Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

2.Мемлекеттің экономикалық рөлі жөніндегі мәселелердің негізгі ғылыми бағыттары: неоклассикалық, кейнсиандық ағым, монетаризм, институционализм және т.Б.

ЭМР-дің мәнің, рөлін нысандарын бағалауда экономикалық ғылымның үш бағыты

бөлінеді: неоклассикалық, кейнсиандық және институционалды.

Неоклассикалық бағыттың өкілдері: А.Маршал, Э.Чемберлин, Л.Мизес,

Ф.Хайек, М.Фридмен.

Неоклассиктер адам қызметінің басты уәжі (мотив) оның жеке мүддесі деп санайды. Олар экономиканы гармониялық жүйе ретінде қарастырып, еркін бәсеке қоғамның максималды әл-ауқатына әкеледі деп санайды. Мемлекеттің экономикаға араласуы оған зиян әкеледі дейді.

Бұл тәсіл алғашқы рет А.Смитпен ұсынылған және экономикалық либерализм деп аталады. Смит мемлекет рөлін тәртіп сақтау, жеке меншікті және бәсекені қорғаумен шектеген.

Қазіргі неоклассиктер мемлекет тікелей экономикаға араласпай, рынок пен кәсіпкерліктің тиімді қызмет істеуіне жағымды экономикалық жағдай жасау керек деп санайды. В.Ойкен ойынша, мемлекетті экономикалық процесті жоспарлауға және реттеуге қатыстыруға болмайды, ол тек экономикалық тәртіптің элементтерін құрастыру тиісті.

Осындай мемлекетпен жасалатын экономикалық тәртіптің элементтеріне неоклассиктер келесіні қосады: заңды және тәртіпті қорғау, меншік құқығын қорғау, бәсекені қолдау, инфляциясыз ақша айналымын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдайтын салық саясатын жүргізу, экономикалық саясатта тұрғындардың күтуін есепке алу.

ХХ ғасырдың екінші жартылығында Чикаго пофессоры М.Фридмен нарық механизмінің тиімді қызмет етуінің манызды шарты ретінде тұрақты ақша айналымын санайды. Фридман теориясы монетаризм деп аталады.

Фридман концепциясының негізінде ақшаның сандық теориясы жатыр. Бұл теория бойынша, айналымдаға ақша массасы баға деңгейіне тікелей әсерін тигізеді. Соңдықтан, ақша сұранысты басқару қызметін атқарады, ал осы қызмет арқылы жалпы шаруашалық процестерді, жұмыс бастылығы мен өндіріс көлемін атқарады.

ХХ-ші ғасырдың 70-80-ші жылдарында неоклассиктер А.Лаффер және Дж.Гильдер

көзқарасын ұсынысты талдауға бағыттады. Олар экономиканың өсу факторы ретінде өндіріс факторларын тиімді пайдалануды қойды. Кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі құралы ретінде неоклассиктер мемлекеттің салық саясатын есептеді. Ең бай тұрғындардың табысына салықты азайту керек деп есептеді.

Қазіргі неоклассиктер экономикалық саясат тиімділігінің ең басты шарты ретінде тұрғындардың күтуін зерттеу деп санайды. Тұрғындардың күтуін зерттемеген жағдайда талп еткен экономикалық саясатты жүргізуге болдырмайтын проблемалар туындайды.

Кейнсиандық теория негізін ағылшын экономист Дж.М.Кейнс салған. Кейнс және оның теориясын жалғастырушылар рынок және мемлекет бірге реттейтін экономикалық жүйенің концепциясын құрды. Бұл концепция келесіні қосады: а) рынок механизмын және экономикаға мемлекеттің қатысу себептерің бағалау; б) осы қатысудың мақсатарын құру; в) ЭМР-дің бағыттарын, түрлерін, әдістерін анықтау.

Нарықтық экономиканың жағымды жақтарын атап, кейнсиандықтар оның жағымсыз жақтарын бөледі: тұрақсыздығын, жұмыссыздықтын болуын, табыстын әділсіз бөлуінін. Сонымен бірге рынок қоғамдық игіліктерді өндіруге жағдай жасамайды.

Осы рыноктын кемшіліктерін жою үшін экономикаға мемлекет араласу керек. Нәтижесінде аралас экономика пайда болады.

Жалпы концепция негізінде кейнсиандықтар аралас экономикада экономикалық саясаттың нақты түрлері мен әдістерін анықтады. Ең көп тараған циклға қарсы реттеу және экономикалық өсу теориялары. Бұл теориялар «инвестиция» және «мультипликатор» категорияларына негізделген.

Кейнс теориясында мультипликатор дегеніміз инвестиция өзгерісінен табыстар өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент.

Экономика тепе-теңдік жағдайына жететін ЖІӨ-нің оңтайлы көлемін анықтайтын Кейнстік теория инвестиция өскенде, ЖҰӨ бастапқы қосымша инвестицияға қарағанда әлде қайда үлкен көлемде өсетіндігін көрсетеді. Ол инвестициялардың мультипликациялық (өспелі) эффектіге жеткізетіндігінен шығады. Алғашқы эффекттен басқа, екінші, үшінші және т.б. эффектілер құбылысы пайда болады. Бір саладағы шығындар басқаларындағы өндірісті кеңейтіп, жұмысбастылықты көбейтеді. ЖҰӨ көлеміндегі осындай өспелі көбейткіш эффект мультипликациялық эффект деп аталады. Мультипликатор - инвестиция көлемі ұлғайғандағы ЖҰӨ-ның өсу шамасын көрсететін сандық коэффициенті. Ол ЖҰӨ өсімшесінің инвестиция өсімшесіне қатынасы арқылы анықталады.

Рынок процесің басқарудың элементтерің болжайтын жаңа концепцияны

қалыптастыруда басты рөлді институционалдық бағыт атқарды: Фр.Перру, Я.Тинберген, Г.Мюрдаль. Олар экономиканы мемлекеттік индикативтік жоспарлау концепциясын жасады. Индикативті деген ұсыныс ретінде дегенді білдіреді.

Индикативті жоспар концепциясы келесі позицияларды қосады:

А) ұзак, орта, және қысқа мерзімге манызды процестерді болжау;

Б) экономикалық дамуды нақты мақсаттарға бағыттайтын нақты бағдарлама жасау;

В) жоспарды іске асыру үшін қажетті құралдарды анықтау;

Г) экономикалық, саяси және әкімшілік шараларды жасау және мекемелерді (институттарды) құратыру;

Д)жоспарларды тұрақты нақтылау және оларды іске асыру механизмдерді жаңарту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]