Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

5.1Қоғамдық өндіріс: көрсеткіштер, өсу қарқыны және құрылымы

Өндіріс – қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Ол материалдық және материалдық емес өндіріс болып бөлінеді.

Материалдық өндіріс құрамында:

  1. материалдық игіліктерді өндіруге бағытталған салалар мен кәсіпорындар (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс);

  2. материалдық қызмет көрсетуге бағытталған салалар мен кәсіпорындар (көлік, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыс қызметтері);

Материалдық емес өндіріс құрамында:

  1. материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, өнер);

  2. материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру т.б.);

Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді: 1бөлім өндіріс құралдарын жасайтын салалар мен кәсіпорындардан тұрады,ал2-ші бөлім тұтыну заттарын өндіретін салалар мен кәсіпорындардан тұрады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесі қоғамдық өнім.

Өндіріс нәтижесі мен оған кеткен шығындардың ара қатынасы оның даму тиімділігін көрсетеді.Өндіріс тиімділігі мен ресурс түрін пайдалануда жеке көрсеткіштер пайдаланылады:

  • еңбек өнімділігі - өнім көлемінің еңбек шығынына ара қатынасы.

  • өнімнің еңбек сиымдылығы – еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш.

  • материал қайтарымы - өнімнің еңбек шығынына ара қатынасы.

  • материал сиымдылығы – материал қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге кеткен материал шығынының деңгейін көрсетеді.

  • қор қайтарымы – негізгі өндіріс қорларын пайдалану деңгейін көрсетеді және өнімді қор соммасына бөлумен анықталады.

  • өнімнің қор сиымдылығы – қор қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге қор шығынының деңгейін көрсетеді.

5.2Мемлекеттің құрылымдық саясаты

Құрылымдық өзгерістер ауқымындағы экономикалық саясат, ең алдымен, салааралық және ішкі салалық өзгерістерге ықпал жасау іс-әрекеттер жиынтығы болады. Осы бағыттың мақсаты: ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, ұлттық экономиканы бәсекелестік шамасын арттыру, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу.

Осы саясаттың іске асу түрлері- белгілі өндіріс салалары мен түрлеріне таңдаулы түрде қолдау болады. Құрылымдық саясатты кең және тар мазмұнды түрде қарастыруға болады. Бірінші жағдайда экономиканың барлық проблемалары қамтылады: салааралық, аймқтық және ұйымдық- институционалдық пропорциаларды қайта құрып, оптималдау, екінші жағдайда мемлекеттің жанама түрде тек қана фирмалардың көлеміне әсер етуі, өндірістің ұсақ, орташа және ірі түрлерінің оптималды құрамдық үлесін анықтауы туралы сөз болады. Инфрақұрылымды қалыптастыру да кең мағынада құрылымдық саясатқа жатады. Құрылымдық саясаттың шектеулі мағынасы- ол ішкі салалық және салааралық пропоциялрға ықпал жасау. Ел экономикасында құрылымдық өзгерістер көптеген жағдайларға байланысты келеді. Жаңа өндірісаралық пропорциаларды құру үшін белгілі бір өндіріс түрлерінің дамуын жеделдету қажет болады және құрылымдық өзгерістердің әлеуметтік салдарын жою мақсатында бұл процеске мемлекет араласады.

ХХ ғасырдың бас кезінде экономиканың құрылымдық дамуына мемлекет араласа бастағаны белгілі. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кездерінде әскери өндірістің дамуын мемлекет қаржылай және басқа да іс-шаралар арқылы белсенді түрде қолдап отырған. Соғыста күйреген экономиканы көтеруге де мемлекет белгілі құрылымдық іс-шаралар арқылы белсенді түрде қолдау көрсеткен. «Құрылымдық саясат» деген ұғым тек 1940 жылдардан бастап кең қолданылатын болды. Осы кезде мемлекеттің экономика макропорцияларына ықпал жасау іс-шаралары жүйелі сипат алды. Экономикалық саясаттың бұл бағыты ГФР және Францияда белсенді болды.

Құрылымдық өзгерістер саласында мемлекеттің белсенділігін арттырған негізгі факторлар шеңберін де анықтауға болады. Ең алдымен бұл:

1. Экстремалды экономикалық жағдайлар (соғысқа дайындық, соғыстыжүргізу және оның салдарын жою).

2. Әлем нарығында бәсекелестің елеулі түрде артуы.

3. Біріккен Европа нарығының қалыптасу жағдайында, ондғы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты аграрлық секторды қолдау қажеттілігінің артуы.

4. 1970 жылдардың құрылымдық дағдарысы: дамыған елдерде өндірістің дәстүрлі өнім түрлеріне (болат, тоқыма бұйымдары, кемелер т.б.) сұранымның қүұлдырауы.

Құрылымдық дамуды қолдаудың нақты технологиясы қандай? Соңғысы экономикалық саясаттың қаржы және несие механизмдерін қолданудан көрінеді. Реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады. Жанама шаралар-салықтар және салық жеңілдіктері, нақты алғанда, амортизацияны жеңілдету мақсатында, несие алу жеңілдіктері, субсидиялар, т.б. Тікелей қолданылатын шаралар: мемлекеттік тапсырмалар, бюджет инвестициялары, белгілі бір тауарлар өндірісіне тыйым салу т.б.

Құрылымдық өзгерістер саласындағы мемлекеттің міндеттері өте күрделі және көп қайшылықты болады. Айталық, алдыңғы қатардығы өндіріс салаларын тікелей қолдау – бұл, тура айтсақ, бәсекелестік тәртіпті бұзу, ал нарықта барлығының тең жағдайда болғаны дұрыс. Егер мемлекеттік қолдау бәсекелістік мүмкіншілігі шектеулі өндіріс салаларына көрсетілетін болса, бұл іс түсініктілеу болар еді. Бұл жерде сөз ауыл шаруашылығы, тоқыма тоқу, көмір өндіру, металл қорыту т.б. туралы болып отыр.

Жұмыстарды қолдау үшін бюджеттен субсидия бөлу түрінде артта қалған, қысқарған өндіріс салаларына тікелей көмек көрсетіледі. Ал тұрақты дамып келе жатқан өндіріс салаларына негізіненен көмек жанама түрде көрсетіледі. Бірақ тұрақты дамыған өндірістердің қайсысына бірінші кезекте және басым қолдау жасау керек екенін бәсеке арқылы шешілуі қажет. Сонымен, әлсіздеу өндіріс салаларына көмек мақсатты да шартты және бағытталған түрде беріледі. Ал алдыңғы қатардағы дамыған өндіріс салаларына қолдау жалпы ынталандыру шаралары арқылы жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]