Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

6 Тақырып. Эмр қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау

6.1Экономикалық болжаудың мәні, қағидалары, әдістері. Мемлекеттік бағдарламалар, оларды әзірлеу және бекіту.

Мемлекеттік болжау – бұл мемлекеттік органдармен немесе олардың тапсырмасымен орындалатын, саяси, әлеуметтік, құқықтық экономикалық және басқа сфераларында мемлекеттің және мемлекеттік басқарудың даму болашағын білу үшін сапалы және сандық сипаттамадағы ғылыми негізделген зерттеу және ғылыми тәжірибелік іс-шаралар жүйесі. Мемлекеттік болжаудың басты міндеті: қоғамның және мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық жақтарының оптималды даму жолдарын табу. Ол көбінесе жоспар, бағдарлама жасау кезеніңде пайдаланады және концепция, ұсыныстар жасауға көмектеседі.

Әлеуметтік-экономикалық болжамдардың түрлері:

1. Болжау горизонттары бойынша: қысқа мерзімді (бірнеше күннен бір жылға дейін); орта мерзімді (3-5 жылға); ұзақ мерзімді (10-20 жылға); өте ұзақ мерзімге (30-50 және одан көп мерзімге). Қысқа және орта мерзімді болжамдар нақтыланған, ал ұзақ және өте ұзақ мерзімді болжамдар іріктелген және бірнеше вариантты болады;

2. Басқару деңгейі бойынша: кәсіпорын болжамы, аймақ және сала болжамы, ұлттық, халықаралық және ғаламдық болжам. Жоғары деңгейдегі болжамдар төменгі деңгейдегі болжам жасаған кезде ориентир ретінде болады;

3. Болжау объектісі бойынша келесі болжамдар: жүйе бойынша жиынтықталған; демографиялық (тұрғындар құрылымының өзгеруі және өсу қарқындылығы); әлеуметтік (мәдениет, білім беру, деңсаулық сақтау, әлеметтік қамтамасыздандыру, өмір деңгейі мен сапасы); ғылыми-техникалық (ғылым, инновация, техникалық жүйелер, технология динамикасы); экономикалық (өндіріс, экономика құрылымы, бағалар және инфляция динамикасы, институционалдық өзгерістер, қаржы, несие және т.б.); экологиялық (табиғи процесстер, экологиялық дағдарыстар, ортаны ластау деңгейі және т.б.); сыртқы экономикалық ( сыртқы сауда, туризм дамуы, валюта курсының және сыртқы қарыздың динамикасы, интеграция және т.б.).

4. Сипаты бойынша: жеке көрсеткіштер бойынша және жалпы жүйе бойынша; бір және көп варианттық.

Экономикалық болжаудың қағидалары.

1. Кешеңділік.

2. Ғылыми негізділік.

3. Баламалық (альтернативность)

Экономикалық болжаудың әдістері.

  • Дельфи;

  • Экспертік бағалау;

  • Миға шабуыл жасау;

  • Талдау;

  • Экономико-математикалық модельдеу;

  • Итерация (повторение, повторное применение) және т.б.

“Дельфи” әдісі анкеталық сұрауда итеративтік (процедураны негіздейді. Сонымен

қатар сарапшылардың арасында жеке байланыс орнатылмауы шарт және әр бір турдан кейін олардың баға берудегі құпиялылығын, аргументтері мен қарсылықтарын жасыра отырып, оларға бағалаудың нәтижесін толығымен хабарландыру. “Дельфи” әдісінде топтық пікірдің қалыптасуына бағытталған процедуралар өткізіледі.

Бұл әдістің мінездемесіне кіретіндер:

  1. Сұраудық құпиялылығы;

  1. Бірнеше турлық сұрау өткізу есебінен жасалынатын, реттелетін кері байланыс;

  2. Статистикалық әдістің көмегімен топ бойынша жауап алу.

