Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

11.5.Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері.

Бюджеттік үрдіс мемлекеттік кірістер мен шығыстардың теңдік жағдайын болжайды. Мемлекет шығыстары кірістерден асып кетуі бюджет тапшылығын тудырады. Ол мына себептерге байланысты:

а) өмірдің әр түрлі салаларында мемлекет рөлінің жоғарылауы;

б) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кететін шығындардың жоғарылауы;

в) мемлекеттік аппарат мүшелерінің санының жоғарылауы;

г) шаруашылық конъюктураның тербелісі, өндірістің құлдырауы мен өсуі.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жою тәсілдері:

1) ақшаның қосымша эмиссиясы;

2) салықты көбейту;

3) мемлекеттік қарыз, мемлекеттік несие;

4) шығындарды азайту.

11.6.Iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарыз. Мемлекеттiк қарыздың елдiң экономикалық дамуына ықпалы

Мемлекет мемлекеттік қарыздарды шығарып, оларды орналастыру нәтижесінде халықтың, банктердің, сақтандыру және өндірістік компанияларының уақытша бос ақшалай жабдықтарын тартады. Нәтижесінде бірте-бірте өтелетін мемлекеттің ішкі қарызы қалыптасады. Халықаралық несиені тарту нәтижесінде мемлекеттің сыртқы қарызы пайда болады.

Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардабын келесі төрт сәтке бөлуге болады:

1. Сыртқы қарызды өтеу қажеттілігі мемлекет тұрғындары үшін тұтыну мүмкіншіліктерінің қысқаруына әкеліп соқтырады.

2. Әрі қарай өсуін шектейтін жеке капиталдың қысылуына әкеледі.

3. Мемлекеттің өсіп жатқан қарызын төлеу үшін салықтарды көбейту экономика белсенділігін арттыруға қарсы ынталандыру санатында көрінеді.

4. Мемлекеттік қарыз табыстардың теңсіздігің күшейтуге әкеледі.

12 Тақырып. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері

12.1.Ақша-несие жүйесi.

Ақша жүйесі – әрбір мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің негізгі компоненттеріне мыналар жатады:

    1. Тауар және қызмет бағасын білдіретін ұлттық ақша бірлігі.

    2. Қолма-қол айналымындағы заңды төлем құралы болып табылатын несиелік және қағаз ақшалар, айналым монеталар жүйесі.

    3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни заңды түрде бекітілген айналымға ақша шығару тәртібі.

    4. Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік ұйымдар.

Ақша айналымы жүйесін екі негізгі түрге бөледі:

  1. Металдық ақша айналымының жүйесі, бұл айналымдағы алтын және күміс ақшалар. Олар ақшаның барлық қызметтерін орындайды, ал несиелік ақшаларды металдық ақшаға еш шектеусіз айырбастауға болады.

  2. Алтынға айырбасталмайтын несиелік және қағаз ақша айналымының жүйесі (бұл жүйеде алтын өзі айналымнан шығарылған деп есептеледі).

Металдық ақша айналымының жүйесі биметаллизм және монометаллизмге бөлінеді.

Биметаллизмде ақша ретінде екі метал – алтын және күміс қолданылады.

Монометалдық жағдайда ақшаның материалы ретінде тек бір ғана металл – алтын қолданылады.

Монометализмнің үш түрі белгілі. Олар:

  1. Алтын монеталық стандарт, алтын монеталардың айналымымен және шектеусіз қағаз және несиелік ақшаның алтын ақшаға айырбасталуымен сипатталады.

  2. Алтын құймалы стандарт. Ол стандартты алтын қоспаның бағасына сәйкес келетін, ақша сомасын ұсынғанда ғана қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігін қарастырады.

  3. Алтын девиздік стандарт, ол банкноттарды алтынға айырбастауға мүмкіндігі бар шетел валютасына айырбастау рұқсатының болуы.

1929-33 ж. болған әлемдік экономикалық дағдарыс монеталлизмге шек қойды. Айырбасталмайтын несиелік ақша жүйесі құрыла бастады. Оның ерекше белгілері:

  1. Несиелік ақшаның басымдылық жағдайы;

  2. Алтынның демонетаризациясы, яғни оның айналымнан шығуы;

  3. Банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық маңызын жоққа шығару;

  4. Мемлекетті және жеке меншік кәсіпкерлікті несиелендіру мақсатында ақша эмиссиясын көбейту;

  5. Қолма-қолсыз айналымның маңызды кеңеюі;

  6. Ақша айналымының мемлекеттік реттелуі.

Ақша айналымын күшейту немесе тұрақтандыру мақсатында ақша жүйесін жетілдіру ақша реформасы деп аталады.

Ақша реформасының мақсатына байланысты, ол бірнеше түрге бөлінеді:

  1. жаңа ақша жүйесінің қалыптасуы;

  2. ақша жүйесін біршама өзгерту, мысалы, эмиссия ретін, ақша бірлігінің атауын және т.б.;

  3. ақша айналымын тұрақтандыру.

Тұрақтандыру әдістері:

    1. Ақшаны нулефикациялау – құнсызданған қағаз ақшаның жарамсыздығын мемлекеттің хабарлауы.

    2. Деноминация – мемлекеттің ақша бірлігінің іріленуі және көрсеткен қатынастағы ескі ақша бірлігінің жаңа ақша белгісіне айырбасталуы.

    3. Девальвация – шетел валютасына немесе халықаралық ақша бірлігіне қатысты ұлттық валюта бағамының төмендеуі.

    4. Ревальвация – шетел валютасына қарағанда ұлттық валюта бағамының көтерілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]