Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

11.4.Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы.

Салықтар – бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мемлекет пен жергілікті бюджетке міндетті төлемдері. Салық жүйесі – қаржылық құралдарды жинау әдістері мен нысандарының жиынтығы.

Салық салудың принциптері:

1. Салық салудың жүйесі келесідей құрылуы қажетті: мемлекеттің оны ұстауға шығыны, соңдай ақ сол төлем төлеу тәртібімен байланысты салық төлеушінің шығыны максималды төмен болу керек;

2. Салық ауырпалығы салық төлеушінің экономикалық белсенділігін төмендетпеуі тиісті;

3. Салық алу процессі конъюнктура мен жұмыс бастылығы саясатын жүзеге асыруға ең жоғары дәрежеде көмектесуі үшін ұйымдастырылуы тиісті.

4. салық салу процессі үлкен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету бағытында табыстарды бөлуге әсер етуі тиісті;

5. Салық құрамдастырымы әрбір салықтың өзінің нақты мақсаты болатын біртұтас жүйені құрауы тиісті;

6. Жеке адамның «салық төлеуге қабілетін» анықтау кезінде азаматтың жеке өміріне қатысты ең аз деректерді көрсетуін талап ету қажетті.

Салықтардың түрлерін келесі бес қасиеттері бойынша жіктеледі:

  1. Салықтарды салу объектісі бойынша:

а) табыс салығы;

б) мүлікке салынатын салық;

в) нақты қызметтің және тауардың тұтынушының шығындарына салынатын салық.

2. Алу тәсілдері бойынша тура (табысы төлеушіден немесе мүлік иесінен тікелей алынатын салық) және жанама (нақты тауарлардың бағасына қосылады және осы тауарларды тұтынушыларынан оларды сатқанда алынады – акциздер және кедендік баж) салықтар болады.

3. Мөлшерін анықтау сипатына қарай салық негізгі үш жүйеге бөлінеді.

а) пропорционалды салықтар – табыс, шығын сомасына немесе мүлік құнына байланысты емес және өзгермейтін пайыз ставкасымен;

б) прогрессивті салықтар – ставкасы табыстың артуына байланысты өсіп отырады;

в) регрессивті салықтар - ставкасы табыстың артуына байланысты төмендеп отырады.

4. Cалық сомалары түсетін бюджет деңгейі бойынша – жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

5. Пайдалану тәртібіне қарай жалпы салықтар (мемлекеттің біртұтас қорына жиналатын) және мақсатты, немесе арнаулы, нақты міндеті бар, салықтар бөлінеді.

Мемлекеттік бюджеттегі салықтың таза қорының өсіп артуы мемлекеттік кәсіпорындарды және жеке бизнесті мемлекеттік инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор таза ұлттық өнім өзгерісінің салықтық түсімдердің өзгерісіне қатынасымен анықталады.

Алайда, мемлекет фирма табысына салық ставкасын тым жоғарлатса, фирмалардың капитал салуға стимулы төмендейді. Бұл жағдайды Лаффер қисығы графигі бейнелейді (14.3 сурет).

14.3 сурет - Лаффер қисығы

Мұндағы R – салық ставкасы, Y – мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер.

Басында салық ставкасы өскенде бюджетке түсетін түсімдер де артады. Бірақ салық ставкасының тым өсуі кәсіпорынның дамуын тежейді, ал егер салық ставкасы жүз пайыз болса, кәсіпкер өзінің кәсіпорындарын қандай-да бір ынталандырулардың болмауына байланысты жауып тастауы мүмкін, соның нәтижесінде бюджетке түсетін түсімдер де мүлде тоқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]