Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Іскерлік кездесу

Оқыңыз.

Қазыбек бидің елшілікке баруы.

«Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым қаракесек.

Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз. Қазақ, қалмақ табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге таңысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз, берсең, бітіміңді айт, бермесең жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт»

А) Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз

а) Табысқалы

ә) Танысқалы

б) Шабысқалы

Ә) Сызықша орнына қажетті сөзді қойыңыз

Біз қазақ деген --- елміз

а) мал баққан

ә) балық баққан

б) аю баққан

Ә) Ешбір дұшпан --- елміз Б) Басымыздан --- елміз

a) cөз асырмаған а) басынбаған

ә) күш асырмаған ә) сыйламаған

б) жау асырмаған б) қорықпаған

В) Дәм, тұзды --- елміз Г) Біз, қазақ --- елміз

а) сыйлай білмеген а) әнші, ақын, өнерлі, батыр

ә) ақтай, сыйлай білген ә) надан, мақтаншақ

б) құрметтей білмеген б) жалқау, еріншек

Сабақты қорытындылауға арналған

лексико – грамматикалық тест.

1. Дұрыс сөзді таңдаңыздар

Қазақ елінің рәміздеріне... жатады

а) байрақ, жалау, жалауша

ә) таңба, белгі, мөр

б) ту, елтаңба, әнұран

2. Қазақ елі туының түсі... 3. Зеңгір көк... белгісі

а) қызыл а) адалдықтың, тазалықтың, аспанның

ә) сары ә) қуаныштың, жеңістің

б) көк б) жамандықтың, бейбітшіліктің

4. Күнге табыну... дүниеге келген 5. Күн бейнесі...белгісі

а) батыста а) бақыттың

ә) солтүстікте ә) уақыттың

б) шығыста б) қуаныштың

в) еркіндіктің

6. Ұлттық өрнек қазақ елінің...білдіреді

а) өнерін, танымын, шеберлігін

ә) бақытын, татулығын

б) байлығын, берекесін

7. Ел таңбадағы шеңбер...белгісі

а) тіршілік, шексіз өмір

ә) геометриялық фигураның

б) қуаныштың

8. Қай сөйлемде «ақ» сын есім

а) Ирландия туы – жасыл; ақ және қызыл сары түстерден тұрады

ә) көктемде ақ мол болады

б) бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық

9. Қазақ халқының ұлттық бояуы қай түстер?

а) қызыл

ә) сары

б) көк, жасыл

в) ақ, қара

Сөйлем мүшелері

Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді және сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейді. Сөйлем мүшесі болу үшін, ең алдымен, бір сұраққа жауап бере алатын толық мағыналы сөз я сөз тізбесі болу керек, екіншіден, ол сөйлемде қолданылуы керек, сөйлемнен тыс сөйлем мүшесі болмайды, үшіншіден, сөйлемдегі сөздер грамматикалық байланысқа түсуі қажет.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді.

Бұлардың ішінен сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүше дейді, өйткені бұл екі тұрлаулы мүшесіз сөйлем құралмайды, ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышсыз сөйлем бола береді, бұлар сөйлемде айтылған ойды толықтыра, кеңейте түседі, сондықтан оларды тұрлаусыз мүшелер дейді.

М: Балалар ойнап жүріп ағаштың ішінен бір құстың ұясын көреді.

1. Балалар көреді – тұрлаулы мүше, қалғандары – тұрлаусыз мүшелер.