Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

10.3.Аграрлық саясат: түсінігі, механизмі. Ауыл шаруашылығын қолдау әдістері.

Аграрлық саясат – экономиканың аграрлық секторының тиімді дамуын қамтамасыз ететің мемлекеттік шаралар жүйесі.

Аграрлық саясаттың объекті – экономиканың аграрлық секторы, яғни агро өнеркәсіптік кешені болады. АӨК – ауыл шаруашылық өнімді өндіру, сақтау, өңдеу (переработка) және тұтынушыға жеткізумен байланысты халық шаруашылығының салалар жиынтығы. АӨК құрылымына келесі салалар кіреді:

Ауыл шаруашылығы,

Ауыл шаруашылығы үшін құрал жабдықтарды өндіретін салалар;

Ауыл шаруашылық өнімді өндеу салалары;

Инфрақұрылым.

Аграрлық саясаттың субъектілері: мемлекет; мемлекеттік емес субъектілер (шаруа қожалықтары, серіктестіктер, АҚ, кооперативтер), халықаралық ұйымдар.

Аграрлық саясаттың мақсаттары: елдегі азық-түлік қаупсыздығын қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсуің қамтамасыз ету.

Аграрлық саясаттың басты бағыттары:

  1. ауылшарушылық өнімнің бағасын және аылшарушылықпен байланасатын

өндірушілердің табысын қалыптастыру. Оның әдәстері: баға саясаты; субсидиялар, салықтық женілдіктер; тауарлық биржаларды дамыту; сұранысты қолдау.

Субсидиялар келесі жағдайда беріледі:

Суды жеткізуге кеткен шығындарды;

Оригиналды тұқым өндіруге;

Миниералды удобрение, гербицидтарды сатып алуға;

Бидайды тасымалдауға; және т.б.

Салық женілдіктері жер салығынан, көлік салығынан, мүлік салығынан қарастырылады. Мысалы, Қазақстанда шаруа қожалықтары тек бір жер салығын төлейді№ Жер салығы жердің бағаланған құнынан 0.1 пайыз болады.

  1. Жер және су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану;

  2. Ауылшаруашылық ғылыми зерттеулер мен асыл тұқымды (племенной) малды өндірісін дамыту;

  3. Ауылдық тауарөндірушілерді несиелеу (ипотека, лизинг, бидай распискалары, несие бойынша пайыз ставкасын мемлекетпен субсидиялау, банктерге кепілдік беру);

  4. Аылшаруашылық дақылды (культура) сақтандыру;

  5. АӨК-нің ақпараттық маркетингтік жүйесін дамыту.

10.4.Жер кадастыры. Жер кодексі.

Жер кадастры - жер туралы мәлiметтер жүйесi.

Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi.

Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып табылады.

Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат дайындаумен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады.

Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:

1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;

2) жердің саны мен сапасын есепке алуды;

3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;

4) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;

5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;

6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді;

7) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;

8) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;

9) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды;

10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;

11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.

Жер кодексі елдегі жер қатынастарың реттейтін заң. Қазақстанда соңғы жер кодексі 2003 жылы қабылданған. Осы кодекспен ауыл шаруашылығындағы жер учаскілеріне жеке менншік енгізілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]