Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

9.2.Мемлекеттік инвестициялық саясаттың мәні, тиімділік критерийлері, іске

асырудың негізгі бағыттары.

Мемлекеттік инвестициялық саясат – қолайлы инвестициялық ахуал (благоприятный климат) қалыптастыруға және инвестициялық ресурстарын пайдалану тиімділігің арттыруға бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің шаралар жүйесі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың бөлігі.

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділік критерийлері:

А) инвестициялардын тиемділігінің және көлемінің өсуі; олардың құрылымда инновациялық инвестициялардың өсуі;

В) инвестициялық тәуекелдіктің азаюы,

С) инвестициялық заңдылықтын сапасының өсуі,

Д) әлеуметтік сфераны дамыту бойынша инвестициялық проектілерді іске асыру негізінде тұрғындардың өмір сапасының өсуі,

Е) елдің депрессивті аймақтарында инвестициялық белсенділіктің өсуі.

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың іске асырудың негізгі бағыттары:

- пайыз ставкасын инвестициялардың тиімділігін қамтамасыдандыратын деңгейге дейін төмендету;

- салық жүйесің жетілдіру;

- инвестициялық рыноктың инфрақұрылымың дамыту;

- тұрғындардың жинақтарын инвестицияға айналдыруға жағдай жасау;

- инвестициялық қызметтің әкімшілік барьерлерің азайту;

- инвестициялық тәуекелдікті азайтуға жағдай жасау;

- инвестициялық қызметті ынталандыру (стимулировать) құралдарың пайдалану,

- бюджеттік инвестициялық ресурстардың тиімділігін арттыру.

9.3.Инвестициялық белсенділікті қолдау механизмдері.

Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады. Қазақстанның Инвестициялар туралы Заңға сәйкес уәкiлеттi органмен келiсiм-шарт жасасу арқылы мынадай инвестициялық преференциялар:

1) Инвестициялық салықтық преференциялар (Мүліктік және жер салықты төлеуден бес жылға дейің босату; Табысқа салынатын салықтан бес жылға дейің босату)

2) кеден баждарын салудан босату;     Кеден баждарын салудан босату инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы бұйымдарының импорты кезiнде ұсынылады. Кеден баждарын салудан босату келiсiм-шарттың қолданыс мерзiмiне, бiрақ келiсiм-шарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге ұсынылады.

  1. мемлекеттiк заттай гранттар берiледi.      

      Ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру үшiн уәкiлеттi органның шешiмi негiз болып табылады.

      Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық саймандар берiлуi мүмкiн.

Жоғары атапкеткен қолдау тәсілдері Қазақстанда пайдаланады. Ал шетедік тәжірибеде таға басқа тәсілдер бар. Олар:

- Желдеткен (ускоренная) амортизация саясаты. Яғни кәсіпорындарға инвеститияларды ынталандыру (стимулировать) үшін бірінші жылдары амортизацияны жоғары нормамен есептеуге мүмкіндік беріледі. Амортизацияға салық салынбайды, ал амортизация нормасы өссе, пайда көлемі азаяды да төлейтін салық та азаяды.

- Ұзақ мерзімге инвестициялық проектілерді іске асыру үшін банктермен берілітін несиеге пайыз ставкасын төмендету;

- Құнды қағаздардың эмиссиясына салықтық женілдіктер беру және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]