Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

12.3.Несиенiң мәнi және формалары. Несие жүйесiнiң қызметтерi

Несие – белгілі бір мерзімге пайыздық төлем түріндегі қайтарым жағдайындағы қарызға берілетін ақша капиталының қозғалысы.

Несие түрлері:

Коммерциялық несие – шаруашылық субъекттерінің өз ара бір біріне қарыз төлемін кейінге қалдыру жолымен тауарлық нысанда беріледі.

Банктік несие – несие-қаржылық мекемелердің (банктердің, қорлардың, ассоциациялардың) кез-келген шаруашылық субъектісіне ақшалай несие беруі.

Тұтынушылық несие жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді тұтынушылық тауарлар алғанда нақты мерзімге беріледі.

Ипотекалық несие - қозғалмайтын мүлікті кепілдікке ала отырып, ұзақ мерзімді қарыз түрінде беріледі.

Мемлекеттік несие – мемлекет қарыз алушы, ал тұрғындар мен жеке бизнес – ақша құралдарды қарызға беруші ретінде шығатын несие қатынастар жүйесін бейнелейді.

Халықаралық несие - халықаралық экономикалық қатынастардағы қарыз капиталының қозғалысын бейнелейді. Несие алушы және несие беруші ретінде банктер, жеке фирмалар, мемлекеттер, халықаралық және аймақтық ұйымдар шығады.

Несие жүйесі экономиканың дамуын реттеу мақсатында мемлекетпен белсенді қолданатын валюталық-қаржылық мекемелер кешенін білдіреді. Қазіргі несие жүйесінің негізгі бөліктері:

а) орталық банк;

б) коммерциялық банктер;

в) арнайы несие-қаржылық институттар: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, несие-жинақтау ассоциациялар және т.б.

Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың бос ақша құралдарын тарту және жинақтау операцияларын жүргізетін, төлемдерге дел-далдық жасайтын, ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайтын, қайтарымды, төлемдік және мерзімді шарт арқылы несие беретін несие-қаржылық мекеме. Банктер екі түрлі болады: орталық және коммерциялық.

Орталық банктер басқа банктерге, қаржы-несиелік мекемелерге және үкіметке қызмет көрсетеді. Сонымен бірге олар ақша айналымын және барлық несие жүйесін реттейді және бақылайды, басқа банктердің ақша құралдарын және елдің ресми алтын-валюталық резервтерін өз шоттарында сақтайды, ақша эмиссиясын жасайды. Коммерциялық банктер әр түрлі клиенттермен істес болады – шағын жинақ салымшылардан бастап ірі фирмаларға дейін – және универсалды (көп операциялы) немесе мамандалған, аймақтық немесе салалық болады.

Банк қызметінің түрлері:

1. Салымдарды қабылдау және сақтау.

2. Несиелеу.

3. Есеп айырысуға қызмет ету – бұл кәсіпкерлер, тұрғындар және мемлекет арасындағы тауар жеткізілімі, жалақы, салықтар бойынша төлемдегі делдалдық.

4. Вексельдерді есепке алу (дисконтирование) – банк, есептік пайызды (дисконтты) өз пайдасына ұстап, жабу мерзімі болмаған вексельдерді сатып алады (төлем уақыты келгеннен кейін банк оларды вексель берушілерге төлеуге ұсынады).

5. Ақпараттық-кеңестік қызмет.

6. Сауда-комиссиялық қызметтер – алтынмен сауданы, құнды қағаздармен операцияларды, қарыздарды орналастыруды, лизингпен, факторингпен байланысты қызметтерді, валюта айырбастауды және т.б. қамтиды.

7. Сенімділік операциялар (немесе трастылық) – Сенімхат бойынша біреудің меншігін (жер, құнды қағаздар және т.б.) басқару.

Банктер пассивті және белсенді операцияларды жүргізеді. Пассивті операциялар көмегімен банк ресурстарды жинайды. Белсенді операциялар көмегімен оларды орналастырады.

Банк ресурстары өзінің жеке меншіктік және сырттан алынған қаражаттар арқылы қалыптасады. Жеке меншіктік қаражаттарға – акционерлік және резервтік капитал және таратылмаған пайда жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігі салымдар (депозиттер) түрінде, сондай-ақ, контокоррентті және корреспондентті есеп-шоттары түрінде тартылады.

Депозиттер – жинақтаудан басқа, банк клиенттерінің мерзімдік және мерзімсіз салымдары. Депозиттердің екі түрі болады: талап еткенге дейінгі шоттар және мерзімді шоттар. Талап еткенге дейінгі салымдар – бұл ағымды шоттардағы қаржы. Олар кез келген уақытта талап етіліуі мүмкін. Бұл контокореттік шоттарға да қатысты. Контокоррент – бұл клиентпен банктің барлық операциялары есептелетін біртұтас шот. Контокоррент бойынша негізгі операциялар қарыздық. Талап еткенге дейінгі салымдар көбінесе ағымдағы шоттарға арналған. Осы шотты ашып, клиент өзінің төлемдік операцияларын техникалық жүргізуін банкке береді. Депозиттік шоттан клиент тек өзінің жеке салымын ғана ала алады. Контокоренттік шот клиентке банк ұсынатын несиемен пайдалануға мүмкіндік береді.

Мерзімді салымдар ағымды салымдарға қарағанда ұзақ уақытқа жасалады, сондықтан алатын пайыз да жоғары.

Жинақтық салымның мерзімді салымдарға қарағанда анықталған уақыты жоқ. Олардың ерекшелігі – салым туралы куәлік кітапшасы болады.

Мамандандырылған несие-қаржылық мекемелердің қызметтері:

- ивестициялық банктер эмиссиялық-ұйымдастыру қызметімен айналасады, яғни құнды қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын өткізеді;

- жинақтау мекемелері тұрғындардың бос ақшаларын жинап, көбінесе коммерциялық және тұрғын үй құрылысына ақша капиталын салады;

- сақтандыру компаниялары өмірді, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырумен айналысады, тұрғындардың ақшалай жинағын экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін жинайды;

- зейнеткерлік қорлар экономиканың сақтандыру қорын қалыптастырады, жиналған ақша резервтерін жеке компаниялардын акцияларына және облигацияларына және мемлекеттік құнды қағаздарға салады, сонымен экономика мен мемлекетті қаржыландырады.

Несие операцияларын бірнеше белгілерімен жіктелімдеуге болады.

Несие беру уақытына байланысты қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді және онкольды қарыздарға бөлінеді. Соңғысы клиент талапымен жабылады.

Қамтамасыздануына қарай қарыздар қамтамасыздалмаған және қамтамасыздалған болып бөлінеді. Соңғысы вексельді, тауарлы, бағалы қағазды болады.

Несие қарыздарды жабу сипатына қарай бір мерзімді өтелетін және бөліп өтелетін болады.

Көлеміне байланысты несие ұсақ, орташа және ірі болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]