Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Адам – ардақты ат Жанұямның әлемі

1. Оқыңыз, аударыңыз.

Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда тоғыз адам бар. Біз тату тұрамыз. Атым – Райхан, жұмысшымын. Өндірісте жұмыс істеймін. Отбасымыздың басшысы – атам. Менің атам – зейнеткер. Атам – еңбек ардагері. Әжем – зейнеткер. Әжем жиырма жыл ұстаздық еткен. Көкем – дәрігер. Ауруханада істейді. Апам – дәрігер. Емханада істейді. Ағам – жұмысшы, институтта сырттай оқиды. Әпкем - әнші. Ол бала кезінен ән салуды ұнататын. Сіңілім – студент, педагогикалық институтта оқиды. Інім – мектеп оқушысы. Әпкем – тұрмыста. Оның бала - шағасы бар.

2. Үлгі бойынша жауап беріңіз.

Сіздің отбасыңыз қайда тұрады? Әкеңіз кім?

Сіздің отбасыңызда қанша адам бар ? Шешеңіз кім?

Әкеңіз (шешеңіз) қайда жұмыс істейді? Үлкен ағаңыз кім?

Сіздің отбасыңыз бос уақытында немен

шұғылданады? Тете ағаңыз кім?

Саяхатқа қайда барасыздар ?

Әпкеңіз кім? Олардың аты кім?

3. Оқыңыз, әңгімелеңіз. Отбасы

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.)бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.

Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары қайта жаңғыруда.

4. Мақал – мәтелдерді жаттаңыз

Ата-ананың сөзін жерге тастама,

Байып алсаң – менмендікке бастама. (М. Қашқари)

Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер –

Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер. (Ю. Баласағұни)

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса бала – солардан. (Ю. Баласағұни)

Сөз басы – сәлем

Сәлем беру - әдептіліктің белгісі. Амандасу – кездескен адамнын амандығын білу, жақсылық тілеу.

Адамдар бір-бірімен ашық – жарқын амандасуға тиіс.

Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің белгісі.

Амандасу түрлері мыналар:

  • Сәлем!

  • Сәлеметсің бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Амансың ба?

  • Амансыз ба?

  • Ассалаумағаллейкүм!

  • Уағалейкүмассалам!

Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Амандасу жолдарын біліп алыңдар, бір-біріңмен сәлемдесіңдер.

3. Өздерің осылай амандасатын едіңдер ме?

Әдеп сақтау

Әдеп – тәртіп деген сөз. Бұл – халықтық ұғым. Әдеп сақтаудың қоғамдық мәні бар. Әдеп сақтау - әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасқан ережесін мүлтіксіз орындау. Әдепті болу үшін кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу керек. “Әдептілік - әдемілік ” дейді халық. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезіну керек. Жақсылықты сезінбейтін адамды “ұятсыз” дейді халық.

Өз кемшілігін түсініп , оны түзетуге тырысатын адамды “ұяты бар” дейді. Сондықтан жас кезден бастап әдеп сақтауға үйрену керек.

Тапсырма:

1. Әдеп дегеніміз не?

2. Әдепті адам қандай болады?

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Сын есім

Заттың түрін, түсін, сынын, сипатын білдіретін сөз табын сын есім деп атайды. Сұрақтары: қандай? қай?

I. Мағынасына қарай

Түрлері

Мысалдар

1. Сапалық,

ақ, қара, жеңіл, үлкен

2. Қатыстық

тұзды, арманды, ақшалы

II. Тұлғасына қарай

1. Негізгі

жақсы, әдемі, кең, суық

2. Туынды

қысқы, таулы, сынық, өткір

III. Құрамына қарай

1. Дара

кіші, тар, нәзік, мол

2. Күрделі

ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман