Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСТИТЕТІ

ДӘРІСКЕ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІ

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша

Алматы, 2012

ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІ

1-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) теориялық астары мен оның объектісі

  1. ЭМР-дің объективті қажеттілігі мен оның мәні.

Қазіргі заманғы нарық экономикасының жағдайында бірнеше қызмет атқаруда

мемлекетсіз іс жүргізу мүмкін емес. Әрине рынок қоғамның алдында тұратын мақсаттарды шеше алады. Бірақ бұл жағдай мемлекеттің рөлін теріске шығармайды. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеудің қажеттілігінсіз бір де бір кәсіпкер шеше алмайтын проблемалардың пайда болуымен, рыноктың кемшіліктерімен байланысты. Рынок кемшіліктері:

1.Қайта өндірілмейтін ресурстарды сақтауды қамтамасыз ете алмауы;

2.Қоршаған ортаны қорғауға экономикалық механизмнің жоқтығы;

3.Жалпы адам ресурстарын пайдалануды бақылай алмайды;

4.Ұжым пайдаланудағы тауар мен қызмет өндірісін ынталандырмайды;

5.Еңбек және табыс құқығына кепіл бермейді;

6.Ғылымда фундаментальді зертеуді қамтамасыз ете алмайды;

7.Тек ақшасы бар тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған;

8.Инфляциялық процесстерге байланысты даму тұрақсыз;

Барлық осы проблемаларды мемлекет шешеді.

ЭМР – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге оларды рационалды

теңгерімдеуі (сбалансирование) мен макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау үшін әкімшілік-экономикалық және ұйымдастыру-құқықтық араласудың негізгі түрі.

ЭМР-дің пәні – ағымды кезеңде және келешекте қоғамның әл-ауқат деңгейін көтеру мақсатында, елдегі бар ресурстарды рационалды пайдалануын болжайтын, ұлттық экономикалық жүйені тұрақты және теңгерімделі дамуын қамтамасыз етуімен байланысты экономикалық және басқару қатынастар жиынтығын зерделеу.

Мемлекеттік реттеудің мақсаттары, барлық мемлекеттің экономикалық саясатының

мақсаттарына тән, үш деңгейге бөлінеді. Ең жоғарғы мақсат – барлық қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі. Екінші деңгей – негізгі мақсаттар тобы: қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп. Үшінші деңгей – қолданбалы мақсаттар: экономикалық өсу, жұмыс бастылығы, бағаның тұрақты деңгейі және ұлттық валютаның тұрақтылығы, сыртқы экономикалық тепе-теңдік.

Мемлекеттік реттеудің құралдары:

1. Құқықтық реттеушілер.

2. Әкішілік реттеушілер.

3. Экономикалық реттеушілер (тікелей және жанама).

4. Институционалдық реттеушілер.

Институт – бұл қоғамдағы «ойын ережелер», яғни адаммен құрастырылған адамдар арасындағы қатынастарды ұйымдастыратың шекаралар. Формалды және формалды емес институттарды бөледі. Формалды институттар тұрақты түрде қалыптасады: органдар, ұйымдар, заңдар, басқа тұрақталған ережелер. Формалы емес институттар – жазылмаған ережелер, дәстүрлер, салттар, принциптер.

Институционализмның көрінісі келесіде:

- мемлекеттік биліктің атқарушы құрылымының қалыптасуы;

- мемлекеттік меншік объектілерін құру және сақтау;

- экономикалық бағдарламалар мен экономикалық болжауды әзірлеу;

- экономика бойынша зерттеу орталықтарын, экономика ақпаратты институттарын, сауда-өнеркәсіптік палаталарды, әртүрлі экономикалық кеңес пен одақтарды қолдау;

- кеңесшілер, консультанттар, экономика проблемалары бойынша сарапшылар кеңесі институттарының қызметін қамтамасыз ету;

- кәсіпкерлік және кәсіптік одақтарды құқықтық және ақпараттық қолдау;

- экономикалық интеграцияға қатысу, экономикалық сұрақтар бойынша халықаралық кездесулерді ұйымдарстыру.

Экономиканы мемлекеттік реттеу модельдері ретінде келесіні келтіруге болады:

1. Экономикалық тиімді мемлекет (америкалық тәжірибе). Американдық мемлекеттіңтиімділігі ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуден көрінеді. Мемлекеттің экономикалық рөлі ұлттық экономика қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларын қамтамасыз етуге қатысу деңгейінде байқалады. Сонымен бірге, шаруашылық заңы шеңберінде кәсіпкерліктің кез-келген түрінің тиімді қызмет етуі үшін мүмкіндік сақталған жағдайда ғана мемлекет экономикалық тиімді деп саналады. Мемлекет «ойын ережесінің» кепілі болып кіреді, рынок пен бәсекелестіктің кепілдемесі болады және бұл жағынан ол рыноктық қағида тәртібіне кіреді.

2. Француздық индикативтік жоспарлау. Францияда индикативті жоспарлармакрореттеудің құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Индикативтік жоспарлау жүйесі халық шаруашылығындағы мемлекеттік меншіктің жоғары үлесіне сүйенеді. Жоспарлау «төменнен» бекітіледі және кеңесу мен келісу принциптарына негізделген, өйткені ол әр түрлі «мүдделер топтарының» өкілдерінің тең құқықтағы қатынасуын қосады: мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкерлерді, кәсіподақтарды, тұтынушылар одағын және т.б. Көп сатылы итерация нәтижесінде және барлық қатысушылар қолдайтын жоспарға негізделген «жоспарлаудың демократиялық жүйесі» жүзеге асады.

3. Швед моделі ұлттық табыстың елеулі бөлігін материалдық жағдайлары нашар адамдардың пайдасына қайта бөлу арқылы елеулі мүліктік теңсіздікті жұмсартуғабағытталған күшті әлеуметтік саясатпен ерекшеленеді. Мемлекеттің рөлі меншіктің шағын үлесіне ие бола отырып, ЖҰӨ-нің елеулі бөлігін әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсаумен анықталады. Мұндай модельдің қызмет етуі салық салудың тек жоғары мөлшері жағдайында ғана болуы мүмкін.

Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында экономиканы басқаруда мемлекеттің ролі өте жоғары. Мемлекеттің басымды мақсаттары елдің дамуының «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген:

1. Ұлттық қауіпсіздік;

2. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы;

3. Жоғары деңгейдегі шетел инвестициясы мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

4. Өмірдің, денсаулықтың, білім берудің, экологиялық ортаның жагдайын жақсарту;

5. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;

6. Инфрақұрылымды, әсіресі көлік пен байланысты, дамыту;

7. Кәсіби мемлекет құру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]