“Дельфи” әдісінің негізінде мынадай талаптар жатыр:

  • Анкеталық сұрауда санмен жауап беретін сұрақтар болуы керек;

  • Сарапшылар баға беру үшін қажетті ақпараттармен қамсыздандырылуы керек;

  • Әрбір жауап сарапшымен негізделуі тиіс.

Эксперттік бағалау әдістері екі топқа бөлінеді:

    • эксперттік топтың коллективпен атқару әдістері;

    • эксперттік топтың жеке адамының пікірін алу әдістері.

Эксперттік топтың коллективпен атқару әдістері Шешілетін мәселені бірігіп талқылау барысында көпшіліктің пікірін алуға болжанады.

Кейде бұл әдісті коллективтің пікірін тікелей алу деп атайды.

Бұл әдістердің негізгі артықшылығы мәселені жан-жақты анализдеуге мүмкіндік береді.

Әдістің кемшіліктері:

  • ақпаратты алу процедурасының күрделілігі;

  • сарапшылардың жеке пікірден топтық пікірді қалыптастырудың күрделілігі;

  • топтағы үлкен тұлғалардың қысымы.

Коллективпен жұмыс атқару әдістері:

  • “миға шабуыл жасау” әдісі;

  • “сценарилер” әдісі;

  • “іскерлік ойындар” әдісі;

  • “жиналыстар” әдісі;

  • “сот” әдісі.

“Миға шабуыл жасау” әдісі:

Бұл әдіс жаңа идеяларды (жаңа ойларды) коллективпен табу, миға шабуыл, дискуссия түрінде сипат алады.

Бұл әдіс мәселені шешуге бағытталған идеяларды еркін жеткізуге негізделген. Содан кейін ұсынылған идеялардан қажеттісін іріктеп алады.

Миға шабуыл жасау” әдісінің артықшылығы қабылдауға қажетті шешімдерді жылдам алуға мүмкіндік береді.

Кемшілігі: сараптаманы ұйымдастырудың күрделілігі, өйткені кейде қажетті мамандарды бірдей жинауға, оларға қолайлы жағдай туғызуға және өзара қарым-қатынас орнатуда қиыншылықтар кездеседі.

Мемлекеттік бағдарламалар, оларды әзірлеу және бекіту.

Мемлекеттік бағдарламалау – бұл әлеуметтік-экономикалық даму процестеріне мемлекеттін белседі араласудың әдісі. Мемлекеттік бағдарлама – бұл бар ресурстарды пайдалану жолымен болашақтағы мақсаттарға және міндеттерге жетуді қамтамасыз ететін эконоканы мемлекеттік реттеудің құралы. Мемлекеттік бағдарламаның мазмұны келесімен байланысты:

- басты болашақтық стратегиялық мақсатты, кіші мақсаттарды, мақсатқа жету кезеңдерді, шараларды анықтау;

- бағдарламаны іске асыру субъектілерді анықтау;

- қаржыландыру көзін, қолдау әдістерін, жауапкершілікті қосатын іске асыру механизмің анықтау.

Бағдарламаны жасау және іске асыру механизмі:

1. Бағдарлама объектісін тандау.

2. «Мақсаттар ағашын» құрастыру: басты мақсат, екінші деңгейдегі мақсаттар т.д.

3. Қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін шаралар жүйесін құрастыру.( төменгі мақсаттан жоғарыға қарай).

4. Бағдарламаны құрылымдану, яғни бағдарлама әртүрлі элементтерден (проекттерден) тұрады.

5. Бағдарламаның, оның ішіндегі проекттердін тиімділігін және шығындарын бағалау.

6. Мақсатты структураларды құрастыру: кім заказчик, орындаушы анықтау.

7. Бағдарламаны іске асыруды басқару.

8. Жасалған жұмысты бақылау және қабылдау.

Бағдарламаны жасайтындар әртүрлі министрліктер, ал бекітетін президент.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]