Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дАРЫС.doc
Скачиваний:
192
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
686.59 Кб
Скачать

13 Тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

13.1.Мемлекеттің аймақтық саясатының мәні және іске асыру механизмы

Аймақтық саясат – елдің аймақтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын мемлекеттік басқарудың мақсаттар мен талаптар жүйесі.

Аймақтық саясаттың мақсаты – маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру, проблемдық аймақтарды ішінара (выборочный) қолдау арқыры аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды азайту.

Аймақтық саясаттың қағидаттары (принципы):

- Республикалық мүдделердің аймақтық мүдделерге қарағанда басымдылығы (приоритетность); келешектік мүдделердің ағымды мүдделерден басымдылығы;

- территориялық орналасу ерекшеліктерің есептеу арқылы аймақтын табиғи байлығын тиімді пайдалану;

- аймақтағы шаруашылық жүргізетің субъектілірдің кәсіпкерлік қызметің мемлекеттік ынталандыру механизмің қалыптастыру арқылы проблемдық аймақтарды ішінара қолдау;

- мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар аймақтарды басымдылық дамыту.

Аймақтық саясаттың міндеттері:

- аймақтардың теңгерімділікті (сбалансированное) және үдемелі (поступательное) дамуын қамтамасыз ету;

- проблемдық шағын қалаларға және алысталған депрессивтік ауыл аудандарына мемлекеттік қолдау жасау;

- елдің қаупсыздығын камтамасыздандыру үшін шекаралық аудандардың экономикалық потенциалың күшейту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

- орталық және жергілікті басқару органдар арасындағы қатынастарды ары қарай жетілдіру;

- елдің территориясында тұғындарды рационалды орналастыру.

Проблемдық аймақтарға қолдау және көмектесу үшін құралдарды жіберуді анықтайтын аймақтық саясаттың басымдылықтары:

- мемлекеттік және аймақтық экономикалық дамудың стратегиясына сәйкес прблемдық аймақтарда жасалатын құрылымдық өзгерістер;

- аймақтың ішінде және сыртында өнімнің өндірісінің және өткізуінің өсуіне әкелетін кәсіпкерлікті дамыту, жұмысбастылықты арттыру, жаңа жұмыс орындарың қалыптастыру;

- өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

- елдегі барлық қызмет түрлнрінің экологиялық қауыпсыздығың қамтамасыздандыру;

- кедейлік пе жұмыссыздықты төмендету.

Аймақтық саясаттың механизмі келесімен байланысты:

1. әкімшілік-құқықтық механизмі, яғни аймақты дамытуға мақсатталған заңдарды қабылдау. Алдымен басқару деңгейлердегі функионалдық өкілеттіктерді (полномочия) анықтап айыру (разграничение), бюджетаралық қатынастарды реттеу.

2. инвестициялық саясатты жүргізу. Инвестициялардың бағыттары: көліктік инфрақұрылымды қалыптастыру; электроэнергиямен тұрақты жабдықтау; сумен, жылумен, отынмен қамтамасыздандыру; білім беру, деңсаулық сақтау жүйелерің дамыту, ғылыми зерттеулерді, инновацияны дамыту.

3. аймақтық проблемаларды шешу үшін бюджеттік құралдардан жеке жоба мен бағдарламаларды қаржыландыру

13.2.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару теориялары

Аймақтық дамуды мемлекеттік басқарудың теориялық негізі – орналастыру (размещение) теориясы және аймақтық өсу теориясы.

Орналастыру теориялары әртүрлі факторларды есептеп бір немесе бірнеше кәсіпорындарды орналастыру үшін оптималды орын табуға негізделген. Осы факторлар:

Өнімді өндіру мен сату шығындары;

Сұраныс пен бағалардың аумақтық (территориальные) айырмашылығы;

Баламалы (альтернативный) технолгоияларды пайдалану мүмкіндіктері;

Салықтық, әкімшілік, эконолиялық тәртіптемесі (режим);

Қалаптасқан нарықтық және технико-технологиялық инфрақұрылымның әсері;

Өнім өмірінің кезеңдері және фирманың даму кезеңдері.

Оңтайлы (оптимальный) орналасудың критерий ретінде кәсіпорынның пайдасының өсуі шығады.

Аймақтық өсу теорияларында аймақтың экономикалық өсу факторлары, оған аймақтық мамандану, масштаб эффекті, сыртқы экономикалық қызметтің, еңбек пен капитал миграциясының, аймақтың институционалды құрылымының әсері зерттеледі.

Осы теориялардың ішінде екі бағыт бөлінеді: неоклассикалық және кумулятивтік (скопление, накопление) өсу теориялары. Неоклассикалық теория бойынша өндіріс факторлардың оңтайлылығы (мобильность) арқылы аймақтар дамуының теңдесу (выравнивание) процессі стихиялық қалыптасады. Жоғары дамыған аймақтарда пайда бірте бірте азаяды, сондықтан капитал басқа аймақтарға көшуге мәжбүр. Бұл үшін мемлекеттік қатысу қажетті емес.

Кумулятивтік өсу теориялары бойынша, әлеуметтік-экономикалық даму процессінде аймақтар арасындығы айырмашылық кумулятивтік факторлар әсерінде өседі, және тек жаңа еңгізілімнің (нововведение) диффузиясы (равновесное распределение) төмен дамыған аймақтарға жоғары дамыған аймақтарға жету мүмкіндігің береді. Дамыған аймақ даму полюсі ретінде қарастырылады. Осы полюсте экономикалық ресурстар шоғырланады (концентрируются) және басқа аймақтарға өзінің әсерің таратады. Мемлект бұл жағдайда өсу полюстарының дамуын қолдайды, олардың ел территориясында біркелкі (равномерно) орналасуына және диффузиялық процесстердің жандануына (активизация), яғни төмен дамыған әймақтарға істік белсенділіктін тарауына, мүмкіндік жасайды.

Жоғары айтылып кеткен еориялар негізінде мемлекеттің аймақтарды басқаруының үш түрің бөлуге болады.

  1. Белсенді аймақтық саясат. Ол екі вариантты қарастырады:

- инвестициялық қолдау құралдары көмегімен өсу орталықтарды қалыптастыру (ғылыми-өндірістік кластерлерді құру, белсенді құрылымдық саясат);

- төмен дамыған аймақтарды қолдау.

2. Бейімделу (адаптивная) аймақтық саясат. Ол аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамудың бағытын ауыстырмай, табиғи түрінде болып жатқан процессің қолдауды және күшейтуді болжайды. Бұл жағдайда қате жіберу минималды болады, өйткені мемлекеттік реттеу қалыптасқан беталыс (тенденция) ішінде жүргізіледі.

3. Пассивті аймақтық саясат. Ол аймақтарды ағымды бюджеттік қолдауға бағытталады және неоклассикалық бағытқа негізделген: ресурстардың аймақаралық оңтайлылығы (мобильность) негізінде табиғи теңдесу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]