Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

5.4Экономикалық өсу: факторлары, көрсеткіштері, типтері. Мемлекеттің экономикалық өсу саясаты.

Экономикалық өсу – бұл қоғамдық өнім мен өндіргіш факторларының сандық өсуі және сапалық жетілдірілуі. Экономикалық өсу өз мағынасын нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуінен, елдің экономикалық қуаттылығының өсуінен табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің қарқынының көрсеткішімен сипатталады, яғни бұл белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы ұлттық өнімнің пайыздық өсімі болып табылады.

Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

1) пайдаланбаған ресурстар өндіріске бағытталғанда;

2) өндіріс факторларының көлемі кобейгенде;

3) өндіріс факторларының жақсы технологияларды ашу мен пайдалану немесе қызметкерлерді жақсы оқыту нәтижесінде өнімділігі өседі.

Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі (15.1 сурет).

15.1 сурет - Экономикалық өсу

Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы өзі жылжыйды: СД жағдайынан С'Д' жағдайына (15.2 сурет).

15.2 сурет - Экономикалық өсу

Осыдан экономикалық өсуді екі түрі бөледі: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі өндірістің бұрынғы техникалық негізде өндіріс факторларының сандық өсуіне негізделеді.

Экономикалық өсудің интенсивті түрі өнім көлемінің өсуіне өндіріс факторларының сапасын жетілдіру арқылы жетуге болатынын болжайды: жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану және жоғары білімділігі бар жұмыс күшін пайдалану.

Экономикалық өсудің факторлары

Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

  1. Табиғи ресурстар. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.

  1. Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыс бастылығы, білім беру және жұмыс күшін кәсіптік шеберлікке дайындау сапасы, жұмыс күшін рационалды пайдалану, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.

  1. Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.

  2. Ғылыми-техникалық прогресс. Өнертапқыштық және инновациялар, оларды өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.

  3. Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.

  4. Экономикалық өсудің факторларын үш топқа бөлуге болады: ұсыныс факторлары (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың көлемі, технология); сұраныс факторлары (жиынтық шығындардың деңгейі); бөлу факторлары (ресурстарды тиімді пайдалану).

Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:

1) өндіріс көлемі мен қоғамбайлығы;

2) елдің әлемдегі беделі;

3) адамдардың материлдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;

4) өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы жақсарады және т.б.

Бірақ, экономикалық өсу тұтастай жағымды үдеріс ретінде бағаланғанымен, сонымен бірге кемістіктен де арылмаған. Жаппай өндірістің дамуы және индустриаландыру келесі проблемаларды тудырады:

- адамдардың өмір сүретін ортасын былғау мен нашарлату;

- толтырлмайтын ресурстардың бітуі (көмірдің, мұнайдың, металл рудалардың және т.б.);

- қалалардың және олардың халқының тым өсуі;

- жұмыс күшінің мамандықтарын қажеттілікке байланысты жиі өзгерту және жұмыс орнының жиі өзгеру;

- еңбек қызметінің қарқындауы.

Экономикалық өсудің факторларының жалпы сипаттамасын төмендегі кесте көрсетеді (15.1 кесте).

15.1 кесте – Экономикалық өсу

Фактор

Фактордың сандық көрсеткіші

Толық пайдалану мен тиімділікті арттыру тәсілі

Пайдалану тиімділігінің көрсеткіші

Табиғат ресурстары (жер, пайдалы қазбалар, су, ауа және т.б.)

Әрбір нақты түрдің көрсеткіші

Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өндеу

Өнімнің материалдық сыйымдылығы

Еңбек ресурстары

Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны

Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру

Еңбек өнімділігі

Негізгі капитал (кәсіпорындырдың еңбек құралдары, көлік)

Баға

Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру

Қордың қайтарымдылығы

ҒТП

Шығындар

Ғылыми зерттеу сферасың дамыту, оның нәтижелерің пайдалану

Өндіріс тиімділігін көтеру

Экономикалық өсудің модельдері

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің бірнеше үлгілері кездеседі. Солардың кейбіреулерін қарастырайық.

Экономикалық өсудің неокенсиандық үлгісі «инвестициялар» және «мультипликатор» санаттарында негізделеді. Экономикалық өсу бастапқы салынған инвестицияның мультипликациялық эффектің нәтижесі болып табылады. Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді бірінші кезекте сұраныс факторлатымен байланыстырады және қысқа мерзімді кезеңде оны мемлекеттің фискалдық және ақша-несиелік саясатының көмегімен реттей алуға болатынын болжайды. Сұраныстың ең басты бөлігі – мультипликатор көмегімен пайданы көбейтетін капитал салымдары. Сонымен бірге, капитал салымдары пайданың өсуімен анықталады.

Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік функциялар» санатында негізделеді. Экономикалық өсуге барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал) тек микро-деңгейде емес, сондай-ақ макро-деңгейде де ең дұрыс пайдалану арқылы жетуге болады. Өндірістік функция аппаратының негізінде келесі қорытынды жасалады:

- капитал мен еңбек өндіріс факторларының шекті өнімділігіне сәйкес келетін негізінде сыйға ие болады;

- өндірістік функциялар бір фактордың бірлігін басқа фактордың нақты көлеміне технологиялық айырбастау қоғамға қаншаға түсетінін нақты бағалауға мүмкіндік береді;

- өндірісте және ұлттық өнімнің өсуінде ғылыми-техникалық прогресстің сапалық факторының үлесін анықтау міндеті шешіледі.

