- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •2.Мемлекеттің экономикалық рөлі жөніндегі мәселелердің негізгі ғылыми бағыттары: неоклассикалық, кейнсиандық ағым, монетаризм, институционализм және т.Б.
- •3.Мемлекет функциялары.
- •2.1.Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы.
- •1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •2.3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс.
- •2.3.Акселератор, мультипликатор түсінігі.
- •3.2.Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі. Аймақтық басқару органдары.
- •3.3.Жекешелендіру. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.
- •3.4.Мемлекеттік кәсіпкерлік
- •3.5.Мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
- •4.1Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері, үлгілері.
- •4.2Ауыспалы экономиканың заңдылықтары.
- •2. Жекешелендіру.
- •4.3Нарық: түсінігі, құрылымы, түрлері.
- •5.1Қоғамдық өндіріс: көрсеткіштер, өсу қарқыны және құрылымы
- •5.2Мемлекеттің құрылымдық саясаты
- •5.3Макроэкономикалық көрсеткіштер
- •5.4Экономикалық өсу: факторлары, көрсеткіштері, типтері. Мемлекеттің экономикалық өсу саясаты.
- •6 Тақырып. Эмр қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
- •6.1Экономикалық болжаудың мәні, қағидалары, әдістері. Мемлекеттік бағдарламалар, оларды әзірлеу және бекіту.
- •6.2Экономиканың ортамерзімді және стратегиялық даму жоспарларының мәні, ғылыми негізі мен белгілері. Стратегиялық жоспарлау.
- •6.3Әлеуметтік сфераның дамуын жоспарлау негіздері
- •7Тақырып. Ғтп-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
- •7.2Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты мен міндеттері.
- •7.3Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары.
- •7.4Ғылыми-техникалық саясаттың іске асыру механизмі
- •8 Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •8.1Нарық жағдайында кадрлардың қалыптасуы және жұмыс істеуі
- •8.2 Еңбек рыногі және оның кадрлық потенциалды және тұрғындардың жұмыс бастылығын реттеудегі рөлі.
- •8.3Жұмысбастылық саясаты. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу бағыттары.
- •9Тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
- •9.1. Инвестиция: мәні, түрлері, мультипликаторы
- •9.2.Мемлекеттік инвестициялық саясаттың мәні, тиімділік критерийлері, іске
- •9.3.Инвестициялық белсенділікті қолдау механизмдері.
- •10Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •10.1.Жер экономиканың аграрлы секторындағы негізгі өндіріс құралы ретінде.
- •10.2.Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы. Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері.
- •10.3.Аграрлық саясат: түсінігі, механизмі. Ауыл шаруашылығын қолдау әдістері.
- •10.4.Жер кадастыры. Жер кодексі.
- •11Тақырып. Экономикалық реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •11.1.Қаржы жүйесiнiң мәнi мен құрылымы.
- •11.2.Экономикалық саясаттың қаржылық механизмі.
- •11.3.Мемлекеттiк бюджет: ұғымы және құрылымы. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
- •11.4.Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы.
- •11.5.Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері.
- •11.6.Iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарыз. Мемлекеттiк қарыздың елдiң экономикалық дамуына ықпалы
- •12 Тақырып. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
- •12.1.Ақша-несие жүйесi.
- •12.2.Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторы.
- •12.3.Несиенiң мәнi және формалары. Несие жүйесiнiң қызметтерi
- •12.4.Ақша-несие саясаттың инструменттері
- •12.5.Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
- •13 Тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •13.1.Мемлекеттің аймақтық саясатының мәні және іске асыру механизмы
- •13.2.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару теориялары
- •13.3.Қазақстандағы аймақтық саясат: ерекшеліктері, проблемалары, келешегі
- •14 Тақырып. Мемлекеттін табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
- •14.1.Табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануын экономикалық
- •14.3.Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, мақсаттары және құрылымы
- •14.4.Сыртқы экономикалық саясаттың құралдары
8.3Жұмысбастылық саясаты. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу бағыттары.
Жұмысбастылық саясаты еңбекке жарамды тұрғындарды табыс әкелетін қоғамдық-пайдалы қызметке тарту бойынша әлеуметтік-экономикалық қатынастарды білдіреді. Жұмыс бастылық экономиканың және халықтың әл-ауқаттылығының манызды сипаттамасы болады.
Тұрғындар – тарихи қалыптасқан және адам өмірін қайта қалыптастыру үрдісінде жаңғырылып отыратын, әрі қоғамның басты құраушысы болатын адамдардың жиынтығы. Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді – еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша жарамды, жұмысқа қабілетті жасындағы адамдар жиынтығы. Еңбекке қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады, яғни қоғамдық өндіріске қатысуға дайын немесе оған қатысып жүрген бөлігі. Еңбек ресурстары құрамында табыс әкелетін қызметтегі экономикалық белсенді тұрғындар, және ақылы жұмыс іздеп жүргендер жұмыссыздар кіреді.
Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында еңбек ететін адам санымен және оларды еңбек ету сфераларға бөлумен сипатталады.
Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыс бастылықсыздығы. Қазақстан Республикасының жұмыс бастылық туралы заңға сәйкес, өздеріне байланысты емес себеп-салдардан еңбек ақы алмайтын, мемлекеттік жұмысбастылық қызметінде есепке алынған, жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс істейтін орыны жоқ азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздардың бірнеше түрі болады:
Циклдық жұмыссыздық. Дағдарысқа байланысты жұмысшы саны жұмыс орындардан едәуір көп болғанда қалыптасады.
Фрикциондық жұмыссыздық. Жұмысшылардың аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты ауысуымен байланысты (жаңа мекен-жайға көшуі, жаңа мамандық игеру, оқу, балаларға күтім жасау және т.б. байланысты).
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыс күшіне сұраныстың құрылымдық өзгеруін туғызатын өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орнына бұрыннан қалыптасқан жұмыс күшінің құрылымының сәйкес келмеуі. Бұл жағдай өндірістен жұмысшылардың бір бөлігін шығарып тастауға әкеледі.
Нарық экономикасында толық жұмыс бастылығы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болғанда есептеледі. Бұл жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және ол 5-7 % шамасын көрсетеді. Циклдық жұмыссыздықта толық жұмыс бастылық бұзылады.
Жұмыссыздықтар көрсеткіштері:
Жұмыссыздық деңгейі – пайыз түріндегі жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы.
Жұмыссыздық ұзақтығы.
Оукен заңы жұмыссыздық пен экономикалық белсенділіктің сандық өзара байланыстылығын сипаттайды. Осы заңға сәйкес ЖҰӨ-нің жыл сайынғы өсімі 2,7 %-ға тең болса, жұмыссыздық деңгейі бір қалпында қалады. ЖҰӨ-нің қосымша 2 %-ға өсімі жұмыссыздықтар үлесің 1%-ға төмендетеді. Дәл сол сияқты, әрбір ЖҰӨ өсімінің 2% төмендеуі жұмыссыздық деңгейің 1% көбейтеді.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі негізгі төрт түрлі бағдарламаларың атауға болады:
Жұмысбастылықты өсіруді және мемлекеттік сектордағы жұмыс орынын көбейтуді ынталандыру бағдарламалары;
Жұмыс күшін дайындау және дамыту бағдарламалары;
Жұмыс күшін жалға беруге жәрдемдесу бағдарламалары;
Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары.
Жұмысбастылық саясатының осымен байланысты келесі бағыттарын ажыратады:
- жұмыс орындарының тапшылығын балансланған инвестициялық, құрылымдық және салықтық саясатты жүргізу арқылы жою (мемлекеттік тапсырыстар, өндіріске салық, несие женілдіктері, субсидиялар;
- шағын және орта бизнесті қолдау;
- мемлекеттік қаржыландыру арқасында қосымша жұмыс орындарын қалыптастыру;
- жұмысбастылықтың икемді (гибкие) түрлерің қалыптастыру;
- атаулы әлеуметтік колдауды күшейту;
- үздіксіз білім беру жүйесің ары қарай дамыту;
- жұмыс орның тиімді пайдалану;
- негізделген миграциялық саясат;
- жұмыссыздықты азайтуға бағытталған бағдарламаларды қабылдау.