Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Теміртау

Арқаның алыбы Теміртау – сәнді қалалардың бірі. Бір үлгімен салынған үш қабатты тас үйлері бар. Көшенің екі жағы толған қайың, қарағай, емен, шырша. Қаланың нақ ортасында - саябақ. Металлургтер сарайы, кинотеатр, пошта – телеграф, дүкендер.

Шет жағында мұржалары аспанмен тілдескен зауыттар.

Нұра өзенінен бұрып әкелген Cамарқант көліне көзің тоймайды.

(З. Шашкин)

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңіздер.

2. Сөйлемнен етістіктерді тауып, астын сызыңыздар.

3. Теміртау қаласы Қазақстанның қай облысында орналасқан?

Ата Заңымыз

1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Конституция 98 баптан тұрады. Конституцияда Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп аталған.

Қазақстан Республикасы – біртұтас мемлекет. Оны Президент басқарады. Президентті бүкіл халық сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тапсырма:

1. Мәтінді оқыңыздар

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы, қай айда қабылданды?

3. Президентті кімдер сайлайды?

Халқымыздың қасиетті рәміздері

Әрбір отбасының, әулеттің, рудың ұлттық, дәстүрлік, салт-саналық рәміздері болады.

Халқымыздың сол қасиетті рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран, сарбаздық ұрандар мен айырым белгілер.

Егеменді Қазақстан әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел. Еліміздің қасиетті рәміздері – Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын жас ұрпақ қастерлеп, құрметтеуге тиіс.

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар, түсінгендеріңізді әңгімелеңіздер.

2. Халқымыздың қасиетті рәміздеріне нелер жатады?

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Жаңа Астана

Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан бұрынғы Ақмола қаласы жаңа мәртебеге ие болды. Ол – қазір Қазақстанның жаңа астанасы. Мәртебесіне сай аты да Астана болып өзгерді. Мұнда алып құрылыстар жүріп жатыр. Қаланың оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан Елбасының Резиденциясы ерекше көзге түседі. Оның басты ерекшелігі – ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты.

Астанадағы жаңа ғимараттар мен әсем үйлерді салуға шетелдік фирмалар мен қоғамдар көп көмек көрсетті. Мысалы, қаланың ортасындағы бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйін Туркияның «Исот» фирмасы салған. Ал түріктің «Финтрако» компаниясы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының ғимаратын салып берді.

Қаланы көріктендіруге Қазақстанның барлық облыстары көмек беруде.

(“Егемен Қазақстан” газетінен)

Сөздік:

жаңа мәртебеге ие болды – приобрел новый статус

мәртебеге сай – в соответствии со статусом

алып құрылыстар – великое строительство

көріктендіру – благоустройство

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын түсініп алыңыздар.

2. Жаңа астана туралы тағы не білесіздер?

3. Мәтіннен сын есімдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

4. Сын есімнің тағы қандай жұрнақтарын білесіздер?

Ана - өмір шуағы.

Ана - өмірдің шуағы. Әрбір адамзатқа ең қымбатты да киелі жан-ана. Әр адам анасын құдайындай сыйлауы тиіс. Баласы үшін ана бәріне де дайын. Отқа да, суға да түседі. Бала ананың еңбегін ақтау керек.

Дүниеге баласы шыр етіп түскенде ананың қуанышында шек болмайды.

Шіркін, ананың айналып – толғанғаны, оның алғашқы әлдиі өмір-бақи жадында қалады.

«Ана көңілі балада». Ана қандай қиындық болса да баласын бағып-қағып өсіреді, мәпелейді.

«Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың», - дейді халық даналығы. Ананың еңбегі еш нәрсемен өлшенбейді, ана еңбегі өлшеусіз.

Тапсырма: Мәтінді оқыңыз, етістіктерді тауып астын сызыңыз, орыс тіліне аударыңыз.