Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

7Тақырып. Ғтп-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі

7.1 ҒТП-тің әлеуметтік-экономикалық астары мен негізгі бағыттары.

ҒЫЛЫМИ  ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп   дамуы.

Осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай?

  • ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды (объем, площадь, величина), әмбебап (универсальны) сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;

  • ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті.

Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;

 - жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде;

 - қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз;

 - ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:

 - қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше,

өндіріске озық технологияны пайдалану қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми –техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды.

 Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эволюциялық жәнереволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысаны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.

Қазіргі кезеңдегі ҒТП негізгі бағыттары:

А) өндірісті комплекстік автоматтандыру, компьютерлендіру, электроникалау.

Б) аз қалдықты және қалдықсыз технологияның пайда болуы, аз операциялы технологияның шығуы.

В) әртүрлі қасиеттері бар жасанды және синтетикалық материалдардың шығуы, еңбек құралының түпкілікті өзгеруі.

Г) атом энергиясын игеру.

Д) жаңа технологияны пайдалану – лазерлік, химиялық, биологиялық т.б.

Е) өндіріс жүйесінде адам орнының ауысуы.

Ж) еңбек және өндірісті ұйымдастырудағы радикалды өзгерістер.

Мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi, ол мемлекеттiң ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатынасын бiлдiредi, әртүрлi ұйымдардың ғылыми-техникалық жетiстiктердi iске асыру, жаңа технологиялар жасау саласындағы, оның iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатындағы қызметiнiң негiзгi мақсаттарын, бағыттарын, принциптерiн, нысандары мен әдiстерiн белгiлейдi.

Мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат ғылыми-техникалық қызметке, интеллетуалды еңбекке тікелей әсерін тигізбей, оларға ұйымдастырушылық, мотивациялық, құрылымдық, ресурстық, құқықтық жағдай жасайды.

Инновация - жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрiнде iске асырылған, қолданылатын сол тақылеттестермен салыстырғанда практикалық қызметте пайдалану кезiнде сапалық артықшылықтарға ие әрi экономикалық және (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық қызмет нәтижесi.

Инновациялық саясат ғылыми-техникалық саясаттын басты бағыты болып саналады.

Инновациялық саясат инновациялық қызметті дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясаттың бөлігі. Инновациялық қызмет - инновациялық жобаны iске асыруға бағытталған қызмет. Инновациялық жоба - инновацияларды енгiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi.

Инновациялық саясаттың мақсаты – әртүрлі өндіріс саласында және қоғамды басқару сферасында бәсекелі, жоғары технологиялық өнімнің (қызметтің, жұмыстың) басымды болуын қамтамасыздандыратын баласланған өндірістік инфрақұрылым.

Мемлекеттік инновациялық саясат келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін анықтау, ғылым және техника жетістіктері негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жағдай жасау;

2) инновациялық қызметінің субъектілерің мүдделерін қорғауды және инновациялық қызметті дамытуды қамтамасыздандыратын нормативті құқықтық базаны қалыптастыру;

3) инновациялық қызметінің субъектілерің мемлекеттік қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

4) жоғары технологиялық экономика секторларды қалыптастыру, модернизация өткізу, экспортқа бағытталған өндірістерді құру;

5) инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектілерің қатыстыру;

6) ғылым, білім беру, өндіріс және қаржы-несие сферасының өзара әрекетің қамтамасыздандыру;

7) инновациялық сферада халықаралық ынтымақтастықты қолдау, ұлттық мүдделер мен интеллектуалды меншікті қорғау.

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:       1) инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар беру;       2) инновациялық даму институттары арқылы инновациялық дамыту шаралары кешенiн қаржыландыру;       3) қаржыландыру сомаларын қайтару не бастапқы құны бойынша сатып алу мүмкiндiгi болатын қайтарым негiзiнде инновациялық жобаларды қаржыландыру;       4) инновациялық жобалардың мемлекеттiк ғылыми-техникалық, экономикалық және, қажет болған жағдайда, экологиялық сараптамасының жүргiзiлуiн қамтамасыз ету.

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:

1) инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүдделерді сақтау;

2) ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін

инновациялық қызметтің басымдығы;

3) мемлекеттік қолдау алу кезінде инновациялық қызмет субъектілерінің теңдігі;

4) инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі және

нәтижелілігі;

5) инновациялық қызметті ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет

субъектілері мен кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кешенділік және

жүйелілік;

6) инновациялық қызметті жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]