Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - сот жүйесінің ең жоғары тармағы (буыны). Жоғарғы сот төрағадан, коллегиялар төрағаларынан, тұрақты судьялардан тұрады. Олардың жалпы санын Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы бойынша Президент белгілейді.

Жоғарғы Сот органдары: пленум, төралқа, азаматтық істер жөніндегі коллегия, қылмыстық істер жөніндегі коллегия, шаруашылықдаулар жөніндегі коллегия, әскери коллегия және ғылыми-консультативтік кеңес болып табылады.

Жоғарғы сот пленумы сот практикасын талдайды, пленум хатшысын, ғылыми-консультативтік кеңес сайлайды. Сонымен қатар заңды және басқа нормативтік актілерді қолдану туралы материаолдарды оқып біледі.

Жоғарғы сот төралқасы сот төрағасынан, коллегиялар төраға-ларынан тұрады. Төралқа отырыстары айына екі рет өтеді. Жоғарғы сот төралқасы сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау мәселелерін қарайды, коллегия төрағаларының хабарларын және есептерін тыңдайды.

Жоғарғы сот төрағасы сот төрағасы болып табылады және сот жұмысын ұйымдастырады. Ол уақытша болмаған жағдайда, өкілеттігін оның бұйрығы бойынша коллегия төрағаларының бірі орыңдайды.

Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қандай мәртебеге ие?

2. жоғарғы Сот органдары қандай?

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы кім?

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Қазақ конституциясының тұңғыш жобасы

Революцияға дейінгі Қазақстанда конституция қабылдау, тәуелсіз мемлекет құру қажеттігі туды. Ең бірінші болып Қазақ Конституциясының Жобасын жазған адам Барлыбек Сыртанов.

Ол 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген. Өте білімді адам болған. Атқарған қызметі өмірдің көп саласын қамтыған. Атқарған қызметі өмірдің көп саласын қамтыған. Құқықтық мемлекет құруға атсалысқан. Еңбектерінің ең құндысы Қазақстанда Республика құрудың /конституциясын/ жасау болып саналады. Қолжазбада конституция деген терминнің орнына устав деген термин қолданылған. Оның себебі Ресейдің ой-пікірінің тікелей ықпалында болды. Ол кезде Ресейде Конституция деген ұғым, устав, ереже деген терминмен берілетін. Устав баптарының мазмұны терең. Кейбір баптары осы күнге дейін өз мәнін жоймаған. Устав қазіргі егемен Қазақстан Конституциясымен салыстырылды. Оның маңызды идеялары қазіргі Қазақстан Конституциясында пайдаланылған.

Тапсырма:

1. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қандай заңгерлерді білесіз?

2. Алматыдағы заңгерлерді дайындайтын қандай оқу орындарын атай аласыз?

Тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар:

Кодекс –латынның «кітап» деген сөзінен шыққан. Әр түрлі заңдарды біртұтас жинақ қылып шығарғаңдықтан кодекс деп аталып кеткен. Қысқартып айтсақ, Қылмыстық кодекспен тыйым салынған әрекеттер-қылмыс болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодекстің демократиялық мемлекетке сәйкес жақтары бар. Бұрынғы заңдарда өлім жазасы көп айтылса, бұл заңда көптеген жағдайда азайтылған. Жаңа Қылмыстық кодексте адамды түрмеге отыргызбай-ақ жазалау түрлері бар. Әрине, әрбір қылмысқа берілер жазасы бар. Түрме көп жағдайда адам баласын түзетеді деген, әрине, қате пікір. Бұрынғы Қылмыстық кодексте жалпы және ауыр қылмыс деп қылмыстың тек екі ғана түрін қарайтын, жаңа Қылмыстық кодексте қылмыс түрлерін бірнеше санаттарға бөлген. Онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар, ерекше ауыр қылмыстар. Қамау жазасы алғашқы екеуіне қолданылуы мүмкін. Әскери қызметтер бойынша шектеу жазасы тәртіптеуші әскери бөлімдерде ұстау арқылы жүзеге асырылады.Әскери адамдар болса, оларды әскери шенінен айырады. Қазіргі жаңа заңдар бойынша өлім жазасын қолдану азайтылған.

/”Заң” газеті/

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Бір-біріңізге сұрақтар қойыңыздар.