Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

10Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі

10.1.Жер экономиканың аграрлы секторындағы негізгі өндіріс құралы ретінде.

Жер ауыл шаруашылығында басты өндіріс факторы болып саналады. Қазақстан жермен ең көп камтамасыз етілген елдерге жатады. Бір тұрғынға 18,3 гектар жер келеді . Республика территориясы дүние жүзінде тоғызыншы орын алады. Жер қоры 272 млн. 490,2 мын га, оның ішінде 30,6 % ауыл шаруашылығының жері. Жерге өндіріс факторы ретінде келесі ерекшеліктер сәйкес:

Біріншіден, жерді пайдаланудың шегі бар, өткені жердің көлемі шектелген. Сондықтан қосымша жерді өндіріске шексіз қосуға болмайды. Ауыл шаруашылындағы өнім көлемің жерді тиімді пайдалану арқылы көбейтуге болады.

Екіншіден, жер басқа өндіріс факторларына қарағанда тозбайды. Оны дурыс пайдаланса құнарлығы өсіп тұрады.

Үшіншіден, жер орналасуымен ерекшеленеді. Егер жер сату рыноктарынан алыс болса, тасымалдау шығындары өседі.

Төртіншіден, жер көп функционалдығымен ерекшеленеді. Жерді тұтыну процессінде көптеген әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар өндіріледі, жер еңбек құралы және еңбек заты ретінде де шығады.

Жер қатынастанын талдағанда бірнеші әдіснамалық алғышарттан (предпосылки) шығу керек. Біріншіден, жер қатынастары жерге жеке меншік монополиясын және жерде шаруашылық жүргізу монополиясың болжайды.

Екіншіден, жер меншігі тек экономикалық немесе құқықтық категория емес. Осы түсінік ішіне саяси, этникалық, ұлт аралық проблемалар жиынтығы кіреді. Өйткені, барлық дүниежүзілік соғыстар жер үшін болады.

Үшіншіден, жерге жеке меншік институты тек жерді пайдалану және иемдену бойынша жалпы ұлттық жүйесінің ішінде қалыптасады. Жерге жеке меншік монополиясы еш бір елде абсолютті емес.

Жермен байланысты қатынастар жиынтығы келесі элементтерден тұрады:

  • жер ресурстарын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынумен байланысты адамдар арасындағы жер қатынастары;

  • жер қатынастарын реттеу мен басқару институттары;

  • жерді қорғау мен рационалды пайдалану мен байланысты экологиялық қатынастар;

  • жер меншігінің құқығы бойынша институттар.

10.2.Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы. Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері.

Жерді тиімді пайдалану үшін мемлекет экономикалық және құқықтық жағдай жасау керек.

Қазақстанда жерді тиімді пайдалану қажеттіліктері заңдарда бекітілген. Мысалы, шаруа қожалығы туралы заңда егер жер тиімді пайдаланбаса, мемлекет оны өз меншігіне алуға құқығы бар деген. Жер кодексында да осындай ереже бар.

Көп елдерде мемлекет қоныстандыру (землеустроительный) және мелиорация шығындарың өзі өтейді (покрывает). Осы үшін әртүрлі бағдарламалар қабылдайды.

Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.

Жердi қорғау мақсаттары:

1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;

3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.

Жер кодексында жер қорғау туралы келесі жазылған:

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:

1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;

2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;

3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері.

  1. Ауыл шаруашылық өндірісі табиғат жағдайымен тікелей байланысты. Сондықтан климаттық құбылыстар өнімнің көлемің өзгертіп отырады.

  2. Шаруалардың шығындары өте жоғары, соңдықтан ауыл шаруашылығымен айналасу тиімсіз болады. Мемлекеттік қолдау қажетті.

  3. Ауыл шаруашылығының дамуы басқа салалардың мультипликациялық дамуына әкеледі. Осы саладағы бір жұмыс орны басқа салаларда бірнеше жұмыс орның қалыптастырады.

  4. Ауыл шарушылық өнімі дәстүрлі және көп өзгермейді (нан, ет).

  5. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындар оңай шағын бөліктерге бөлінеді.

  6. Өнеркәсіпте құралдар жыл бойы жұмыс істесе, ауыл шаруашылығында бірнеше ай ғана. Сондықтан капитал қайтарымы өте төмен.

  7. Ауыл шаруашылық өнімге деген сұраныс икемсіз болады.

  8. Ауыл шаруашылық көпфункционалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]