Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

12.4.Ақша-несие саясаттың инструменттері

Ақша-несие саясаты – акша айналымына әсер ету арқылы жиынтық сұранысты реттеу мақсатында орталық банкпен қабылданатын өзара байланысты шаралар кешені.

Ақша-несие саясатының кұралдары:

1. Несиелік салымдар өсуін шектеу. Орталык банк коммерциялық банктердің несие салымдарының өсуін шектейді. Оның жолы - белгілі бір уақыт ішінде несиелік операциялардан өтетін ақша сомасының өсуіне пайыздық норманы тіркеу.

2. Есептік (дисконттық) саясат және ломбардтық саясат. Оларды қолдануда орталық банк басқа барлық банктерге негізгі несие беруші болып саналады. Ол несиені банктерге олардың вексельдерін қайта есептеу (дисконттық саясат) бойынша немесе олардың бағалы қағаздарын кепілдікке алу бойынша (ломбардтық саясат) береді. Орталық банк анықтаған осындай несиенің ставкасы ресми есептік ставка (дисконттық немесе ломбардтық) деп аталады. Есептік ставканы өзгерте отырып, орталық банк жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа ықпал етеді.

3. Ашық нарықтағы операциялар – мемлекеттің несие жүйесіне резервтерді құю немесе қайта алу мақсатындағы ашық рынокта қазыналық бағалы қағаздарды орталық банкпен сату немесе сатып алу.

4. Минималды резервтер саясаты. Минималды резервтер - коммерциялық банктердің орталық банктердегі шотта ұстауға тиісті нақты ақшалай сомасы. Орталык банк міндетті резервтің шамасын көтере отырып, коммерциялық банктердің белсенділігін төмендетеді, немесе төмен түсіре отырып оны ынталандырады.

5. Еркін келісім. Ол белгілі бір ақпаратты алу үшін белгілі бір шеңберге өзінің қызметін еркін қоятын орталық банк пен коммерциялық банк арасындағы келісім.

12.5.Инфляция және инфляцияға қарсы саясат

Инфляция – ақша айналымының заңының бұзылу. Ол қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісінің диспропорциясынан және ақшаның құнсыздауына және ақша массасының айналымдағы нақты қажеттіліктен артық болуына әкелетін экономикалық саясаттың жетіспеушілігінен туындайды.

Инфляция себептері әртүрлі. Оларға мыналар жатады:

  1. мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны жабу мақсатында қағаз ақша шығарылады;

  2. мемлекеттің биік деңгейіндегі өндірістік емес шығындары;

  3. тауар тапшылығы;

  4. тауар және қызмет бағасын қисынсыз жоғарылатуына мүмкіндік беретін бөлек тауар өндірушілердің монополиялық жағдайы;

  5. өндірістің төмендеуі және т.б.

Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының концепциялары инфляцияның әртүрлі себептерін қарастырады.

Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол жиынтық сұраныстың әр жылдық даму қарқынының өнім шығару қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды.

Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығындарының өсу салдарынан пайда болған баға өсуіне тәуелді (жалақы, шикізат, матариалдардың және т.б).

Бағаның орташа жылдық қарқынының өсуіне байланысты баға инфляцияның келесі түрлері бөлінеді:

  1. бірқалыпты немесе жылжымалы инфляция – әдетте ол жылына 10%-дан артылмайды;

  2. шоқырақ инфляция – жылына 200%-ға дейін;

  3. гиперинфляция – жылына 200%-дан жоғары.

Көріну нысандары бойынша инфляцияның ашық және жабық (басыңқы) түрін бөледі. Ашық инфляция бағаның жалпы деңгейінің өсуінде анық көрінеді. Жабық инфляция мемлекеттік бағалар тұрақты болатын және «ресми» өспейтін орталықтандырылған экономикасына тән.

Сонымен қатар күтілген инфляцияны күтілмеген инфляциядан айыра білу қажет. Күтілген инфляцияны белгілі бір уақыт аралығына болжауға болады, немесе ол үкімет тарапынан «жоспарланады». Күтілмеген инфляцияға кенет бағаның секірісі тән, бұл ақша айналымы мен салық салу жүйесіне қолайсыз әсерін тигізеді.

Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсуіне байланысты балансталған және балансталмаған инфляцияны бөледі. Балансталған инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы біреуі басқасына қатысты үнемі пропорцияда ауысып отырады. Балансталмаған инфляцияда әртүрлі тауарлардың баға қарқыны әртүрлі болады.

Инфляцияның бірнеше негізгі салдары бар. Біріншіден, қоғамдағы табыстарды:

а) кәсіпорын-монополистерге;

б) қаржылық құрылыстарға (талаулы пайыз бен ақша саудасынан баитын);

в) көлеңкелі экономикаға;

г) басқа салалар мен бөлек тұлғаларға қайта бөлу. Бұл жағдайда тұрақты бекітілген табыс алушылар (зейнеткерлер, студенттер, бюджет саласындағы жұмысшылар) көбірек зиян шегеді. Екіншіден, қатты инфляция жағдайында әдеттегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар бұзылады. Ақша құнын жоғалтады және өз функцияларын орындауды тоқтатады. Тауар айырбас үрдісі бұзылады. Өндіріс қысқарады. Шаруашылық байланыстар үзіледі. Қаржылық алып-сатушылық арта түседі, кәсіпорындар банкротқа ұшырайды, қоғамдық-саяси ретсіздік және т.б. орын алады.

Антиинфляциялық саясат – ақша айналымын реттеу, ақша көлемін қысу және

тауар бағасының тез көтерілуін тоқтату мақсатында қабылданған мемлекеттің бағытын таңдап және оларды орындалу шаралары. Нарық экономикасы дамыған елдердің антиинфляциялық саясатының негізгі объектісі шығындар инфляциясы болып табылады. Сондықтан осындай саясат бағаларды және табыстарды шектеу және тоқтату, іскерлік белсенділікті несиені қымбаттату жолымен тежеу арқылы жүргізіледі.

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады,

Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатын-да мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді, Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар темендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқьлы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.

Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар

бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-

шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырадьі; инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфлядия осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және

қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез- келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тарысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы

бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталык банк несиесімен каржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша

көлемінін, өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мумкіндік береді.

Төртіншіден сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет

тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл

мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады.

Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор соқтау нормасы артады, ал тұтыну шығыңдары қысқарады.

Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы

мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мумкін. Мамандардың еселтеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]