Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

14.4.Сыртқы экономикалық саясаттың құралдары

Осы құралдар екі топқа бөлінеді: тарифтік және тарифтік емес.

Кедендік тарифтер сыртқы сауданың экономикалық реттеушілеріне кіреді. Кедендік тариф – бұл кедендік баж алымдарының жүйеленген тізімі. Олар тауарларға импортталғанда және кейде экспортталғанда салынады. Кедендік баж алымдары тауар шекарадан өткенде салық қызметін атқарады. Сонымен олар тауар бағасын көтереді және сыртқы тауар айналымының көлеміне әсерін тигізеді. Және олар бюджеттін кірістеріне жатады.

Кедендік тарифтер үш түрлі болады: максималды, минималды және пұрсаттылықты (преференция, льгота). Максималды тарифтер сауда келісімдері жоқ елдердің тауарларына қойылады. Минималды тарифтер сауда келісімдері бар елдердің тауарларына қойылады. Пұрсаттылықты тарифтер дамушы елдердің тауарларына салынады.

Баж алымдары үш түрлі болады: адвалордық (тауар бағасының анықталған пайыз көлемінде алынады. Мысалы, автомобиль бағасынан 10 пайыз), спецификалық (тауар салмағы, көлемі немасе санынан алынатын ақша сомасы, мысалы, металдың әрбір тоннасынан 10 доллар) және аралас.

Тарифтік емес құралдар үш категорияға бөлінеді. Біріншіге ұлттық өндірістің кейбір салаларын қорғау үшін пайдаланатын импортты тікелей шектеу шарлары жатады: лицензиялау, квоталау, демпингке қарсы және компенсациялық баж алымдары, минималды импорттық баға жүйесі және т.б.

Екінші категорияға сыртқы сауданы тікелей шектемейтін, бірақ зор ықпалын тигізетін әкімшілік ресмиліктер (формальности) жатады: кедендік ресмиліктер, техникалық стандарттар және нормалар, санитарлық және ветеринарлық нормалар, тоғанаққа (упаковка), таңбаламаға (маркировка) қойылатын талаптар және т.б.

Үшінші категорияға импортты шектеуге немесе экспортты қолдауға тікелей бағытталмаған, бірақ осы нәтижеге әкелетін шаралар жатады. Мысалы, отандық кәсіпкерлікті қолдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]