Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

12.2.Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторы.

Ақша ұсынысы. Ақша массасы – бұл жеке адамдар, кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар және мемлекет иелік ететін, әрі халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қолсыз сатып алушылық және төлем құралының жинақтығы. Ақша массасы құрылымында оның белсенді (актив) және пассивті бөлімі ерекшеленеді. Белсенді бөлімі - шаруашылық айналымына нақты қызмет көрсететін ақша құралдары. Пассивті бөліміне есеп айырысу құралы ретінде қызмет ете алатын шоттардағы қалдық ақша, жинақталған ақша жатады.

Ақша ұсынысы - айналымдағы ақша массасы, яғни қазіргі уақыттағы мемлекетте айналымдағы төлем құралының жиынтығы.

Ақша ұсынысын сипаттауға әр түрлі жалпылама көрсеткіштер, немесе ақша агрегаттары, қолданылады:

- қолма-қол ақша және банктегі «талап етілгенге дейінгі» шоттардағы ақша;

- бұл + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақтау шоттардағы ақша, әрі мамандандырылған қаржы институттарындағы депозиттер.

- бұл + ірі мерзімді салымдар.

L - бұл + 18 айлық өтеу мерзімі бар құнды қағаздар.

Агрегат шынайы ақша деп аталады. Бұл ақша массасының ең өтімділік бөлімі. Басқа агрегаттарды квази (жалған) ақша немесе жартылай ақша деп атайды.

Банктік мультипликатор, немесе ақша ұсынысының мультипликаторы, банктердің жаңа ақша шығару арқылы ақша массасын қаншалықты үлкейткендігін бағалауға мүмкіндік береді. Оның формуласы:

м = (1 / r) x100,

мұнда r - процент түріндегі міндетті резервтік норма, немесе

м =M / R,

мұнда М - депозиттік өсім, R - резервтік өсім.

Ақшаға сұраныс.Ақшаға сұраныс оның екі қызметінен шығады : айналым құралы және жинақтау құралы. Бірінші жағдайда сату-сатып алу мәмілелерін жасау үшін ақшаға сұраныс (транзакациялық сұраныс), ал екінші жағдайда ақшаға түрлі қаржылық активтерді (облигация және акция) алу құралы ретіндегі сұраныс.

Мәмілелер жасау үшін қажетті ақшаға сұраныс қоғамның жалпы ақшалай табысымен анықталады және атаулы ЖҰӨ-ге тура пропорционал түрде өзгереді. Әр-түрлі қаржылық активтерді алу үшін ақшаға сұраныс дивидендтер немесе пайыз түріндегі табыс алуға ұмтылумен анықталады, және пайыз ставкасының деңгейіне кері пропорционал түрде өзгереді. Бұл тәуелділік ақшаға сұраныс қисығында көрініс табады () (14.1 сурет).

14.1 сурет - Ақшаға сұраныстың қисығы

Ақшаға жалпы сұраныс қисығы тұрғындар мен фирмалардың әрбір мүмкін болатын пайыздық мөлшерінде акциялар мен облигацияларды сатып алу және мәмілелер жасау үшін алғысы келетін жалпы ақша мөлшерін көрсетеді.

Ақшаға сұраныстың келесі тұжырымдамалары белгілі:

  1. Ақшаға сұраныс және сандық теория.

Сандық теорияның қазіргі трактовкасы ақша айналымының жылдамдығы түсінігіне және табыстың қозғалысында негізделген. Ақша саны мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік кембридждік теңдеумен көрсетіледі:

М=к Р Y,

мұндағы М – ақшаның номиналдық саны;

к – номиналдық табыс пен қалаулы ақша қалдықтары арасындағы пропорция;

Р – бағаның абсолюттік деңгейі;

Y – нақты табыс.

Егер к мен Y – тұрақты, өзгермейтін шамалар болса, ақшаның номиналды санының өзгеруі бағаның абсолютті деңгейінің өзгеруіне әкеліп соқтырады деп қорытынды жасауға болады.

Айырбастау теңдеуі, немесе Фишер теңдеуі, келесідей анықталады:

MV = PY,

мұндағы V- ақша айналымының жылдамдығы.

Теңдеудің екі жағын да V-ға бөліп, келесі формуланы аламыз:

M = PY / V

Бұл теңдеу ақшаға сұраныстың мөлшері келесі факторларға тәуелділігін көрсетеді:

  1. бағаның абсолюттік деңгейінен;

  2. өндірістің нақты көлемінің деңгейінен (оның өсуі нақты табыстын өсуіне әкеледі);

  3. ақшаның айналымының жылдамдығынан.

2. Кейнсиандық модельдегі ақшаға сұраныс.

Ақшаға сұраныстың кейнсиандық теориясы өтемпаздық артықшылығының теориясы деп аталады. Кейнс адамдардың өз байлықтарының жартысын ақша нысанында сақтауға үш себеп бар екендігін атады:

  1. Ақшаны төлем құралы ретінде қолдануы (ақшаны сақтаудың транзациялық мотиві);

  2. Алып-сатарлық мотив - ақшаны сақтау мотиві. Ол қарыз процеті нормасының өсуін күту кезеңінде активтерді облигация нысанында сақтауға шақыратын капиталдарды жоғалпау үшін ақшаны сақтау мотивін білдіреді;

  3. Болашақта өз ресурстарының бір бөлігін қолма-қол ақша нысанында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін (сақтық мотиві).

Ақша рыногы – бұл ақшаның «бағасы» мен пайыз ставкасының деңгейін ақшаға сұраныс пен ұсыныс анықтайтын нарық. Әрі бұл ақшаға сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін институттар желісі.

Егер ақша ұсынысын бақылайтын орталық банк оның номиналды пайыз ставкасының өзерістерімен байланыссыз тұрақты деңгейде ұстауға ұмтылса, ақша ұсынысының қисығы вертикальды түрде болады (14.2 сүрет).

14.2 сурет - Ақша рыногындағы тепе-теңдік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]