемлекеттік кәсіпкерліктің қажеттілігі келесімен байланысты:

А. Жеке сектордың әлсіздігі;

В. Капиталдың жетеспеудігі және инвестициялар өтелімділік (окупаемость) мерзімінің ұзақтығы үшін жеке капиталдың өндіріс сферасынан қашу;

С. Қаржылық санация және техникалық модернизацияны талап ететін пайда алмайтын кәсіпорындардын болуы.

Қазақстанда мемлекеттік кәсіпкерлік екі түрді жүргізіледі: мемлекеттік унитарлы кәсіпорындар және мемлекеттік капиталы бар акционерлік қоғамдар.

Мемлекеттік капиталы бар акционерлік қоғамдардың келесі түрлері бар:

- 100%-дық мемлекеттік капиталы бар АҚ,

- мемлекет иелігінде бақылау пакеті немесе «алтын акциясы» бар АҚ;

- мемлекет қарапайым қатысушы ретінде болатын АҚ.

Унитарлы кәсіпорынның мүлігінің иесі мемлекет, ал акционерлік қоғам өз мүлігіне өзі ие.

3.5.Мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Дамыған елдерде ЭМР 1929-33 жылдардағы дағдарыстан кейін басталды.

Оның басты инструменттері келесі:

- Болжау, келешекті жоспарлау және бағдарламалау. Мысалы, Франция, Швеция, Япония; ФРГ елдерінде салааралық бағдарламалар жасалады, ағымды және ортамерзімді жоспарлау орын алады. Турцияда бес жылдық жоспарлар ұсынылады. Осы елдерде сонымен қатар аймақтық даму бағдарламалар қарастырылған.

- Салық салу және қаржы-бюджеттік ресурстарды пайдалану механизмі. Осы құрал арқылы бюджеттік қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар) шаруашылықтың басымдық мәселелері шешіледі, ғылымды көп қажетсінетін салалар дамытылады, құрылымдық-инвестициялық саясат қолданады.

- Экономиканы реттеудің ақша-несие механизмі.

- Бағаны реттеу саясаты. Көбінесе дамыған елдерде мемлекет ауылшаруашылық өнімнің бағасын реттейді.

- Сыртқы экономикалық байланыстарды лицензиялық, кеден-баждық, тарифтік реттеу.

4-тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

4.1Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері, үлгілері.

Ауыспалы экономика – бұл бір экономикалық жүйеден басқаға ауыспалы жағдай. Экономикалық жүйенің негізі өзгереді, сондықтан жүйе толық өзгереді. Осыдан ауыспалы экономиканың негізгі мінездемелері туындайды:

Біріншіден, егер құрастырылған экономикалық жүйенің ұдайы өндірісі өзінің экономикалық және институционалды негізінде қайталанса, ауыспалы экономиканың міндеті – жаңа эконом икалық жүйенің негізін құру. Экономикалық жүйенің негізіне келесілер кіреді: 1) шараушылық байланыстардын түрлрі, немесе экономика субъектілерінің арасындағы қызметтерді реттеу тәртібі; 2) жүйеге сәйкес меншіктің және оның қызмет етуін ұйымдастыратын институттардың басымды түрі. Экономикаылық жүйенің осы элементтері құрылғанда, ауыспалы экономика мерзімі бітіп, жаңа экономикалық жүйе қалыптасты деуге болады.

Екіншіден, ауыспалы экономиканың қасиеті ретінде оның көпукладтылығы болады. Экономикалық уклад – басқа қатынастармен тең қалыптасатын экономикалық қатынастардын ерекше типі. Кез келген экономикада әртүрлі меншік нысандарымен, мүдделермен, шаруашылық жүргізу әдістермен сипатталатын әр түрлі экономикалық қатынастар бар. Бірақ ауспалы экономикада көпукладтық негізгі элемент ретінде шығады.

Үшіншіден, ауспалы экономианы оның ішкі қасиеті ретінде даму тұрақсыздығы сипаттайды. Өйткені ескі қатынастар өзгереді, жаңа институттар уақытында құрылмайды, жаңа экономикалық субъектілер жаңа қатынастармен қалыптасады. Бұнын бәрі экономикалық, әлеуметтік, саяси қатынастарды шиеленістіреді (обострение).

Төртіншіден, аыспалы экономикадағы қайта құру мерзімінін ұзақтылығы. Бұнын себебі – технологиялық базисті, кадрларды, шаруашылықтын құрылымын өзгерту үшін уақыт керек.

Ауыспалы экономиканың үлгілері.

ХХ ғасырда әлем ауыспалы экономиканың бірнеше түрлерімен кездесті. Олардың бір бірінен қалыптасу уақыты, мәні бойынша айырмашылығы болса да, жалпы қасиет ретінде экономикалық жүйенің негізгі базалық қатынастарының өзгеруі болады. Бұл өзгерістер жаңа экономикалық жүйеге әкелді.

Ауыспалы экономиканын бірінші үлгісі – капитализмнен социализмге көшу. Ол 1917 жылдағы социалистік революциядан басталып 30-шы жылдарға дейін созылды. Осы ауспалы жүйнің жағымды да, жағымсыз да нәтижелері болды. Жағымды: ұлттық индустрия құрылды, ауыл шаруашылығы коллективизация негізінде қайта құрылды және т.б. Жағымсыз: нарық қатынастары жойылды, экономика мемлекеттендірілді, экономиканың біржақты (однобокая) құрылымы, өндіргіш күштердің төмен даму деңгейі.

Ауыспалы экономиканың екінші үлгісі – ел экономикасын үйлестіру (координация) тәсілдердің түпкілікті (коренные) өзгеруі. Бұл өзгерістер бір экономикалық жүйенің ішінде қалыптасады, бірақ оның негізіне әсерің тигізеді, экономикалық байланыстарды қайта құрады, қоғам өмірің реттейтін жаңа институттарды туындатады.

Экономика дамуының осы кезеңдері келе жағдайларда пайда болады:

- экономикалық өмірді реттейтін бұрынғы әдістір тиімсіз болады;

- ескі институттар өзгерген жағдайға және экономика субъектілерінің өскен мүмкіндіктеріне сәйкес болмауы;

- жүйе дамуында былыққандық (хаотичность), болжамсыздық (непредсказуемость)өседі.

Осы жағдайда ескі институттарды ауыстыру керек және реттеудің жана әдістерін қалыптастыру керек.

Ауспалы экономиканың осы улгісінің мысалдары:

- экономканы реттеудің ХХ ғасырдын 1929-33-ші жылдарындағы дағдарыстан кейінгі өзгерістері;

- ХХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы мүнай дағдарыстан кейінгі өзгерістер: реттеу объектісі ретінде ішкі рыноктын сүбъектілерімен қоса халықаралық қатынастардың субъектілері шықты;

- Осы кездегі дамушы елдердегі өзгерістер (жана индустриалды елдер);

- ХХ-шы ғасырдын екінші жартылығында 20 жылдар астам Латиналық Америкадағы өзгерістер: жоғары инфляция, экономикалық өсудің төмен қарқыны, сыртқы қарыздын өсуі, кедейліктін өсуі.

Ауыспалы экономиканың үшінші үлгісі – социализм нен нарықтық экономикаға көшу. Оның ерекшеліктері:

- жүйе негізінде, қоғамдық қатынастарда түпкілікті өзгерістер;

- таза мемлекеттік экономикадан аралас экономикаға, меншіктің көптүрлігіне көшу;

- әлеуметтік міндеттердің шешу ерекшеліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]