В.Леонтьев ұдайы өндірістің барлық фазаларының (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) құрылымдық өзара байланыстары негізінде құрылған жалпы рынок тепе-теңдігінің макроэкономикалық моделін ұсынды. Оның моделі «шығын-шығару» деп аталады және шахмат кестесі түрінде құрылған. Бұл кестедегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. Біріншіден, басқа салалармен ұсынылған материалдық игіліктер мен қызметтерді сатып алушылар мен жиынтық сұраныстын көрсетушілер ретінде (шығындар) – бұл баланс бағаны. Екіншіден, өздері ұсынған қызмет пен материалдық игіліктерді сатушылар мен жиынтық ұсыныстың көрсетушілері ретінде (шығару) – бұл баланс жолдары. Осы кестені талдау негізінде экономикалық өсуді болжауға болады.

«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамаға сәйкес шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектілігі адамзаттың жақын арада оларды тауысуына әкеледі. Осыған жол бермеу үшін «нөлдік өсуге», яғни тек материалдық игіліктерін ғана емес, сондай-ақ тұрғындарды да қарапайым қайта өндірісіне өткізу қажет.

«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасының пайда болуы алдынғы екі онжылдық ішінде болған экономикалық динамиканың негізгі тенденцияларының ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарындағы өзгерістерімен байланысты. Бұл кезде «ескі» өнеркәсіптік елдері соғыстан кейінгі ұзақ созылған тездеткен экономикалық өсу кезенінің апогеясына жетті. Ұлттық деңгейде де, әлемдік масштабта да тұрақсыздық пен белгісіздік ұлғайды. Әлемдік шаруашылықта интернацияландыру процесстері тереңдеп жалғаса түсті. Ғылыми-техникалық революцияның кері зардабы болып қоршаған ортаның деградациясы шықты. Рим клубының өкілдері (1968 жылы құрылған және өз қатарына ғалымдарды, қоғамқайраткерлерін, бизнесмендерді біріктірген ресми емес ұйым) әлемдік дамудың белгіленген ағымдарын тез арада түземесе, адамзаттың даму келешегі күдікті деп есептеді. Оңтайлы деп келесі стратегиялармен көрсетілетін әлемнің тұрақталған моделі есептеледі:

- тұрғындардың саны өлгендердің санына теңестіріліп қарастырылады, сондай-ақ, өнеркәсіптік капиталға инвестиция да оның өтеліміне теңдестіріліп қарастырылады;

- техникалық прогресстің стратегиялық жиынтығы өзіне келесіні қосады: ресурстарды екінші рет қайта өңдеу, қоршаған ортаның жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін құралдарды пайдалану, негізгі капиталдың қызмет мерзімін ұзарту және эрозия болып, құнарсызданған жерлерді қайта қалпына келтіру әдістерін пайдалану;

- материалдық өндірістік игіліктерді шығаруды көбейтуден, оған қарама-қарсы қызметтер мен тамақ өнімдерін өндіруге басымдық беруді күшейту.

«Тұрақты экономикалық даму» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро).Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987жылы қоршаған орта және даму бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде аталған. Тұрақты даму бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін, бірақ келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын даму ретінде анықталған. Рио-де-Жанейродағы 1992 жылы өткен Жер планетасының проблемалары жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция бұл тұжырымдаманы нақты мазмұнмен толықтырды: іс-әрекеттің басым бағыттары жасалған, «XXI ғасырға арналған күн тәртібі» атын иеленген, тұрақты дамуға жетудің іс-әрекет жоспары мен қажетті бағыты белгіленген.

Тұрақты даму келесі критерийлерге бағытталуы тиісті:

- экономика саласында – үздіксіз сандық өсу емес, экономикалық жүйенің тұрақтылығына жету, оның қоғам мен мемлекеттің ұзақ мерзімді талаптарына сәйкес болуы, сандық өсуден дамуға көшу. Даму потенциалды мүмкіндіктерді кеңейту немесе іске асыруды, қарқынды, толығырақ болуды емесе өз жағдайынды жақсартуды, сапалы жақсырақ болуды білдіреді;

- адамдар өмірінің сапасын көтеру саласында – белгілі бір деңгейге дейін өсетін, содан кейін тұрақты болатын адамдардың ал-ауқаттылығы; жеке қауіпсіздіқ кепілдігі, сапалы білім алу мүмкіндігі, сапалы медициналық қызмет көрсету, мәдени даму мүмкіндігі, ақпараттың ашықтығы, барлық салаларда еркіндік деңгейлерінің көптігі, жайлы қоршаған орта, қоршаған ортаға антропогендік салмақтың төмендеуі.

Қазақстанда экономикалық өсудің негіздері келесі:

1) экономикалық кеңістіктің көлемі. Қазақстан елдің аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алады;

2) пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір), темір және марганец рудалары, уран және т.б.;

3) мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;

4) маманданған жұмыс күшінің болуы.

Қазақстанда экономикалық өсудің факторлары:

1) әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың, түсті және қара металдың халықаралық рыногтағы қолайлы конъюнктурасы;

2) тұрғындардың және кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі бар сұранысының өсуі;

3) импорт орнын толтыру саясатын жүргізу және адал емес бәсекелестіктен отандық өндірушілерді қорғау;

4) қолайлы инвестициялық климат құру жолымен тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.

Экономикалық өсу саясаты.Экономиқалық өсуді мемлекет жағынан қолдау әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей әдістері ғылыми техникалық прогрессті қолдауға бағытталған: фундаменталды ғылыми зерттеулерді қолдау, орта және жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру. Жанама шаралар халық шаруашылығындағы ең прогрессивті салалар мен өндіріс түрлерін қолдауға бағытталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]